А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет113/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   165
Маркетинг (1)

Фирманың маркетингтік ортасы — фирманың шегінен 
тыс əрекет етіп, маркетинг қызметінің басшылығына мақсатты 
клиенттермен табысты ынтымақтастықты орнату жəне оны сақтау 
мүмкіндігіне əсер ететін белсенді күштер мен субъектілердің 
жиынтығы. Маркетингтік орта микроортадан жəне макроортадан 
құралады. Микроорта дегеніміз фирманың өзіне жəне оның 
клиенттерге, яғни жабдықтаушыларға, маркетингтік делдалдарға, 
тұтынушыларға, бəсекелестерге жəне байланыс аудиторияларына 
қызмет көрсету бойынша мүмкіндіктеріне тікелей қатысы бар 
күштерді білдіреді. Макроорта демографиялық, экономикалық, 
табиғи, техникалық, саяси жəне мəдени секілді факторлар 
түрінде микроортаға əсер ететін анағұрлым ауқымды əлеуметтік 
көзқарасты білдіреді. 
7.1.2. сурет. Маркетингпен бақыланатын факторлар
Бақыланатын фак-
торлар
Фирманың жоғарғы 
басшылығымен
Маркетингпен
Бақыланатын фак-
торлар
Тұтынушылар
Бəсекелестік
Үкімет
Экономика
Технология
Тəуелсіз бұқаралық 
ақпарат құралдары
Ұйымның өз 
мақсатына жетудегі 
сəттілік немесе 
сəтсіздік деңгейі
Бейімделу
Кері байланыстар
А
В
МАРКЕТИНГ
Мақсатты нарықты 
таңдау
Көлем
Сипаттар
Бақылау
Күнделікті
Мерзімді
Маркетингтің
мақсаттары
Бейне Тəжірибе 
Пайда 
Ерекше 
артықшылықтар
Маркетинг
құрылымы
Тауарлар (қызмет)
Тауар қозғалысы, 
жылжыту тəжірибесі
Баға
Маркетингтің 
ұйымдастыру
Түрлері


180
181
7.1.3. сурет. Бақыланбайтын факторлар
7.2. Фирманың қызметіндегі микроортаның негізгі 
факторлары
Кез келген фирманың негізгі мақсаты — табыс табу. Марке-
тингті басқару жүйесінің негізгі мақсаты — мақсатты нарықтар 
тұрғысынан тартымды саналатын тауарлар өндірісін қамтамасыз 
ету. Алайда, маркетингті басқару табыстылығы фирманың өзге 
бөлімдерінің қызметіне, делдалдардың, бəсекелестердің, əртүрлі 
байланыс аудиториялардың əрекеттеріне де байланысты болады. 
Фирманың микроортасы шегінде əрекет ететін күштер 7.2.1. 
суретте көрсетілген.
Қоғамның кəсіпорын мен оның ұсыныстарын қабылдау дең-
гейіне көптеген факторлар əсер етеді. Мысалы, тауар қандай да 
бір əдет-дəстүрлердің ықпалынан сұранысқа ие болмауы мүмкін. 
Бəсекелестік тауар бағасының төмендеуіне алып келеді, бұл өткізу 
заңдылығына елеулі əсер етеді. Көптеген жағдайлар орын алуы 
мүмкін. Инфляция деңгейі сатуды баяулатады. Ресурстардың 
жетіспеушілігі қажетті компоненттердің болмауына əкеледі. 
Бұқаралық ақпарат құралдары фирма туралы жағымсыз пікір 
қалыптастырады. Тұтынушыларды саралау нақты болмайды, 
кейбір маркетингтік қызметтер назардан тыс қалады.Жекелеген 
бөлімшелердің бір бағытқа күш салып, қызметтерін қайталауының 
нəтижесінде, ішківедомстволық бақталастық туындайды. Жыл-
жыту бойынша жаңсақ стратегия бұрыс бейнені қалыптастырады, 
ал бекітілген бағалар сапа дəрежесіне сəйкес келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет