176
177
шығындарды қайтару туралы,
сонымен қатар құқыққа қайшы
өндірісті тоқтату жəне патенттің бұзылуымен жасалған тауарлар
туралы талап арызбен сотқа жүгіне алады.
Есте сақтайтын нəрсе, патент өз иесінің құқығын, əдетте патент
берілген елде қорғайды. Бірақ, соңғы кезде осы жалпы тəртіптен
ауытқу байқалады: Батыс Еуропада Еуропалық патент жəне
«Жалпы нарық» патенті, ал халықаралық тəжірибеде Патенттік
кооперация туралы келісім енгізілген.
Халықаралық келісімдер
патенттерді алу рəсімін едəуір жеңілдетті.
«Инжинирингті сату» дегеніміз не жəне онымен қандай
фирмалар айналысады?
Инжиниринг — кеңесші-фирманың клиент-фирмаға өнеркə-
сіптік жəне басқа да нысандар құрылысына байланысты белгілі
бір қызмет түрін ұсынуы.
Бұл жобаны жасаумен, технологиялық
схеманы құрумен, құрылыстың оптимальды нұсқауларын таң-
даумен, құрал-жабдық, машиналар мен материалдарды жеткізумен,
іздестірулер жүргізумен, нысандарды
пайдалануға беру мен
олардың жұмысын қадағалаумен байланысты түрлі кеңестер
болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: