128
129
нушыларға
жеткізу жеделдігі, бұзылған жəне жоғалған тауарларға
қатынасы, өткізуді ынталандыру жəне оқу бағдарламаларын жүзеге
асыру бойынша фирмамен ынтымақтастығы,
сондай-ақ делдал
тұтынушыларға көрсетуге тиісті қызметтер жиынтығы бойынша
бағалау керек.
Əдетте, өндіруші делдалдарға өткізу бойынша белгілі бір
норманы белгілейді. Ол кезекті жоспарлы кезең өткеннен кейін,
барлық делдалдарға əрбірінің сауда қызметі жөніндегі көрсеткіштері
көрсетілген мəліметті жібере алады. Бұл мəлімет артта қалып қойған
делдалдарды жақсы жұмыс істеуге ынталандырып, озаттарға қол
жеткен жетістіктен таймауға итермелейді.
Делдалдардың сауда
қызметінің көрсеткіштерін олардың алдыңғы кезеңдердегі өз
көрсеткіштерімен салыстыруға болады. Бүкіл топ бойынша орташа
пайыздық көрсеткіштер өсімін норма деп есептеуге болады.
Өндірушілер өз дилерлеріне ерекше назар аударуы керек, дел-
далдарға тиісті көңіл бөлмейтіндер олардың қолдауын жоғалтып,
заңға қайшы келуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: