Термин сөздерге түсінік
Арнайы жер қоры – ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың,
сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Рес-
публикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учас-
келерінің жəне шартты жер үлестерінің иелері мен жер пайдаланушылар
бастартқан жердің есебінен қүралатын резервтегі жер.
Бастапқы жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығын осы
Кодекстің 32-бабында көзделген тəртіппен тікелей мемлекеттен не осы
құқықтан айыру тəртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған
тұлғалар.
Бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі – құқықтық, сəйкестендіру, эконо-
микалықжəне басқа да сипаттамаларды қамтитын, мемлекеттік жер кадастры
құрамындағы жер учаскелерін есепке алудың қорытынды құжаты.
Жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы – жер
учаскесінің меншік иесі мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе
өтеусіз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесін уақытша пайдалану туралы
шарт негізінде туындайтын, субъектінің жер учаскесін иелену жəне пайдала-
ну құқығы.
Жер – Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі
аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы жəне кез
келген еңбек процесінің аумақтық негізі.
Жерге билік ету құқығы – мемлекеттің Қазақстан Республикасы аума-
ғындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген
құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің əр жер учаскесіне қатысты
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мəмілелер
жасасуға құқығы.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың (рес-
публикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық
маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ
аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық)
округтер əкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері.
Достарыңызбен бөлісу: |