А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Басқару бойынша қызметтер жəне кеңестік қызметтер



Pdf көрінісі
бет87/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   165
Маркетинг (1)

9. Басқару бойынша қызметтер жəне кеңестік қызметтер. 
Көтерме сатушы көбіне бөлшектеп сатушылардың сатушыларын 
үйрету, дүкеннің схемасын жасау, экспозициясын құру, соны-
мен қатар бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру жəне қор-
ларды басқаруға қатысып, олардың қызметтерін жетілдіруге 
көмектеседі. 
Соңғы жылдары орын алған экономикадағы бірнеше маңызды 
бағыттар көтерме сауданың дамуына жол ашты: 1) дайын өнімнің 
негізгі тұтынушыларынан қашық орналасқан ірі кəсіпорындардағы 


146
147
жаппай өндірудің артуы; 2) нақты тапсырыс бойынша емес, 
артығымен өндіру көлемінің артуы; 3) аралық өндірушілер мен 
тұтынушылар санының өсуі; 4) тауарларды сан, орауыш жəне 
əралуандық тұрғысынан аралық жəне соңғы тұтынушылардың 
мұқтаждықтарына бейімдеу қажеттілігінің артуы.
6.3.3. Көтерме сауда кəсіпорындарының түрлері
Көтерме саудагерлер тауарға меншік құқығын иеленеді. Бро-
керлер мен агенттер тауарға меншік құқығын өздеріне алмайды. 
Өндірушілердің көтерме сауда бөлімдері мен кеңселері көтерме 
саудамен айналысатын өндірушілердің бөлімшелері болып та-
былады. 
Көтерме саудагерлер — бұл өздері жұмыс істейтін барлық 
тауарларға меншік құқығын иеленетін тəуелсіз коммерциялық 
кəсіпорындар. Оларды əртүрлі қызмет саласында түрліше атайды: 
көтерме фирмалар, көтерме дистрибьюторлар, жабдықтау үйлері. 
6.3.3. кесте
Көтерме сатушылардың жіктелуі
Көтерме саудагерлер
Брокерлер 
мен 
агенттер 
Өндірушілер-
дің көтерме 
сауда бөлім-
дері жəне 
кеңселері
Əртүрлі 
маманданған 
көтерме 
сатушылар
Толық қызмет көрсету циклы 
бар көтерме сатушылар
Өндірістік мақсаттағы 
тауарлардың 
дистрибьюторлары 
Шектеулі қызмет көрсететін 
циклы бар көтерме сатушылар 
Тауарды жеткізбестен, қолма-
қол есеп айырысатын көтерме 
сатушылар
Коммивояжер көтерме 
сатушылар 
Консигнант көтерме 
сатушылар 
Ауыл шаруашылық өндірістік 
кооперативтер 
Көтерме сатушылар — 
жіберуші саудагерлер
Брокерлер 
Агенттер
Өткізу 
бөлімшелері 
мен 
кеңселері
Сатып 
алатын 
кеңселер
Ауыл 
шаруашылығы 
өнімдерін сатып 
алатын көтерме 
сатушылар
Көтерме сауда 
бойынша 
мұнай базалары
Аукционға 
қатысатын 
көтерме сатып 
алушылар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет