А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор


Жер телімдері үшін төлемақының базалық ставкаларына



Pdf көрінісі
бет32/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
рег.учет. зем.

 Жер телімдері үшін төлемақының базалық ставкаларына 
түзету коэффициенттері
1. Түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекаралары 
аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен селолық елді мекен-
дерде – аудандық атқарушы органның ұсынысы бойынша аудандық 
өкілді органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (Астана жəне 
Алматы қалаларында) облыстық (Астана жəне Алматы қалалық) 


126
атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық (Астана жəне 
Алматы қалалық) өкілді органның шешімімен бекітіледі.
Бұл ретте арттыратын немесе кемітетін коэффициенттердің 
шекті (ең жоғары) мөлшері екі еседен аспауға тиіс.
2. Мемлекет ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 
беретін жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау 
кезінде жер телімінің сапалық жай-күйіне, орналасуына, сумен 
қамтамасыз етілуіне, қызмет көрсету орталықтарынан қашық-
тығына байланысты түзету (арттыратын немесе кемітетін) 
коэффициенттері қолданылады.
3. Алқаптардың түрі мен топырақтардың үлгісі бойынша 
жер телімінің сапалық жай-күйі жер-кадастр карталары, топырақ, 
геоботаникалық, топырақ-мелиорация жəне басқа зерттеу мəлімет-
тері негізінде анықталады:
1) егістік құрамында пайдаланылатын жер телімінің құнын 
белгілеу үшін оның мелиорациялық жай-күйі мен жер бетінің 
еңістігіне қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
жердің мелиорациялық жай-күйі:
– жақсы (топырағы тұзды емес жəне сортаң емес, тассыз, 
эрозияға ұшырамаған; жер асты суларының тереңдігі: тұщы су – 3 
метрден астам, минералды су – 6 метрден астам) – 1,2;
– қанағаттанарлық (топырағы аздап тұзды, сортаңдау, тасы 
аз, аздап эрозияға ұшыраған; минералдануы төмен жерасты 
суларының тереңдігі 3-6 м) – 0,9;
– қанағаттанғысыз (топырағы орташа жəне аса тұзданған, орта-
ша жəне аса сортаң, тастақ, орташа жəне күшті эрозияға ұшыраған; 
1 г/л астам минералданған жер асты суларының тереңдігі 3 мет-
рден кем) – 0,6;
жер бетінің еңістігі:
– 1 градусқа дейін – 1; 1-ден 3 градусқа дейін – 0,98; 3-тен 5 
градусқа дейін – 0,96; 5-тен 7 градусқа дейін – 0,93; 7 градустан 
астам – 0,86;
2) табиғи жемшөп алқаптары (шабындық, жайылым) 
құрамында пайдаланылатын жер телімдерінің құнын айқындау 
үшін жер телімінің сапалық жай-күйі мен жер бетінің еңістігіне 
қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
– жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар:


127
– көп жылдық шөп егіліп, түбегейлі жақсартылған – 1,2;
– өсімдік жамылғысының түр-құрамын өзгертпей, беткі қабаты 
жақсартылған – 1,1;
шабындық жердің жай-күйі:
– жақсы (ластанбаған, бұта-шілік баспаған, ағаш өспеген
тассыз, аймақтық өсімдіктердің белгілері жақсы байқалатын жер 
телімі) – 1,2;
– қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шілік басып кеткен, ағаш 
өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрылымы 
бұзылған жер телімі. Аталған белгілер аумақтың 40 пайызына 
дейінгі алаңынан көрінеді) – 0,9;
– қанағаттанғысыз (ластанған, бұта-шілік басып кеткен, ағаш 
өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрылымы 
бұзылған жер телімі. Аталған белгілер аумақтың 40 пайызынен 
астам алаңынан байқалады) – 0,7;
Жер қабатының еңістігі:
– 3 градусқа дейін – 1; 3,1-ден – 6 градусқа дейін – 0,95; 6,1-
ден – 10 градусқа дейін – 0,9; 10,1-ден – 20 градусқа дейін – 0,85; 
20 градустан астам – 0,5;
жайылымдық жердің жай-күйі:
– жақсы /ластанбаған, бұта-шілік /азыққа жарамайтын бұталар/ 
баспаған, ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсімдіктердің белгілері 
жақсы байқалатын жер телімі/ – 1,2;
– қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шілік /азыққа жарамай-
тын бұталар) басқан, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының 
аймақтық құрылымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, 
жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты, тақыр жер телімі. Аталған 
белгілер аумақтың 40 пайызына дейінгі алаңынан көрінеді) – 0,9;
– қанағаттанғысыз (ластанған, бұта-шілік азыққа жарамай-
тын бұталар басқан, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының 
аймақтық құрылымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, 
жалаңаш сорлары, сортаң топырақтары, тақыр жер телімі. Аталған 
белгілер аумақтың 40 пайызынан астам алаңынан байқалады) – 0,6;
жер қабатының еңістігі:
– 12 градусқа дейін – 1; 13-тен 20 градусқа дейін – 0,8; 20 гра-
дустан жоғары – 0,6.


128
4. Жер телімдерінің құнын анықтау үшін жер телімінің сулан-
дырылуына, оның шаруашылық орталығына қарағанда орналасқан 
жеріне, қызмет көрсету саласының орталықтарынан қашықтығына 
байланысты мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1/жер телімінің суландырылуы (сумен қамтамасыз етілуі): 
суландырылған – 1,2; суландырылмаған – 0,8;
6-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет