154
155
Кəсіпорынның орналасу жері туралы шешім. Көтерме
сатушылар əдетте өз кəсіпорындарын жалдық ақы жəне салық
көлемі
арзан аудандарға орналастырып, аумақты жөнге келтіру
мен ғимаратты жабдықтауға барынша аз шығын жұмсайды.
Олар қолданатын жүк өңдеу жəне тапсырыстарды өткізу əдістері
көбіне қазіргі заманғы техника мен технология деңгейінен артта
қалған болып келеді. Алдыңғы
қатарлы көтерме сатушылар
өсіп келе жатқан шығындармен күресу үшін жаңа əдістер мен
қызмет амалдарын жасайды. Осындай əдістердің бірі түсетін
тапсырыстарды перфокартаға жазып, сосын электронды есептеуіш
машинасына түсетін автоматтандырылған қоймалардың жасалуы
болды. Тауарлар сақтау орнынан механикалық құрылғылардың
көмегімен алынады жəне тапсырысты іріктеу жүретін тиеу
платформасына транспортердің көмегімен біреледі. Қойманы
механизациялау көптеген кеңсе
жұмыстарын механикаландыру
секілді, жоғары қарқынмен дамуда. Көптеген көтерме сатушылар
компьютерлер мен мəтіндік процессорлардың көмегіне жүгініп,
оларды бухгалтерлік операциялар, есептерді беру,
тауарлы-
материалдық қорларды басқару жəне болжау үшін пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: