А. А. Роде топырақ ылғалының бес категорияның ажыратады



бет4/6
Дата06.06.2023
өлшемі37.02 Kb.
#474756
1   2   3   4   5   6
Дәріс 7

Оттегінің өсімдіктер мен топырақтың тіршілігінде маңызы өте зор. Топырақта еркін немесе бос оттегі болмағанда өсімдіктердің өсіп-өнуі тоқталады, оптималды жағдай – шамамен 20% оттегі болғанда. Топырақта оттегі жетіспеген жағдайда өсімдіктерге улылығы бар қосылыстар пайда болады, қоректік заттардың мөлшері азаяды, топырақтың физикалық қасиеттері нашарлайды, осының салдарынан оның құнарлығы және өнімділігі төмендейді.
Топырақ ауасында көмір қышқыл газы концентрациясының жоғары болуы тұқымның өнуімен тамырлардың дамуына теріс әсер етеді. Көмір қышқыл газының бірсыпыра мөлшерін өсімдіктер фотосинтез кезінде пайдаланады, оны тыныс алуы процесінде топырақ қамтамасыз етеді. Сондықтан СО жаңадан белсенді пайда болуына және жақсы газалмасуына жағдай жасау өте маңызды.
Көмір қышқылының топырақтың минералдық бөлігінің мүжілуінде және қоректік заттардың жиналуында да үлкен мәні бар. СО2 қаныққан топырақ ерітіндісі оның көптеген қосылыстарына ерітуші бағытта әсер етеді.
Ауа режимін жақсарту әсіресе топырақтың шамадан тыс ылғалданған аудандарда маңызды. Оңтайлы ауа режимін жасауда оның физикалық қасиеттері мен құрылымын жақсартудың үлкен маңызы бар.
6 Топырақтың ауа қасиеттеріне ауа сиымдылығы және ауа өткізгіштігі жатады.
Ауа сиымдылығы —  бұл топырақтың ауамен толған бөлігі (сол уақыттағы ылғалдылықта), егер оның шамасы топырақ көлемінің 25% аспаса оңтайлы аэрациясы қамтамасыз етеді.
Ауа өткізгіштігі —  топырақтың өз бойынан ауаны өткізу қабілеті. Бұл топырақпен атмосфералық ауаның газ алмасуындағы негізгі шарт және ол неғұрлым толық байқалса, соғұрлым газ алмасуы жақсы, ал топырақта оттегі мөлшері көбірек, көмір қышқыл газы азырақ болады.
Топырақ ауасының атмосфералықпен алмасу процесін аэрация немесе газ алмасу деп атайды. Газ алмасуға әсер ететін факторлар: диффузия, топырақ температурасының өзгеруі, барометрлік қысым, топырақтағы ылғал мөлшері, желдің әсері, жер асты сулары деңгейінің өзгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет