6.4.5. Сауда ғимаратының сипаты
Тауарлар мен қызметтердің басым бөлігі əлі күнге дүкендерде
сатылатындығына қарамастан, өсу қарқыны бойынша дүкеннен
тыс бөлшек сауда дүкеніндегі бөлшек саудадан асып түседі.
Тауарға пошта немесе телефон арқылы тапсырыс беру
бойынша бөлшек сауда.
Тауарға пошта немес телефон арқылы тапсырыс беру бойынша
бөлшек сауда ұғымы пошта арқылы тапсырыстарды жинақтау
жəне (немесе) сатылған тауарларды жеткізуге жəрдемдесу үшін
пошта каналдарын немесе телефон желілерін қолданатын өткізуге
қатысты кез келген əрекетті білдіреді.
Тауарды пошта немесе телефон арқылы тапсырыс беру бойынша
бөлшек сауданың бірнеше түрі бар.
1. Каталог бойынша тапсырыс беру саудасы. Əдетте
сатушылар тұтынушылардың таңдаулы контингентіне каталогтар
таратады немесе оларды өздерінің сауда орындарында тегін
немесе номинальды бағамен алу мүмкіндігін ұсынады. Мұндай
əдісті тауарларға толық таңдауды ұсынатын аралас ассортиментті
жеткізу сауда кəсіпорындары қолданады.
Басқасын айтпағанда, аталмыш үлкен бөлшек сауда кəсіп-
орындарының дүкендерінде каталог бойынша сату секциялары,
ал шағын елді мекендерде арнайы каталогтық бюролары бар.
Бұл бюроларда тұтынушылар каталогтармен танысып, тапсырыс
бере алады. Тапсырыс берілген тауарлар орталық қоймалардан
осы секцияларға немесе бюроларға жеткізіледі, содан кейін,
тұтынушыға телефон арқылы тапсырыстың келгені жəне оны алып
кетуге болатындығы хабарланады.
2. Тікелей маркетинг. Тікелей маркетинг қайраткері кейде
газет, журнал, радио немесе теледидар арқылы тұтынушылар
пошта немесе телефон арқылы тапсырыс беріп, ала алатын белгілі
бір тауардың сипаттамасы туралы хабарландыру береді. Ол
осындай хабарландыруды орналастыру үшін бөлінген жарнамалық
қаржының шегінде тапсырыстардың үлкен көлемін қамтамасыз
ететін жарнама құралдарын таңдайды. Мұндай стратегиялық əдіс
грампластинка, магнитофон лентасы, кітап пен шағын тұрмыстық
электр құралдарына қатысты тиімді саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |