А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет33/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
рег.учет. зем.

Түзету коэффициенттері
Қашықтығы, км
Тас 
жолдар
Қиыршық тас 
төселген жолдар
Жай 
жолдар
20-ға дейін
1,4
1,1
0,7
21-40
1,2
0,9
0,6
41-60
1,0
0,7
0,5
61-80
0,8
0,5
81-100
0,6
100-ден астам
0,5
1) жер телімінің шаруашылық орталығына қатысты орна-
ласуы, километрмен:
беске дейін – 1,2; 5-тен 10-ға дейін – 1; 10-нан 20-ға дейін – 0,9; 
20-дан 30-ға дейін – 0,8; 30-дан астам – 0,7;
2) жер телімінің қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы, 
жолдардың сапасына байланысты.
5. Жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыратын не-
месе кемітетін бірнеше факторлар болған кезде коэффициенттер 
көбейтіледі.
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер телімінің 
кадастрлық (бағалау) құнын арттырудың немесе кемітудің жал-
пы мөлшері осы Кодекстің 10-бабының 1-тармағына сəйкес 
белгіленген төлемақының базалық ставкаларының елу пайызынен 
аспауға тиіс.
Жерге меншік құқығының түрлері
1. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік 
пен жеке меншік танылады жəне бірдей қорғалады.


129
2. Меншік құқығының субъектілері:
Республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқы-
ғының субъектісі – Қазақстан Республикасы;
Осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде 
жер телімдеріне жеке меншік құқығының субъектісі – азаматтар 
жəне мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодек-
сте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасы-
ның азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адам-
дар ұғынылады.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерге меншік құқығы
1. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатын-
дағы жер телімдері осы Кодексте белгіленген тəртіппен жəне 
жағдайларда жеке жəне заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығы-
мен жəне (немесе) жеке меншік құқығымен берілуі мүмкін.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдері жеке мен шік 
құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фер-
мер) қожалығын жүргізу үшін жəне Қазақстан Республикасы ның 
мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауылшаруашылығы 
өндірісін жүргізу жəне орман өсру үшін беріледі. 
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер теліміне жеке 
меншік құқығын табыстау ақылы негізде жүргізіледі. 
Шаруа қожалығын жəне тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін 
жүргізу үшін жер теліміне (жер телімдеріне) жеке меншік құ-
қығының табысталуына мүдделі азаматтар мен мемлекеттік емес 
заңды тұлғалардың:
1) жер теліміне жеке меншік құқығын жер телімінің осы 
Кодекстің 10- жəне 11-баптарына сəйкес анықталатын кадастрлық 
(бағалау) құнына тең бағамен сатып алуына;
2) жер теліміне жеке меншік құқығын оның кадастрлық 
(бағалау) құнына қарай айқындалатын жеңілдікті бағамен сатып 
алуына болады.
Бұл ретте əкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жер телім-
деріне жеңілдікті бағаның нақты мөлшерін Қазақстан Респуб-
ликасының Үкіметі белгілейді. 
3. Жер теліміне жеке меншік құқығын сатып алу ақысын то-
лық төлеген тұлғаның:


130
Осы баптың 2-тармағының 1-тармақшасына сəйкес жер те-
лімімен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салын-
баған мəмілелердің кез келген түрін жасауға құқығы бар; осы 
баптың 2-тармағының 2-тармақшасына сəйкес, жер теліміне жеке 
меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезден 10 жыл өткеннен 
кейін, жер телімімен Қазақстан Республикасының заңдарында 
тыйым салынбаған мəмілелердің кез келген түрін жасауға құқығы 
бар. Бұл шектеу жер телімін кепілге салуға қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген жер телімдерін сатып 
алған кезде сатып алу сомасын төлеу жер теліміне жеке меншік 
құқығын сатып алатын тұлғаның жазбаша өтініші бойынша он 
жылға дейін төлеу мерзімін ұзарту арқылы жүргізілуі мүмкін.
Жер телімдерін төлеу мерзімін ұзарту арқылы алған тұлғаларға 
жер телімінің бағасы толық төленгенге дейін мəміле сату, 
жалға немесе өтеусіз пайдалануға беру, шаруашылық жүргізуші 
субъектілердің жарғылық капиталына салым немесе жарна ретінде 
беру) жасауға тыйым салынады. Жеңілдікті бағамен төлеу мерзімі 
ұзартылып сатылған жер телімімен мəміле жасауға, оның сатып 
алу бағасы толық төленгеннен кейін он жыл өткен соң құқық 
беріледі.
Аталған тұлғалардың жер телімін кепілге беруіне оның сатып 
алу бағасының кемінде елу пайызын төлеген жағдайда рұқсат 
етіледі. Бұл ретте жер учаскесінің сатып алу бағасы төленген 
бөлігі ғана келіп нысана бола алады. 
5. Ауылшаруашылығы мақсатндағы жер телімінің меншік 
иесі болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының 
азаматтығына шыққан кезде жер телімі мемлекет меншігіне 
қайтарылуы тиіс не жер теліміне құқық 10 жылға дейн жалдау 
шартымен уақытша жер пайдалану құқығына бір жыл ішінде қайта 
ресімделуге тиіс. Жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған 
кезде, жер теліміні сатып алу бағасы меншік иесіне осы телімді 
мемлекеттен сатып алған баға бойынша, жер телімдерін сатудан 
түсетін қаражат есебінен төленеді.
Жергілікті атқарушы орган жер телімін сатып алудан бас тартқан 
жағдайда, ол телім оның рұқсатымен Қазақстан Республикасының 
азаматына сатылуы мүмкін. 


131
 6-тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет