А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет30/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
рег.учет. зем.

 
Жерді аймақтарға бөлу
1. Аймақтарға бөлу – жер аумағын оның нысаналы мақсаты 
мен пайдаланылу режимін белгілей отырып айқындау.
2. Жерді аймақтарға бөлуді аудандық деңгейде жəне облыстық 
маңызы бар қалаларда ұйымдастыруды аудандар мен облыстық 
маңызы бар қалалардың тиісті атқарушы органдары жүзеге асы-
рады. Жерді аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын) аудандар мен 
облыстық маңызы бар қаланың тиісті өкілді органдары бекітеді.
3. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жерін 
аймақтарға бөлу жөніндегі мəліметтердың негізінде облыстық 
(Астана жəне Алматы қалаларының) жер ресурстарын басқару 
жөніндегі аумақтық органдары қоршаған ортаны қорғау, сəулет 
жəне қала құрылысы жөніндегі жергілікті органдармен жəне басқа 
да мүдделі органдармен бірлесе отырып, облыстық (Астана жəне 
Алматы қалаларының) атқарушы органның тапсырмасы бойынша, 
жерді облыстық (қалалық) деңгейде аймақтарға бөлудің нысана-
лы мақсат жіктемесі енгізілетін жобаларын (сызбаларын) əзірлеуді 
ұйымдастырып, қамтамасыз етеді жəне оларды облыстық (Астана 
жəне Алматы қалаларының) өкілді органдардың бекітуіне енгізеді.
4. Жерді аймақтарға бөлу кезінде белгіленген, аумақты пай да-
ланудың нысаналы режимі осы баптың 2- жəне 3-тар мақ тарында 
көзделген тəртіппен бекітіледі, жер құқығы қатынас тарының 
субъектілері үшін міндетті болып табылады.
5. Жерді аймақтарға бөлу жергілікті атқарушы органдардың 
шешімі бойынша жүргізіледі жəне жергілікті бюджет қаражаты 
есебінен жүзеге асырылады.


123
 Жер үшін төленетін төлемдер (Қазақстан Республикасының 
Жер кодексі)
1. Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы 
уақытша өтеусіз жер пайдаланудағы жер телімдеріне Қазақстан 
Республикасының салық заңдарына сəйкес жер салығы салынады.
2. Мемлекет уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген жер 
телімдері үшін жер телімдерін пайдалану төлемақысы алынады.
Жер телімдерін пайдалану төлемақысын есептеу жəне жергілікті 
бюджеттің кірісіне төлеу тəртібі Қазақстан Республикасының 
салық заңдарына сəйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекет-
терге жер телімі жалға берілген кезде жер телімдерін пайдала-
ну төлемақысының мөлшері Қазақстан Республикасы бекіткен 
халықаралық шарттарда айқындалады.
3. Жер телімдерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру 
өтеулі негізде, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша 
ақысы бірден төленіп не төлеу мерзімін ұзартып сату арқылы 
жүргізіледі, бұған:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына – тұрғын үй-
жайлардың меншік иелеріне кондоминиум объектілеріндегі мінсіз 
үлесі ретінде;
2. Қазақстан Республикасының азаматтарына белгіленген 
нормалар шегінде өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, 
бағбандық, жеке тұрғын үй жəне саяжай құрылыстары үшін;
3. Осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының заң 
актілерінде көзделген өзге де жағдайларда, жер телімі меншікке 
өтеусіз негізде берілетін жағдайлар қосылмайды.
Жер теліміне жеке меншік құқығын өтеулі түрде беру (сату) 
немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын өтеулі түрде беру 
(сату) төлемақысы жер телімдері үшін төлемақының базалық став-
каларына түзету коэффициенттерін қолдану арқылы шығарылатын 
кадастрлық (бағалау) құны негізінде есептеледі.
4. Мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 
телімдерін жеке меншікке сатқаннан түсетін қаражат ұлттық 
қорға аударылады жəне Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген тəртіппен пайдаланылады.


124
5. Өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық 
жеке тұрғын үй жəне саяжай құрылысы үшін өтеусіз берілген 
жер телімінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда жер телімінің 
меншік иесі жер телімінің өзгерген нысаналы мақсаты үшін 
Қазақстан Республикасының заңында көзделген кадастрлық 
(бағалау) құнына тең болатын соманы жергілікті бюджеттің 
кірісіне төлеуге міндетті.
6. Мемлекеттік заттай гранттар түріндегі жер телімдері мен 
жер пайдалану құқығы инвесторға осы Кодекске жəне Қазақстан 
Республикасының инвестициялар туралы зандарына сəйкес 
беріледі.
Жер телімін заттай грант ретінде беру туралы атқарушы 
органның шешімі инвестициялар жөніндегі уəкілетті органның 
шешімі негізінде қабылданады.
7. Меншік иесі жер телімін сатқан немесе жалға берген кезде, 
мемлекеттік емес жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану 
құқығын басқа тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер телімін 
кейінгі жер пайдаланушыларға жалға берген кезде, жер телімдері 
үшін төлемақының мөлшері, мерзімдері мен нысаны Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңдарына сəйкес сатып алу-сату не-
месе мүлік жалдау шарттарымен ай-қындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет