102
103
ұйымдар бойынша сату көлемін арттыру мүмкіндігін анықтау
үшін керек. Одан кейін, географиялық нарықтарға (Францияның,
Таиландтың, Үндістанның нарықтарына) шолу жасайды. Бұл олар-
ды игеру мүмкіндігін нақтылау үшін қажет. Аталған стратегиялық
тəсілдер нарық шекарасын кеңейтуге арналған.
Тауарды жасау. Үшіншіден, сусабын өндірісінің басқарушысы
бар нарықтардың клиенттеріне жаңа
тауарлар ұсынуды ойласты-
руы мүмкін. «Суав» сусабынын жаңа орауышпен, жаңа хош иіспен
немесе жаңа қоспалармен ұсынуға болады. Мұның барлығы — тау-
ар модификациясының ықтимал нұсқалары. Фирма шаш күтімінің
басқа да құралдарын жасап шығаруы мүмкін. Жаңа тауар ойлап
табылса, қазіргі клиенттерді қызықтыруға болады. Бұл — тауар
жасаудың стратегиялық тəсілдері.
Диверсификация. Төртіншіден, «Элен Кертис» фирмасының
құзырында жаңа нарықтарға жаңа тауарларды
ұсыну негізіндегі
диверсификация мүмкіндіктерінің тұтас жиынтығы бар. Оның
бұрынғы ассортименттерге жəне нарықтарға ешқандай қатысы жоқ
өндірісті өзінде ашуына немесе сатып алуына болады. Фирма мы-
надай «сəнді» іс-əрекеттер саласына қосыла алады: бейнеойындар
шығару, мəтіндік ақпаратты өңдеуге арналған құрал-жабдықтар
өндірісі, дербес компьютерлер өндірісі немесе балабақша ашу.
Кейбір фирмалар өздері тартымды деп ойлайтын өндірістің қайта
жаңғырған салаларын айқындауға ұмтылуда. Олардың пікірінше,
жетістіктің құпиясы — тартымсыз
сала аясында экономикалық
тиімділікке қол жеткізуде емес, қызметтің тартымды салаларына
енуде.
Достарыңызбен бөлісу: