178
179
7. МАРКЕТИНГТІК ОРТА
7.1. Маркетинг жəне оның ортасы
Маркетинг жүзеге асырылатын орта 7.1.1. суретте көрсетілген.
Онда маркетинг ортасы бес бөлікке бөлінген: бақыланатын
факторлар,
бақыланбайтын факторлар, ұйымның өз мақсатына
жетудегі сəттілік деңгейі немесе сəтсіздік деңгейі, кері байланыстар
жəне бейімделу.
Бақыланатын факторлар қатарына фирма жəне оның маркетинг
бойынша қызметкерлері басқаратын факторлар кіреді. Бірқатар
өзара байланысты негізгі шешімдерді жоғарғы басшылық қабыл-
дайды. Сосын бұл шешімдер маркетингтік қызмет басшылығымен
нақтыланады. Бұл факторлар кешенді түрде жалпы маркетингтік
стратегияны қалыптастырады (7.1.2. суреттегі А).
Негізгі бақы-
ланбайтын факторлар ұйым қызметі мен оның ұсыныстарының
табыстылығына əсер етеді (7.1.3. суреттегі В).
А — Ұйымның жалпы ұсынысы
В — Бақыланбайтын факторлардың əсері
7.1.1. сурет. Маркетинг қызмет ететін қоршаған орта
Ұйымның болжамы мен бақыланбайтын қоршаған ортаның
əсері өзара əрекеттесіп, фирманың мақсатқа жетудегі сəттілік
немесе сəтсіздік деңгейін анықтайды.
Кері байланыс фирма
бақыланбайтын факторларды бақылап, олардың əлсіз жəне мықты
жақтарын бағалауға тырысқан кезде орын алады. Бейімделу — бұл
ұйым бақыланбайтын қоршаған ортаға бейімделу үшін жүзеге
асыратын маркетинг жоспарындағы өзгерістер. Егер ұйым жүйелі
көзқарас тұрғысынан, барлық қоршаған ортаны (бақыланатын
жəне бақыланбайтын факторлар.— ред. ескертуі) қарастырғысы
келмесе, келешекті барлау сезімін жоғалтып, тиісті нəтижеге қол
жеткізе алмауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: