125
жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен
ресімдейді.
Астана қаласының, республикалық маңызы бар қалалардың, об-
лыс орталықтарының маңындағы аймақта жəне курортты аймақта
орналасқан елді мекендерде (кенттер
мен ауылдық елді мекен-
дерде) жеке меншікке берілетін жер телімдері үшін төлемақының
базалық ставкалары екі есе арттырылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке
өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық жəне сая-
жай құрылысы үшін тегін берудің белгіленген нормаларынан артық
берілетін қосымша жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құны
бағаланатын телімдерге неғұрлым жақын орналасқан ауылдық
елді мекендердің жер телімдері үшін төлемақының базалық став-
каларына негізделе отырып айқындалады.
4. Елді мекендердің
шегінен тыс орналасқан, азаматтарға
жəне мемлекеттік емес тұлғаларға құрылыс жүргізу үшін
берілген (берілетін) немесе үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен
олардың кешендері
салынған жер телімдері бойынша, үйлердің
(құрылыстардың, ғимараттардың) пайдаланылу мақсатына сəйкес
қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, оларды кадастрлық
(бағалау) құны облыстық маңызы бар қалаларда аталған мақсаттар
үшін берілген (берілетін) жер телімдері үшін төлемақының
базалық ставкаларының он пайызы
мөлшеріне негізделе отырып
айқындалады.
5. Осы баптың 3 жəне 4-тармақтарында аталған жер телім-
дерінің кадастрлық (бағалау)
құнын айқындау кезінде, осы
Кодекстің 11-бабының 4-тармағының 3-тармақшасына сəйкес осы
телімдердің қызмет көрсету саласы орталықтарынан қашықтығына
байланысты түзету коэффициенттері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: