Бақылау сұрақтары:
1. Жер санаттарын атаңыз.
2. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге анықтама беріңіз.
78
3. Елді мекендер жерлеріне анықтама беріңіз.
4. Өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлеріне анықтама беріңіз.
5. Су қоры жерлеріне не кіреді?
6. Орман қоры жерлеріне не кіреді?
7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар дегеніміз не?
8. Босалқы жерлерді не құрайды?
9. Жер кадастры объектісі дегеніміз не?
10. Республиканың жер қоры қандай əкімшілік-аумақтық бірліктерге
бөлінеді?
11. Табиғи ауылшаруашылық аймақтарды атаңыз.
4.2. Жер пайдалану, жер иелену,
жер алқаптары түсінігі
Жер қорының жер санаттары, яғни пайдаланушылар бойынша
топтастырылуы белгілі бір жүйедегі кадастрлық бірлігімен жəне
оның құрам бөліктерімен негізделеді. Əдетте, статистикада есеп-
ке салу жəне бақылауға алынатын бірлік болып, есепке алу опе-
рациясы барысындағы топтастырудың алғашқы бірлігі қызметін
атқаратын элемент түсініледі. Бұндай шаруашылық есепке алу
ретінде бəрінен бұрын бөлек кəсіпорындар шығады. Жер кадастры
объектісінің ерекшеліктері Қазақстандағы негізгі бірліктер ретінде
кəсіпорындар емес, жер телімдері танылады.
Жер телімі – бұл мақсатты міндет атқаратын, субъектік құқығы
бар, сол сияқты жер пайдаланудағы немесе жер меншіктегі болатын,
жоспарда (картада) жəне жергілікті жерде шекаралары белгіленген
жер аумағының телімі. Атап айтқанда, ол мемлекетіміздегі жер
қорының пайдаланылуына сипаттамалық экономикалық мəн
береді. Сонымен бірге ол белгілі бір субъектінің пайдалану жəне
иеленушінің құқықтық объектісі ретінде есептеледі. Яғни жер
телімдері жеке жəне заңды тұлғалардың иеленуінде жəне жеке
заңды тұлғалардың тұрақты немесе уақытша пайдалануында,
соның ішінде мемлекеттік кəсіпорындары, ұйымдар, мекемелер бо-
луы мүмкін. Жер пайдалану түсінігі түгел алғанда көп қырлы. Бұл
түсінікті анықтау барысында бəрінен бұрын қоғамдық-өндірістік
қатынастарға сүйену керек, олар жер пайдаланудың мəнін табиғат
құбылысы ретінде анықтайды. Сондықтан кең мағынада жер
пайдалану (жерді пайдалануы) – бұл əлеуметтік-экономикалық
құбылыс.
79
Оның экономикалық мəніне, құбылыстық сипат сияқты, жер
пайдалану құқығы түсінігінің негізі жатады. Кəсіпорындар форма-
лары негізін өндіріс құралдарының меншік формасы құрайды. Со-
нымен жер пайдалану, шындығында өндіріс əдісімен жəне өндірістік
қатынастармен байланысты. Дегенмен, жер пайдалану түрлері
қоғамның өндірістік күшін дамыту деңгейімен анықталады. Нақты
жер пайдаланушыларға мемлекет бекіткен, нақты жер телімін
пайдалану оған құжат беру нəтижесінде құқықтық түрге ие бола-
ды. Жер пайдаланушыға пайдалануға берген аумақ шаруашылық
ретінде жəне құқықтық қатынас бойынша ерекшеленеді. Ол бөлек
тұлғаның пайдалану құқығы объектісі ретінде (шаруа қожалығы)
немесе тұлғалар тобы ретінде айқындалады.
Республикамызда жер пайдалану құқығына кəсіпорындар,
ұйымдар жəне мекемелер сияқты азаматтар да ие. Бұл негізгі
екі жер меншігі – мемлекеттік жəне жеке меншік түрлерімен
шартталған.
Жер пайдалану түсінігі нақты экономикалық мəнге ие. Ол
қоғамдық өндіріспен байланысты жəне тіркеуге алуға жататын,
есепке алынатын жəне бағаланатын толық нақты аумақ ретінде
тікелей белгіленіп қойылады əрі негізгі кадастрлық бірліктің
негізгі формасы – жер телімі сияқты болып келеді.
Жердің көп бөлігі жер пайдаланушыларға шексіз уақытқа
(тұрақты) пайдалануға берілген. Сондықтан бұндай жерді пайдала-
ну түрі негізгі болып есептелінеді. Ал қазіргі жағдайда, яғни жаңа
заң қабылданғаннан кейін уақытша пайдалану (қысқа мерзімді – 5
жылға дейін, ұзақ мерзімді – 5-49 жылға дейін) енгізілуі мүмкін.
Жəне жерді уақытша пайдалану жалға берілген болып саналады.
Жерлер қауымдық пайдалануға мемлекеттік заңды тұлғаларға
жəне азаматтарға қызметтік телімдер ретінде тұрақты пайдалануға
беріледі.
Жерге жеке меншік азаматтар мен мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың меншігі түрінде болады. Меншік иесінің тиісті жерді
иеленуге, пайдалануға жəне оған билік етуге құқығы бар. Жеке
меншікке жататын жер телімі қозғалмайтын мүлік деп саналады.
Меншік иесі өзінің жер телімін заң актілерінде тыйым салынбаған
кез келген мəмілелерді жасауға, атап айтқанда, жер телімін
заңдылық бабы бойынша сатуға, шаруашылыққа, серіктестікке
80
жарналық капитал ретінде еңгізуге, кепілдікке беруге, сыйға жəне
мұра етіп қалдыруға, жер телімін жалға беру, жалдау немесе өтеусіз
пайдалану шарты негізінде уақытша пайдалануға беруге құқылы.
Жер пайдалану құқықтарына: тұрақты немесе уақытша, өтімді
немесе өтімсіз, иесіздендіру немесе иесіздендірмеу жатады. Жерді
пайдаланушылар: мемлекеттік жəне мемлекттік емес, жеке жəне
заңды тұлға, тұрақты жəне уақытша, бастапқы жəне кейінгі болып
бөлінеді. Жер пайдалану құқығы:жер пайдалану құқығын ұсыну;
жер пайдалану құқығын тапсыру; жер пайдалану құқығының
заңды мұрагерлік тəртібімен өтуі.
Жер пайдаланудың экономикалық мəнін көрсетуші – жер
алқаптары. Жер алқаптарының өндіріс құралдары сияқты жерді
пайдалануда экономикалық, шаруашылық формалары болады.
Алқаптардың өзара қатынасы арқылы ауылшаруашылық өнді-
рісіндегі жерлерді пайдалану сипаттамасы бойынша жəне белгілі
бір шамада шаруашылықтың бағыты мен маман дандырылғандығы
туралы пікір айтуға болады.
Жер алқабы деп – нақты шаруашылық мақсаты үшін пайдала-
нылатын жəне белгілі бір табиғи-тарихи қасиеттеріне ие болған
аумақтар түсініледі. Мемлекеттік жер кадастрында ол негізгі эле-
мент болып есептеледі.
Жердің құралы ретінде көрінуі оның тікелей түрде нақты
шаруашылық қолдануында жатыр, бұл түрде ол белгілі бір
жер алқабы түрінде болады, яғни сол аумақ, нақты мақсат үшін
пайдаланылады. Жерлерді ауыл шаруашылығында пайдала-
ну арқасында біз адамдар тіршілігі үшін ең керекті өнімдерді
аламыз. Ауылшаруашылық алқаптарында мəдени өсімдіктерді
өсіреді жəне мал шаруашылығына азық дайындайды. Сондықтан
бұндай өнімді алқаптар кадастрда ерекше топқа жатады –
ауылшаруашылық алқаптары ретінде бөлінеді. Егістік жерлерде
негізгі ауылшаруашылық өнімдері, оның ішінде бірінші орында
астық өсіріледі. Жер пайдалану құрамында уақытша пайдаланыл-
май жатқан жыртылған жерлер де болады. Олар тыңайма. Бұл да
бөлек алқаптардың бірі болып саналады.
Көпжылдық жемісті ағаштар егілген жер телімдері (баулар,
жүзімдіктер, т.б.) ауылшаруашылық алқаптарының ең бағалы түрі
болып саналады. Егістік жер секілді, олар жүйелі түрде күтімді
81
қажет етеді. Егістіктен айырмашылығы бұл телімдерде көпжылдық
ағаштарды жəне бұталы өсімдіктерді өсіреді, жер есебінде бұл
алқапты бірнеше түрге бөледі.
Шабындықтар мен жайлымдардың маңызды шаруашылық мəні
бар. Оларды əдетте, табиғи азықтық алқаптар деп атайды. Олар
белгілі үлесті мал шаруашылығы азығы қорын жасайды. Ауыл
шаруашлығында қолданбайтын жерлер – алқаптар да болады.
Жер пайдалану құрамында, пайдаланатын жерлерден басқа
жəне пайдаланбайтын жерле (шұңқыр, жыра, сай, батпақ т.б.)
болуы мүмкін. Оларды табиғи жағдайы бойынша есептейді.
Əрбір алқаптар бөлек контурлардан тұрады. Контур деп
əдетте, бір текті алқаптан тұратын жəне бекітілген сыртқы ше-
каралары бар аумақ түсініледі. Көрсеткіш ретінде ол белгілі
шаруашылық мəні бар жəне өлшемімен сипатталады. Бөлек
контурлардың аудандарын жинау алқаптардың аудандарын
анықтауға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан дəлірек контур-
лар бастапқы есепке алу элементі ретінде шығады жəне жер
есебінде есеп бірлігі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |