70
4-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ
4.1. Жер қорының санаттары мен жер
пайдаланушылар бойынша сипаттамасы
Қазақстан мемлекеттік жер кадастрының мəні көбінесе, оның
объектсіне байланысты. Мемлекеттік жер кадастрының объектісі
болып, Қазақстан Республикасының
барлық жерлерін қамтитын
бірыңғай мемлекеттік жер қоры жатады.
Жерге мемлекеттік меншіктік барлық жерлерді, олардың
мақсаты мен міндет атқаруы жəне шаруашылық пайдалануына
қарамастан, бірыңғай мемлекеттік
жер қорына бірігуіне нақты
себепші болды.
Экономикалық көзқараспен алғанда, еліміздің барлық жерін
біріктірудің болуымен алғы шарты маңызды. Шаруашылықтың
тұтастығы, ол осы негізде, жерге мемлекеттік меншікті өзі жүзеге
асырады. Мемлекет бұл меншікті
мемлекеттік жер кадастры
жүйесі арқылы есепке алады жəне бағалайды. Жер қорының бірлік
принципі басты заң – Конституция негізінде өзінің көрінісін тап-
ты, онда Қазақстан Республикасының барлық жерлері бірыңғай
мемлекеттік жер қорын құрады деп көрсетілген.
Мемлекеттік кадастрында, есептелінетін объектіге сандық жəне
сапалық сипаттама бере алатын жəне жер кадастрлық көрсеткіштер
жүйесі болып саналатын белгілі топтастыру түсінігі немесе санат-
тар қолданылады. Кадастрлық көрсеткіштер мөлшерінің сандық
мəні есептелетін объектінің өзіне тəн қасиеті мен мəніне байланы-
сты болатын өлшемнің айқын бірлігі арқылы көрсетіледі. Сонымен
жер қорының жəне оның, құрам бөліктерінің аудандары гектармен
есептеледі, алқаптардың сапасы көрсеткіштер жанында көрсетіледі.
Кадастрлық көрсеткіш түрлі шамалармен жүргізіледі. Мысалы,
жер ауданы жүздеген, мыңдаған жəне миллиондаған гектарлармен
көрсетіледі.
71
Есептелетін объектінің түрлі негіздері бойынша топтарға
бөлінуі əдетте, классификациялау (топтастыру) деп аталады.
Қазақ станның жер қоры жер кадастрында ең алдымен, жалпы ау-
дандары жəне кеңістік жағдайы бойынша есептелінеді. Бірыңғай
жер қорының мемлекет меншігі объектісі жəне
шаруашылық
объектісі ретінде міндет атқаруы ерекшеліктерінен келіп шығып,
ол келесі негізгі жайларда:мақсатты міндет атқаруы, шаруашылық
пайдалануы, сапалық жағдайы, əкімшілік-аумақтық бөлінуі,
меншік түрлері бойынша есептелінеді.
Егер, қоғамдық өндірісте жердің міндет атқаруынан өзге-
шеліктер шығатын болса, онда жер қоры жердің екі айырмашылық
топтары:
1. Негізінен, өндірістің басты
құралы ретінде пайдаланыла-
тын жерлер;
2. Негізінен, кеңістік базис түрінде пайдаланылатын жерлер
негізінде бөлінуі мүмкін.
Бірінші топқа ауыл шаруашылығы жəне орман шаруашылығы
жерлері жатады, ал екінші топқа қалған барлық жер түрлері кіреді.
Бұндай бөлінулер негізінен дұрыс секілді, бірақ олар тым біржақты,
ал халық шаруашылығында жерлерді пайдалану соншалықты көп
қырлы.
Практикалық мəселелерді шешу үшін жəне жер қорын
құқықтық реттеу үшін, көрсетілген бөлінулер жеткіліксіз. Сон-
дықтан жер қорының сипаттамасы кадастр объектісі ретінде,
көбірек толық болуы жəне оның халық шаруашылығының бөлек
салаларында міндет атқаруы көрсетілуі керек. Өндірістік талабын
ескеріп отырып, бəрінен бұрын жерлер санаттарға бөлінеді.
Республиканың мемлекеттік органдары
республика шегінде
бірыңғай мемлекеттік жер қорына билік етеді, оны пайдаланудың
келешектік жоспарын жасайды, жерді пайдалау тəртібін белгілейді,
сондай-ақ жер қатынастарын реттейді. Облыстық,
аудандық
(қалалық), мемлекеттік органдар, өз кезегінде жерді ұтымды пайда-
лану жəне қорғау, жердің пайдалануы мен олардың жерге орналасты-
руына мемлекеттік бақылау жасау бойынша көптеген мəселелерді
шешеді. Сондықтан бөлек əкімшілік-аумақтық бірлік шегінде,
мем лекеттік-шаруашылық органдарының шаруашылық жəне құ-
қықтық қызметін жүзеге асыру, осы бөлімшелер бойынша жер
72
қорын есепке алынуының нақты қажеттілігін тудырады. Қазақстан
Республикасының аймақтары жəне
облыстары бойынша жер
қорының жағдайы, бөлінуі екінші, үшінші кестелерде келтірілген.
2-кесте мəліметтерінен көрініп тұрғандай Қазақстан Рес-
публикасының жер аумағы 272490,2 млн. га құрайды, өзара 15
əкімшілік аумақтық бірліктерге бөлінеді. Бұнда үлкен жер ауда-
нына Қарағанды – 42798,2 мың га, Ақтөбе – 30062,9 мың га жəне
Шығыс Қазақстан – 28322,6 мың га облыстары ие.
Республикамызда 161 əкімшілік аудан бар, қалалар мен кент-
тер саны – 237, ал ауылдық елді мекендері саны – 6820. Бұл
көрсеткіштер республиканың жер қорының мөлшері үлкен жəне
əкімшілік бөліну объектілерінің санының көп екендігін көрсетеді,
мұнда жер кадастры бойынша жүргізетін жұмыстар да көп болуы
тиіс. Бұндай үлкен көлемді кадастрлық жұмыстарды жер ресурста-
рын басқару жөніндегі республикалық Комитеті, 14 облыстық, 161
аудандық жəне
біршама қалалық комитеттер, барлық деңгейдегі
əкімшіліктер мен ведомстволары, жерге орналастыру органдары
жəне басқа да мамандандырылған кəспорындар орындауы керек.
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: