Мақсатты нарық туралы шешім. Бөлшек сатушылар сияқты
көтерме сатушыларға барлығына бірдей қызмет көрсетуге
тырысқаннан гөрі, өзінің мақсатты нарығын таңдап алу қажет.
Көтерме сатушылар клиенттердің мақсатты нарығын олардың
көлеміне (мысалы, тек ірі бөлшек сатушылар), түріне (мысалы, тек
азық-түлік дүкендері), қызметке қатты қызығушылықпен қарауы
(мысалы несиелеуге мұқтаж клиенттер) жəне басқа да критерилер
негізінде таңдай алады. Көтерме сатушы мақсатты топтың
аясында өзіне тиімді клиенттерді анықтап, олар үшін тартымды
ұсынысты дайындап, олармен айтарлықтай тығыз қарым-қатынас
орната алады. Ол мұндай клиенттерге қайталап тапсырыс берудің
автоматты жүйесін ұсына алады, жетекшілікті оқыту үшін курстар,
консультациялық қызметтер ұйымдастырып, тіпті ерікті тораптың
демеушісі де бола алады. Сонымен қатар, көтерме сатушы пайдасы
аз клиенттерді минимальды тапсырыстың көлемін жоғарылату
немесе шағын көлемдегі тапсырыс бағасына үстеме қосу арқылы
өзінен ығыстыра алады.
Тауар ассортименті жəне қызметтер кешені туралы шешім.
Көтерме сатушының «тауары» ол ұсынатын ассортимент болып
табылады. Көтерме сатушыларға олар толық ассортимент ұсынуы
жəне сатып алушыларға дереу жеткізіп беруге қажетті тауарлар-
дың жеткілікті қорын ұстауы үшін қысым көрсетіледі. Бірақ, бұл
жағдайдың табысқа кері əсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті, көтерме
сатушылар тауардың қанша ассортиментті тобымен айналысу
керектігі туралы ойланып, өзі үшін ең тиімді тауар топтарын ғана
іріктеп алады.
Сонымен бірге, көтерме сатушылар қандай қызметтер клиент-
термен тығыз қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, ал қандай
қызметтерден бас тартып, оларды ақылы түрде жасау керек деген
сауалдардың төңірегінде ойлануда. Бастысы — клиенттердің
көзқарасы тұрғысынан құнды саналатын нақты айқындалған қыз-
меттер кешенін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |