А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
рег.учет. зем.

 
 Бақылау сұрақтары:
1. Жер теліміне анықтама беріңіз.
2. Жер пайдалану жəне жер иеленуге анықтама беріңіз.
3. Жер алқаптарының түрлерін айтыңыз.
4. Алқап дегеніміз не?
5. Жыртылған жер дегеніміз не?
6. Көп жылдық көшеттер дегеніміз не?
7. Шабындық пен жайылымның анықтамасын беріңіз.
8. Тыңайтылған жер дегеніміз не?
4.3. Жерді есепке алудағы кадастрлық мəліметтерді алу, 
өндеу жəне талдау əдістерінің жаңа технологиясы
Жер кадастрын жүзеге асыру үрдісінде еліміздің біріңғай жер 
қорының құқықтық жайын, табиғи жəне шаруашылық жағдайлары 
мен жер пайдаланудың əртүрлі ақпараттарын жинайды, үйренеді 
жəне талдайды. Бұл ақпараттардың дұрыстығы мен толықтығы
оны алу тəсілдеріне байланысты.
Бұл мақсаттар үшін, халықшаруашылық есебіне белгілі амал-
дар, сондай-ақ жер кадастрына ғана тəн жəне бірінші кезек-


82
те графикалық ерекше тəсілдер қолданылады. Соңғысы, дұрыс 
ақпараттардың алынуы үшін негіз болады.
Оның мəні мынадай, жер кадастрдың объектісі ретінде, бəрінен 
бұрын, кеңістік өлшемдері жəне жағдайларымен сипатталады.
Оның сандық жəне сапалық көрінісі үшін, кеңістікте есеп теліне-
тін (анықталатын) заттың (мəннің) тиісті өлшемдерін жүзеге асыру, 
яғни жергілікті жерде арнайы түсірістер мен тексерулерді жүргізу 
талап етіледі. Қағазда тиісті масштабта, графикалық тəсілдермен 
алынған нəтижелер негізінде, сол жергілікті жермен бірдей, жоспар-
лы–картографиялық құжат (жоспар, карта) алынады. Бұл жоспарда 
(картада) қандай мəндер көрсетілгендігіне байланысты, олар, мыса-
лы, топырақ, геоботаникалық жəне т.б. түрлерге бөлінеді.
Кешенді жоспарлы-картографиялық мəліметтер, онда мəлімет-
тердің бəрі бейнелеп көрсетіледі (кескінделеді), жер кадастры 
үшін (жер-кадастрлық карта) қажетті болуы мүмкін.
Жоспарлардың (картаның) масштабы кадастрландыратын 
аумақлардың (жер пайдалану, облыс, аудан аумақ жəне с.с.) өл-
шемдеріне, атқаратын қызмет жүгіне, мазмұнына байланыстығы 
түрліше болуы мүмкін. 
Жер кадастрының мақсаттары үшін аумақтарды картаға түсіру 
картографияның жəне геодезияның тиісті əдістеріне сүйінеді 
(құрылады).
Жоспарлы-картографиялық мəліметтер қашанда, қазіргі заман 
дəрежесіне лайықты болуы керек. 
Бұл мақсаттар үшін, оларға түзету жүргізіледі, яғни бұл жер 
жағдайында болып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде анық тайды 
жəне жоспарға (картаға) енгізеді. Жер кадастрының жоспарлы-
картографиялық мəліметтеріне нақты талаптар ұсынады. Олар 
жердік кеңістік жағдайын, сапалық жағдайын жəне пайдалануын 
сипаттайтын жергілікті жердің барлық элементтерін қамтамасыз 
етуі керек.
Жергілікті жердің барлық элементтері жоспарларда жеткілікті 
дəлдікпен жəне толықтықпен бейнеленеді (кескінделеді).
Кадастр жəне жерді ұтымды пайдалану мақсаттары үшін су-
ретке түсірулер мен тексерулер жүргізіледі. Суретке түсірулер: 
жердегі (құрлықтағы), аэрофототүсіріс, аэроғарыштық сияқты 
түрлерге бөлінеді.


83
Жердегі түсіріс (теодолиттік, мензулдық жəне т.б.) аэрофо-
тотүсіріс мəліметтері болмаған жағдайда, онша үлкен емес аудан-
дарда қолданылады. Ол, жердің құрамы мен пайдалануындағы 
күнделікті өзгерістерді есепке алу барысында қолданылады. Қазіргі 
кезде жер кадастрында аэрофототүсірістер кеңінен қолданылады. 
Ол біршама қысқа уақыт ішінде еліміздің барлық аумағының 
жағдайы мен пайдалануын сипаттайтын, жергілікті жердің барлық 
элементтерін егжей-тегжейлі бейнелейтін қажетті жоспарлы ма-
териал алуға мүмкүндік береді. Кадастырда аэрофототүсірістің 
əртүрлі түрдегі (аэрофотосуреттер, фотопландар жəне с.с.) жос-
парлы мəліметтері қолданылады.
Аэрофототүсіріс мəліметтері аудандары бойынша үлкен 
емес жер пайданушыларды, соның ішінде үй іргелерін есепке 
алу барысында да қолданылады. Жеке жер пайданушылар жерін 
есепке алу барысында жер пайдаланудың фотопландары жəне 
фотопланшеттері қолданылады. Олардың масштабтары жер пай-
далану өлшемдеріне, алқаптар контурлылығына жəне с.с. байла-
нысты түрліше болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта аэроғарыштық əдістер, соның ішінде опти-
калық жəне инфрақызыл диапозонда көпспектрлік түсірістер мен 
радиолокациялық түсірістер көмегімен жер ресурстарын жан-
жақты үйренудің нақты (ашық) мүмкіндігі туды.
Бірінші əдіс əртүрлі жер телімдерінің, жер бедері мен т.б. 
дымқылдану жəне тұздалуы дəрежелері, топырақ жəне өсімдік 
жамылғылары туралы мəліметтер алу үшін қолданылуы мүмкін. 
Радиолокациондық түсіріс əдісі жердің (территорияның) 
топографиялық картасын жасау мəселелерін шешуге мүмкіндік жа-
сайды, тереңде жатқан жерасты суларын жəне су тұтқыш қабаттарды 
анықтайды, топырақтың ылғалдану дəрежесін бағалайды, қар 
жамылғысының қалыңдығы мен ондағы су қорларын анықтайды. 
Ол табиғи мал азықтық алқаптардың өсімдіктері жəне егістіктің 
жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Аэроғарыштық 
түсіріс, əсіресе, үлкен аудандарда жер кадастырын жүргізу жəне 
жер ресурстарын үйрену барысында кеңінен қолданылады. 
Жерлерді тексеру-жер кадастрлық мəліметтерді алу үшін 
үлкен мəнге ие. Олар жер алқаптарының нақты жағдайларын 
анықтауға мүмкіндік береді жəне оларды ұтымды, қарқынды 


84
(интенсивті) пайдалану мүмкіндігін анықтайды. Жерлерді тексеру: 
агрошаруашылық жəне арнайы болып екі негізгі түрге бөлінеді.
Агрошаруашылық тексерулер барысында жер алқаптарының, 
олардың сыртқы белгілері бойынша сапалық жағдайлары туралы 
керекті мəліметтер алынады. Бірақ, бұл белгілері бойынша жер 
алқаптары сапасының жан-жақты сипаттамасын алуға болмай-
ды. Бұған байланысты арнайы: топырақ, геоботаникалық жəне 
мелиоративтік тексерулер жүргізіледі. Топырақты тексеру бары-
сында, топырақты сипаттайтын, олардың негізгі табиғи қасиеттері 
бойынша мəліметтер мен мəліметтер алынады. 
Геоботаниклық тексерулер табиғи малазықтық алқаптарда 
(шабындық, жайылым) өсіп жетілетін өсімдік топтарының құралы 
мен сапасы туралы мəлімет береді.
Олар малазықтық алқаптардың типтерін анықтауға жəне 
олардың өнімділіктерінен сипаттама алуға мүмкіндік береді.
Мелиоративтік тексерулер барысында жер алқаптарының 
мəдени-техникалық жағдайлары, ылғалдану дəрежесі, жерасты 
суларының орны жəне т.с.с. анықталады.
Жер кадастрында аумақтарды аудандастыру жəне жерлерді 
экономикалық бағалау мақсаттарымен ауылшаруашылық кəсіп -
орындарында экономикалық-статистикалық тексерулер жүр-
гізіледі.
Жер кадастрында:
1. Жердің кеңістікте орналасуын, жер пайдалануын жəне 
алқаптарын сипаттайтын əртүрлі түсірістің жоспарлы – карто-
графиялық мəліметтері;
2. Жер пайдалану құқығын негіздейтін жəне жер пай да-
ланушылардың жер аудандары мен орналасуы мəліметтерінен 
тұратын жер бөліп беру құжаттары мен жоспарлы-картографиялық 
мəліметтер;
3. Жерлердің кеңістік жағдайларын, үлестірулерін жəне пайда-
лануын сипаттайтын ауданның, облыстың жерге орналастыру сыз-
балары, жер ресурстарын пайдалану бас сызбаларының құжаттары 
мен жоспарлы-картографиялық мəліметтері;
4. Ауылшаруашылық жерлерін жоспарлау құжаттары мен 
жоспарлы-картографиялық мəліметтер; 


85
5. Жердің кеңістік жағдайлы орны жəне шаруашылықаралық 
үлестірулер мəліметтерінен тұратын шаруашылықаралық жерге 
орналастырудың жобалары мен басқа да құжаттары;
6. Ауылшаруашылық кəсіпорындарының ішкі шаруашылық 
жерге оналастыру жобалары мен басқа құжаттары, олардың жер 
пайдалануын, алқаптарын жəне ауыспалы егістіктерін орналасты-
ру мен кеңістік жағдайлары туралы мағлұматтар; 
7. Орман шаруашылық кəсіпорындарының кеңістік орнала-
стыру өлшемдері жəне пайдалануы туралы мəліметтерден тұратын 
орман шаруашылығын құру (орналастыру) жоспарлары мен 
мəліметтері;
8. Қала шектерінің шегіндегі жер алқаптарының өлшемдері, 
жағдайлары жəне пайдалануы туралы мəліметтерден тұратын, 
қала жерінің жер шаруашылық орналастыру мəліметтері мен 
қалалардың бас жоспарлары;
9. Кəсіпорындар мен олардың бірлестіктерінің жерлерінің 
мелиоративтік орналастыру мəліметтері;
10. Ауылшаруашылық кəсіпорындарының тəжірибе станция-
лары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің есепке алу жəне есеп 
беру мəліметтері қолданылады.
Барлық мəліметтер мазмұны, дұрыстығы жəне толықтығы 
жағынан талданады, жер кадастрлық мəліметтерді алу үшін 
өңделеді жəне кейін пайдаланылады.
Ертеде жүргізілген іздестіру жəне тексеру мəліметтері мер-
зімімен жаңаланып тұруы керек, бұл үшін олар жүргізуге тиісті 
бөлінуі қажет.
Жер кадастырында бастапқы ақпараттар кандай болса, арнайы 
ақпараттарды алу, өңдеу жəне талдаудың статистикалық тəсілдері 
де сондай əдістермен жүргізіледі. Математикалық-статистикалық 
əдістер жер кадастрлық көрсеткіштерді, бəрінен бұрын бағалау 
көрсеткіштерді есептеп шығару барысында қолданылады. Жерді 
бағалау барысында жер алқаптарының құралы мен пайдалануы, 
дақылдардың түсімділігі (өнімділігі), өндірістік шығындары, жал-
пы өнімділік, табыстылығы жəне т.б. туралы көптеген мəліметтерді 
жинау жəне жүйелеу жүргізіледі. 
Статистикалық зерттеулер (бақылаулар): дайындық жұ мыс-
тары, мəліметтерді тікелей алу, алынған мəліметтерге бақылау жа-


86
сау, мəліметтерді дайындау жəне жүйелеу, оларды өңдеу сияқты 
кезеңдерден тұрады.
Статистикалық зерттеудің (бақылаудың) негізгі формалары – 
есеп беру жəне сынақ.
Есеп беру – бұл бақылау жасаудың бір түрі, бұнда статистикалық 
органдар белгілі мерзімде тиісті кəсіпорындардан, мекемелерден, 
ұйымдардан белгілі заңды құжаттар түріндегі керекті мəліметтерді 
алады.
Сынақ – бақылау түрі, бұнда статистикалық органдар тексеруді 
белгілі бір күнге арнайы ұйымдастыру жолымен мəліметтерді 
жинайды. Жер кадастрында жылдық есеп беру қарастырылған. 
Кəсіпорындар, ұйымдар жəне мекемелер жыл сайын 15 қарашадан 
кешіктірмей тиісті ауданның (қаланың) атқарушы органдарына 
бірыңғай бекітілген формасы, олардың пайдалануындағы жерлер 
құрамының жыл бойында болған өзгерістер туралы 1 қарашадағы 
жағдайы бойынша есептер береді (тапсырады). Тиісті мемлекеттік 
жерге орналастыру органдары Республика, облыстар, аудандар 
бойынша жерлердің қолда бар жəне бөлу туралы 1 қаңтарға есеп-
тер жасайды.
Жыл сайын бұл есепке (есеп беруге) ауылшаруашылық 
алқаптарының бар болуы (соның ішінде суарылатын жəне 
құрғатылатын жерлер туралы бөлек мəліметтер), олардың түрлері 
жəне жер пайдаланушылар бойынша үлестіру туралы мəліметтер 
мен өткен жылы жеке жəне заңды тұлғаларға бөлінген жерлер ту-
ралы мəліметтер кіргізіледі.
Тіркеу түріне байланысты бақылау күнделікті (үздіксіз) жəне 
үздікті (үзілмелі) деп айырылады. Күнделікті бақылау барысында 
объект жағдайындағы өзгерістері мүмкіндігінше олардың пайда бо-
луымен жүйелі түрде тіркеледі. Оған жер пайдалану құрамындағы 
жəне жер алқаптарындағы өзгерістерді де есепке алу жатады.
Үзілмелі бақылау барысындағы өзгерістер белгілі азды-көпті 
ұзақ мерзімнен кейін жүргізіледі. Олар өз кезегінде мерзімді 
(бірдей уақыт аралығынан кейін үнемі жүргізіледі) жəне бір 
уақытта (қажеттілігіне қарай орындалады) болып бөлінеді.
Үзілмелі бақылауға жерді бағалау жатады, оның мəліметтері 
бес жылда бір рет анықталады, ал бір уақыттағыға – көп жылдық 
көшеттердің сынағы, жерді түгендеу, топырақтық, геоботаникалық, 


87
мелиоративтік тексерулер, жердің жəне жер пайдаланудың түсіріс-
тері жатады. Олар қажеттігіне қарай жүзеге асырылады.
Объектіні қамтуына қарай бақылау жаппай жəне жаппай емес 
болып бөлінеді.
Жаппай қамтуда – объект бірліктері түгел тіркеледі. Бұған: 
жердің бастапқы есебі, бағаланатын аумақтардың барлық шаруа-
шылықтарының ақпараттарын пайдалану арқылы жер бағалау 
көрсеткіштерін анықтаудың жаппай əдісі жатады.
Жаппай емес қамтуда – объект бірлігінің бір бөлігі ғана 
белгіленеді.
Соңғысы өз кезегінде: ішінара, анкеталық, монографиялық 
бақылау болып үш түрге бөлінеді.
Тексеруге ішінара жаппай емес бақылау барысында, зертте-
летін жиынтықтың бірлік бөлігі түседі (тартылады), бұл барыста 
алынған нəтижелер жиынтықтың барлығына қолданылуы (жайы-
луы, таратылуы) мүмкін.
Сұрыптау жасалынатын барлық шаруашылық – басты жиын-
тықты, ал бағалау шкалаларын құру үшін пайдаланылатын 
шаруашылық – ішінара жиынтықты құрайды. Бұл мақсаттарда 
ішін ара бақылау барысында, біріншіден, бөлек бірліктерге 
сұрыптау қатаң, нақты жүргізілуі қажет, екіншіден, ішінара алын-
ған бірліктер саны мүмкіндігінше көп болуы керек.
Зерттелетін құбылыстың түріне байланысты статистикада 
сұрыптаудың: кездейсоқ, механикалық жəне типтік сияқты үш 
түрі белгілі. Кездейсоқ тəсілде тексерілетін бірліктер жеребе бой-
ынша таңдап алынады. Механикалық тəсілде тексеру үшін керекті 
(қажетті) бірліктер барлық жиынтықтан белгілі жүйелікпен таңдап 
алынады, мысалы, бір-біріне берілген арақашықта жəне т.б. Типтік 
сұрыптаудың мəнісі мынадан тұрады, мұнда зерттелетін жиынтық 
алдын ала топтарға бөлінеді жəне олардың ішінде механикалық 
немесе кездейсоқ тəсілмен тексерілген бірлікке керекті мөлшерде 
сұрыптау жүргізіледі.
Ішінара бақылауды жүргізу нəтижесінде алынған мəліметтер 
құбылыстың барлық жиынтығына таратылады, бұл барыста 
əдетте таратудың екі тəсілі: а) тура қайта есептеу; ə) түзету 
коэффициенттері қолданылады. 


88
Тура қайта есептеу тəсілі барысында, ішінара тексерудің ба-
рысында табылған белгінің орташа шамасын басты жиынтықтық 
бірліктерінің санына көбейтеміз.
Түзету коэффициенттері тəсілінің мəні мынада, мұнда жап-
пай жəне ішінара бақылаулардың тиісті мəліметтерін салысты-
ру негізінде айырмашылық пайызы, түзету коэффициенттері 
анықталады. Келесі алынған коэффициенттер жаппай бақылау 
мəліметтеріне енгізіледі.
Түзету коэффициенттері тəсілі жаппай бақылау нəтижелеріне 
бақылау жасау мақсатында ішінара бақылау жүргізілген жағдайда 
қолданылады.
Статистикалық мəліметтерді алу үшін, бақылаудың анкеталық 
түрі арнайы мəселелерді толтыруға негізделіп, қолданылады.
Монографиялық бақылау барысында объектінің бөлек типтік 
бірліктерін зерттеу жəне баяндау (сүреттеу), жаппай (көпшілік) 
тексерулер барысында күрделі мəселелерді көбірек, тереңірек 
жəне егжей-тегжейлі үйренуге мүмкіндік береді.
Статистикалық бақылаудың негізгі тəсілдері: тікелей бақылау, 
құжаттық тəсіл жəне сұрау салу деп бөлінеді. Тікелей бақылау ба-
рысында керекті жер-кадастрлық мəліметтер мен құжаттарды тол-
тыру, түсірістерді жеке қарап шығу жəне жергілікті жерде тексеру 
негізінде жер кадастрлық жұмыстарды жүзеге асыратын арнайы 
мамандар жүргізеді. Бұл тəсіл тым жетілдірілген жəне ең анық бо-
лады.
Бақылаудың құжаттық тəсілі барысындағы керекті мағлұ-
маттардың мəліметтері бірінше кезекте есеп беру жəне əртүрлі 
түрдегі құжаттар болады.
Мысалы, ауданның (қаланың) жер кадастрлық құжаттарын 
толтыру барысында кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне 
мекемелердің есептері, ал жерді бағалау барысында ауыл-
шаруашылық кəсіпорындардың есепке алу жəне есеп беру құжат-
тары қолданылады. Белгілер мəнді жəне мардымсыз деп бөлінеді.
Мəнді белгілер құбылыстың əлеуметтік-экономикалық мəнін 
көрсетеді. Мысалы, шаруашылықтың түрін анықтау барысын-
да олар меншіктік түрі, өндірістік өлшемдері жəне с.с. болады. 
Құбылысты сипаттайтын белгілер сандық жəне атрибуттық болып 
бөлінеді. 


89
Сандық белгілерге сан түрінде көрсетілетін жеке мəндердің 
белгілері, ал атрибуттық белгілерге сондай жеке мəндердің сан-
дарымен көрсетілмейтін белгілері жатады. Өз кезегінде сандық 
белгілер олардың шамалары өзгерістерінің түріне байланысты, 
үздікті жəне үздіксіз болып бөлінеді.
Тек кейбір нақты толық мəндердің ғана қолданылуы мүмкін 
болған белгілер үздікті немесе дискреттік деп аталады (ауданда 
жер пайдаланулар саны, ауылда аулалар саны жəне с.с.). Кез келген 
мəндерде қолдануы мүмкін белгілі бір шектегі, белгілер үздіксіз 
деп аталады (мысалы, түсімділік, жер пайдалану өлшемі жəне с.с.).
Жер кадастырында есепке алу жəне бақылау жүргізу 
нəтижесінде көптеген ақпараттар алынады, оларды өңдеу жəне 
жинақтап қорыту керек, сондықтан жұмыстың келесі кезеңі 
жиналған мəліметтерді жинау жəне өңдеу болады.
Жинақ жалпы жəне топтық көрсеткіштерді есептеуді, типтік 
топтар мен топшаларды сипаттау үшін көрсеткіштер жүйелерін 
алуды, мəліметтерді топтастыруды өз ішіне алады. 
Топтастыру деп зерттелетін құбылыстың жиынтықтағы 
белгілері бойынша маңызды топтар мен топшаларға бөлінуін ай-
тады. 
Топтастыру: типологиялық, аналитикалық жəне құрылымдық 
болып бөлінеді.
Типологиялық топтастыру əлеуметтік-экономикалық типтердің 
сипаттамаларға бөлінуіне бағытталған. Жер кадастырында оған 
жер қорының жер пайдаланушылар категориялары бойынша 
топтастырылуы жатады. Қоғамдық құбылыстар арасында ана-
литикалық топтастыру көмегі арқылы сипатталуы жəне ашы-
лып көрсетілуі мүмкін болған белгілі өзара байланыс пен өзара 
байланыстылық бар, мысалы, мұндай топтастырулар көмегімен 
топырақ бонитировкасы барысында дақыл өнімділігі мен топырақ 
сапасы арасындағы өзара байланыс анықталды. 
Өзара байланысты белгілер, факторлық жəне нəтижелі болып 
бөлінеді.
Факторлық өзгерістерге себепші болатын белгілер жатады. 
Бақылаулардың оған əрекет етуімен өзгеретін белгілер нəтижеліге 
жатады. Мысалы, дақылдық өнімділік – нəтижелі белгі, жердің 
сапасы-факторлық белгі. Жер бағалау барысында аналитикалық 


90
топтастырулар, дақылдардың өнімділіктері арасында өзара байла-
нысты сандық жағынан өлшеу жəне анықтау мүмкіндігін береді, 
бір жағынан, жер сапасы мен экономикалық факторларын, екінші 
жағынан, оның пайдалануын ескере отырып, жерге салыстырмалы 
баға беруге мүмкіндік жасайды.
Топталу белгісі жəне бірнеше белгілері бойынша жүзеге 
асырылған топтасуды жай деп атайды. Егерде топтар айталық 
екі немесе одан да көп өзара байланысқан белгілері негізінде 
бөлінсе, онда мұндай топтастыру құрастырылған деп аталады. 
Жай топталуға мысал ретінде, шаруашылықтардың жер көлемдері 
өлшемдері бойынша топталуы жатқызылуы мүмкін. Егер бұл топ-
тар жер алқаптары аудандарына байланысты топшаларға бөлінсе, 
онда бұл құрастырылған (комбинациондық) топталу болады. Егер, 
мысалы, əрқайсысы бойынша белгілерден үш топ құрылса,онда 
екі белгілердің құрастырылуы тоғыз топты, үш белгілер – 27 топ-
ты жəне т.б. береді. 
Сонымен құрастырылған топталу барысында белгілер саны 
өсуімен топтар саны тез көбейеді. Жер кадастрында, абсолюттік, 
салыстырмалы жəне орта шамалар өлшеу мен сипаттау үшін кең 
қолданылады. Абсолюттік шамалар зерттелетін шаманың жəне 
құбылыстың өлшемдерін сипаттайды. Олар жеке жəне жиынтық 
(жалпы) көрсеткіштерге бөлінеді. 
Жеке көрсеткіштер анықталатын (есептелетін) объектілердің 
жеке белгілерінде бар болған сандық белгілердің өлшемдерін 
көрсетеді. Мысалы, оған фермер жері ауданының өлшемі, жеке 
жер телімінің өнімділігі жəне т.б. жатады.
Жиынтық (жалпы) көрсеткіштер анықталатын қоғамдық 
құбылыстың қорытынды шамаларын көрсетеді (білдіреді). Аб-
солюттік шамаларды анықтау барысында өлшем бірліктерді дұрыс 
таңдау үлкен мағынаға ие. 
Анықталатын құбылыстың табиғи қасиеттеріне лайықты 
өлшем бірліктерді табиғи бірліктер деп атайды (гектар, литр, кило-
грамм жəне т.б.), мəндер бойынша əртүрлі өнімдердің жиынтығын 
көрсету жəне оларды салыстыру үшін, шартты табиғи бірліктер 
қолданылады.
Салыстырмалы статистикалық шамаларды бір-бірімен өзара 
байланысқан абсалюттік шамаларды салыстыру натижесінде 


91
алады. Мысалы, алынған өнімдердің мөлшері оның жоспарлап 
қойған мөлшеріне, мал шаруашылығы өнімдерінің алынуы ауыл-
шаруашылық алқаптарының ауданына жəне т.б. қатысты болады. 
Басқа шамалармен салыстыратын абсолюттік шаманы, əдетте, 
базистік шама деп атайды. Көпшілік жағдайларда салыстырма-
лы шамаларды пайызбен көрсетеді. Базистік шаманы пайызбен 
көрсеткенде 100 қолданылады. Жердің сапасын бағалау барысын-
да балл осыған ұқсас анықталады. 
Салыстырмалы көрсеткіштер нені білдіруіне байланысы, 
олар: жоспардың орындалуы, құрылыстың қарқындылығы, ди-
намика жəне салыстыру сияқты 5 түрге бөлінеді. Орта шама-
лар анықталатын құбылыстың типтік өлшемдерін білдіретін 
көрсеткіштері орта шамалар деп аталады. Орта шаманың мəні 
мынада, ол құбылысқа қорытынды цифрлық (сандық) сипаттама 
береді. Сондықтан ол көбірек таралған қорытынды көрсеткіштер 
болады. Орта шамалар орта арифметикалық, орта гармониялық, 
орта геометриялық, орта квадраттық, мода жəне медиана сияқты 
бірнеше түрге бөлінеді. Жер кадастрында көбірек кеңінен 
қолданылатыны – орта арифметикалық өлшем. Есептеу бары-
сында жер кадастрында орта арифметикалық, орта гармониялық 
жəне мода қолданылады. Жай орта арифметикалық белгінің жеке 
мəндері бір рет немесе бірдей сан кездесуіне орай қолданылады.
Өлшенген орта арифметикалық белгілердің жеке мəндері 
қанша рет жəне бірі – жеке, екіншісі – сирек кездескен жағдайда 
қоланылады. Жер пайдалану жəне оларды бағалау жөніндегі 
мəліметтерді өңдеу жəне талдау барысында ең көбірек қол-
данылатыны – орта арифметикалық өлшемдер.
Орташаны есептеу барысында бір қатар жағдайларда белгілі 
жеке мəндері мен олардың жалпы көлемі белгілі. Белгінің нақты 
мəндеріне бірліктің саны белгісіз. Бұндай жағдайларда орташа 
гармониялық шаманы жабады.
Орта гармониялық – бұл орта арифметикалық кері шама. 
Оны сол уақытта қолданады, қашан салмақты көбейту емес, ал 
нұсқаларға бөлуге немесе олардың мəніне керісінше, көбейтуге 
тура келген кезде, жердің пайдалануын жəне оның бағалануын си-
паттау барысында кейде мода қолданылады. 


92
Мода да орташа сияқты варияциялық қатардан көп сан ретінде 
қайталанатын белгісінің шамасы түсініледі.
Орта шамалар құбылысқа түрлену белгілері бойынша 
қорытынды сипаттама береді. Бұл белгілерді бөлумен қатар ор-
таша шамадан ауытқуды үйренуде үлкен маңызға ие. Барлық 
ауытқулардың тек соңғысын ғана емес, жиынтығын да білу өте 
маңызды. Орташаны алу сенімділігі олардың түріне байланысты. 
Ауытқудың үлестірілу түріне басқа арифметикалық көрсеткіш-
орташа ауытқу немесе орташа сызықты ауытқу түсінігін (көрініс) 
береді. Орташа арифметикалық ауытқу – бұл орташадан жеке 
нұсқаларды абсолюттік мəндері ауытқуының арифметикалық 
орташасы. Бұл көрсеткіш белгінің вариация шегі ретінде сирек 
қолданылады. Бұл мақсаттар үшін жиірек қолданылатыны диспер-
сия (ауытқудың орта квадраты) жəне орта квадраттық ауытқу.
Дисперсия табу барысында орташадан ауытқуды квадратқа 
көтереді жəне енді оң белгілері бар ауытқудың квадратынан орта-
ша шаманы есептеп шығарады.
Орташа квадраттық ауытқу дисперсиядан түбірді шығару жолы-
мен алынады. Орташа квадраттық ауытқу, орташа жəне түрленуші 
белгі өлшемдерімен көрсетіледі. Оның шамасы белгілінің вариация 
(түрлену) дəрежесі қандай болса, есептейтін белгінің жəне оның 
орташа санының абсолюттік өлшемдеріне сондай байланысты бо-
лады. Əртүрлі белгілердің өз түрі жəне өлшемдері бойынша вариа-
циясын салыстыру үшін, ерекше салыстырмалы көрсеткіш – вариа-
ция коэффициенті қолданылады, бұл орташа квадраттың ауытқудың 
орташа арифметикалыққа қатынасын білдіреді жəне пайызда 
көрсетіледі. Ол белгілі дəрежеде орташа өнімділігінің белгісі бола-
ды жəне вариациялық қатарда орташаның əртүрлі деңгейлерімен 
белгілі вариация дəрежесін салыстыру мүмкүндігін береді. 
Жалпы қағида болып сол вариация коэффициенті қанша кем 
болса, сонша керісінше жəне белгінің ауытқуы аз болады. Ди-
намика қатарлары жер сапасымен үлестірілуінде өзгерістер өз 
уақытында динамика қатарларын, яғни зерттелетін құбылысты 
өз уақытында бейнелейтін цифрлық көрсеткіштер қатарларын 
құру жəне талдау көмегімен анықталған жəне бейнеленген болуы 
мүмкін. Олар абсолюттік салыстырмалы жəне орташа шамаларда 
белгіленген болу мүмкін, олар моменттік жəне интервалды болып 
бөлінеді. 


93
Уақыттың əртүрлі кезеңдерінде құбылыс жағдайын сипаттай-
тын қатарлар – моменттік қатарлар деп аталады. Осындай динами-
ка қатарына мысалды, бірнеше жылдар ішіндегі 1 қараша жағдайы 
бойынша егістік жерлер аудандары туралы мəліметтер болуы 
мүмкін. 
Динамиканың интервалдық қатары деп уақыттың (ай, жыл 
т.б.) белгілі аралығында құбылыс өлшемін сипаттайтын сандық 
көрсеткіштер қатар аталады. Мысал ретінде, жылдар бойын-
ша егістік астына жаңадан өзгертілген жерлер аудандары тура-
лы сандық көрсеткіштер қатары келтірілуі мүмкін. Динамика 
қатарлары мəліметтері бойынша абсолюттік өсу, өсу шегі қарқыны 
жəне өсу қарқыны есептеліп шығарылады. 
Абсолюттік өсу қатар деңгейінің айырмашылығы ретінде 
анықталады жəне қатар көрсеткіштерінің өлшем бірлігінде 
көрсетіледі. Ол əрбір келесі деңгейде қанша бірлік бар, бұрынғы 
деңгейден аз ба, əлде көп пе деген сұраққа жауап береді. 
Өсу шегі қарқындары базистік жəне шынжырлы ретінде 
есептелінген болуы мүмкін. 
Базис қарқындарын есептеу барысында қатардың барлық 
деңгейлері базис үшін қабылданған қандай да кезеңдік деңгейіне 
жатады. Қағида бойынша шамаға бастапқы деңгейді алады. 
Шынжырлы қарқынды есептегенде əрбір кезең деңгейі бұрынғы 
деңгейге қатысты болады. 
Өзгерістерді сипаттау барысында, өсу шегі қарқынымен қатар 
өсу қарқындары да есептелінеді. Олар, сол немесе басқа мерзім 
ішінде құбылыс өлшемдерінің қанша пайызға өскендігін көрсетеді. 
Егер өсу шегі қарқыны белгілі болса, онда өсу қарқыны да жəне 
есеп те айтарлықтай жеңілдетіледі. Бұл үшін пайызда көрсетілген 
өсу шегі қарқынынан жүзді алып тастауға тура келеді. Өсу 
қарқындылығын, абсолюттік өсуді бұрынғы абсолюттік деңгейге 
бөлу жолымен де анықтау мүмкін. 
Индекстер. Олар қорытынды көрсеткіштердің маңызды түрі 
болады жəне жер пайдалануын талдау мен бағалау көрсеткіштерін 
анықтау барысында қолданылу мүмкін. Индекс – бұл тікелей 
жалпы қоғамдық құбылыстардың сандық сипаттамаларын салы-
стыру нəтижесінде алынатын салыстырмалы көрсеткіш. Индекс 
зерттелетін салыстыру жолымен алынады.


94
Деңгей салыстырылатын кезең – есеп беру немесе күнделікті 
деп аталады. Деңгей мен салыстыру жүргізілетін кезең – базистік 
деп аталады. 
Жеке индекстер есебінің екі тəсілі болуы мүмкін. Шынжырлы-
үзілісті базамен жəне базисті-тұрақты базамен. Салыстыру базасы 
үшін шынжырлы тəсіл барысында əрбір индекске бұрынғы есеп 
беру кезеңі, ал базистік тəсіл барысында жеке кезең алынады. Зерт-
теу мəселелеріне байланысты сол немесе бұл индекстердің түрі 
анықталады. Көп жағдайларда оларды кешенді түрде қолданады. 
Базистік индексті – ең ұзақ кезең ішінде құбылысты талдау бары-
сында, сабақтас индексті – ең қысқа уақыт аралығында құбылыстың 
өзгерісін үйрену барысында қолдану ыңғайлы. 
Жалпы индекстерді құру барысында екі тəсіл қолданылуы 
мүмкін. Біріншісінде алдын ала есеп беру жəне базистік кезеңдер 
үшін барлық жиынтықтың шамаларын есептеп шығарады, ал со-
дан кейін есеп беру шамаларының базистік шамалыққа қатынасын 
табады. Бұндай жолмен анықталған индекстерді – агрегаттық деп 
атайды.
Жалпы индексті құрудың екінші тəсілінде, сол құбылыстың 
жеке элементінің өзгеруін сипаттайтын жеке индекстер негізінде 
барлық элементтердің орташа шамасын есептеп шығарады. Бұндай 
жолмен есептелінген индекстер-орташа деп аталады. Ол немесе 
бұл тəсілдерді қолдану талдаудың есебіне байланысты.
Жер кадастрында есеп беруді құру барысында баланстық 
құрылыс байланысты талдау əдісі сияқты кеңінен қолданылады. 
Баланс-теңдік белгісімен өзара байланысқан көрсеткіштер 
жүйесімен көрсетеді. Сонымен бұл əдіс көмегімен жер пайдалану 
мен алқаптың динамикасы анықталады. 
Жерлерді бағалауды жүргізу жəне жерлерді пайдалану туралы 
есепке алу мəліметтерін өңдеу барысында, бір қатар жағдайларда, 
бір-біріне факторлар белгілері жəне нəтиже белгілері сияқты 
қатынастары бойынша шығатын белгілерді өлшеу қажеттілігі 
тууы мүмкін.
Егер, салыстыру барысында бір-бірінің басқа белгінің əсері 
нəтижесінде өзгеріс тенденциясы байқалса, онда бір-бірімен 
байланысы бар екендігін ұғуға болады. Функционалдық жəне 
корреляциялық байланыстылығымен өзгешеленеді. Функцио-


95
налдық деп сол белгінің шамасы бір немесе бірнеше басқа 
белгілермен бір мəнде анықталатын байланысты айтамыз. Корре-
ляция барысында өзара байланысқан белгілерде мəндер арасында 
нақты сəйкестік болмайды. Мысалы, берілген тыңайтқыш мөлшері 
мен өнімділік шамасы арасында толық сəйкестік жоқ. Бірдей 
жəне сондай деңгейде тыңайтқыш беру өсімділіктің əртүрлі ша-
маларына сəйкес болуы мүмкін, дегенмен, тыңайтқышты көбейту 
барысында орташа өнімділік те өсу тенденциясына ие болады. 
Корреляциялық талдау барысында тəуелділіктің тығыздығы мен 
құрылысы туралы екі мəселе пайда болады. 
Тəуелділік формасы сызықтық регрессияны білдіреді. 
Теңдеу белгінің-аргументтің-өзгеруі барысында орта тəуелді 
айнымалының қалай өзгеруін көрсетеді. Тəуелділік тығыздығы 
қағида бойынша корреляциялық қатынастар деп аталатын, арнайы 
сипаттамамен өлшенеді. Корреляция шамалар арасындағы сандық 
қатынастарды дəлелдейді, ол бір айнымалы шаманың басқа айны-
малы шаманың көбеюі барысында, көбею немесе азаю тенденция-
сы түрінде көрсетеді. Корреляция салдар мен себептердің көптілік 
заңын бейнелейді. Ол бірдей емес күштермен əрекет ететін, əртүрлі 
себептердің үлкен санын əсер етуінің əрбірінде құбылыстың бай-
ланысы туралы сөз болып жатқанын білдіреді. 
Сондықтан бұл шамалардың көпшілігінен, олардың ең негізісі 
орташаны табу жолымен бөлінеді жəне есепке алынады. Жердің 
экономикалық бағасын сипаттайтын көрсеткіштер арасындағы 
байланыс корреляциялық талдау əдісімен зерттеледі. Корреля-
ция аналитикалық көрінуі тəсілі байланысты түзу сызықты жəне 
қисық сызықты болып өзгешеленеді. Түзу сызықты деп түзу сызық 
түрінде регрессия теңдеуін көрсететін корреляцияға, қисық сызық 
деп регрессия теңдеуі қандай да бір қисық сызық түріне ие болған 
жағдайдағы корреляцияға айтылады.
Қазіргі уақытта корреляциялық тəуелділікті байланыс дис-
персиясы мен тығыздығы компьютерлік бағдарлама бойынша 
есептеледі, мəліметтерді еңгізу жолымен орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет