А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет96/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   165
Маркетинг (1)

6.4. Бөлшек сауда
6.4.1. Бөлшек сауданың түп негізі жəне мағынасы
Бөлшек сауда — бұл тауарларды немесе қызметтерді 
тұтынушыларға олардың коммерциялық емес, жеке қолданулары 
үшін тікелей сату бойынша кез келген қызмет. Осындай қызметпен 
айналысатын кез келген мекеме бөлшек саудамен айналысады. Айта 
кететіні, тауарлардың немесе қызметтердің қалай сатылатыны (жеке 
сату əдісімен, поштамен, телефон немесе сауда автоматы арқылы) 
жəне қайда сатылатыны (дүкенде, көшеде немесе тұтынушының 
үйінде) маңызды емес.
Ірі бөлшек сауда фирмалары — бұл ең алдымен аралас 
ассортиментті универмагтар жəне универсамдар торабы. 
Қоғамдық топтардың біріне немесе жаппай нарыққа сату болсын, 
жылдар өткен сайын бөлшек саудагерлер өздерінің қарқынды 
өзгеріп жатқан орта жағдайында əрекет ететіндерін түсінді. 
Қазіргі заманғы бөлшек саудагерге өзгерістердің белгісін 
мұқият бақылап, өз стратегиясын қайта бағдарлауға дайын болу 
қажет. Алайда, стратегияны өзгерту туралы шешімді орындау 
оңай емес. 
Ірі бөлшек саудагер көбіне өзінің саяси мақсатына байлаулы. 
Сонымен қатар, ол өзінің қоғамдық бейнесіне үйренген. Оның 
қоғамдық бейнесі дүкен өзгергеннен кейін де ұзақ уақыт 
тұтынушылардың санасында сақталады. 
Бөлшек саудада шағын «отбасылық» дүкендер көп. Ұсақ бөл-
шек саудагерлердің мекемелері бірнеше себептерге байланысты 
маңызды рөл атқарады: 1. Оларда бөлшек сауданың жаңа формалары 
жиі пайда болады, бұл формаларды кейіннен үлкен дүкендер де 
қабылдап жатады. 2. Олар барлық жерде кездесетіндіктен, тұты-
нушылар үшін қолайлы. 3. Олар көбіне бейімделушілік деңгейінің 
жоғарылығымен ерекшеленеді жəне тұтынушыларға жеке қызмет 
көрсетеді. 4. Олар сатып алушыларға өздерін жағдайдың қожайыны 
ретінде сезінуге мүмкіндік береді. 
6.4.2. Бөлшек сауда кəсіпорындарының түрлері
АҚШ-та əртүрлі мөлшердегі жəне формадағы миллиондаған 
бөлшек сауда нүктелері бар. Бұған қоса, өзіне ескі формалардың 
қандай да бір белгісін қабылдаған бөлшек сауда формалары 
үнемі пайда болуда. Мысалы, қазіргі заманғы «К-Март» дүкендер 
торабында универсам мен төмен бағалар дүкенінің белгілері 
үйлесім тапқан. Əртүрлі тұтынушыларға сауданың əртүрлі 
формалары ұнайтын болғандықтан, тұтынушылар үшін əртүрлі 
деңгейде қызмет көрсететін кəсіпорындардың бір мезгілде қызмет 
атқарып, жетістікке жетуі мүмкін жағдай деп санауға болады. 6.4.1. 
суретте қызмет көрсетудің төрт деңгейі ұсынылып, осы деңгейлерді 
тəжірибеде қолданатын сауда мекемелері көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет