А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет176/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   222
1679742366435 (2)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ақпараттандыру инфрақұрылымын дамыту 
саласындағы шетел тәжірибесін сараптамалық шолу». Алматы. 2020 ж. 
2. 
Королева Н.Л., Мещерякова Л.А. «Мультимедиялық білім беру бағдарламалары 
мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту құралы ретінде» . Тамбов 
университеті Жаршысы. 2019ж. 
3. 
Киселева Г.Г. «Мектепке дейінгі балалардың ғылыми-зерттеушілік қабілетін дамыту" 
мақаласы. Қаракөкше. 2016 ж.
Сарсекеева Т.Т. Абильтусупова С.Т. 
Қарағанды қаласы, «Балбөбек» КМҚК бөбекжайы
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДА 
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ 
Баланың жеке басының дамуына, физикалық, психикалық дамуына қазіргі қоғамда 
көптеген талаптар қойылуда. Қазіргі кезеңде ұлтымыздың денсаулығын сақтау- маңызды 
міндет, ал отбасы жағдайында және қоғамдық тәрбиедегі бала дамуы басты назарда. Болашақ 
оқушылардың денсаулығының төмендеуіне мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс 
белсенділігінің төмендеуі, баланы мектепке дайындауға байланысты сабақтардың көбеюі 
себеп болуда. Ал бала қаншалықты сау болса, соншалықты дамиды емес пе?! Сондықтан 
МДҰ педагогтарының мектеп жасына дейінгі балалардың психофизикалық дамуы мен 
денсаулығын сақтауға бағытталған технологияларды қолдану қажеттілігі туындайды. Ата-
аналар мен балалармен жұмыста денсаулық сақтау, денсаулық шығармашылық атмосфераны 
жетілдіру, өз денсаулығын сақтау мен нығайту маңызды болмақ. Қолданылатын 
технологиялар мектеп жасына дейінгі балалардың, ата-аналардың, педагогтардың салауатты 
өмір салтына деген қызығушылығын арттыруы керек.
Заманауи денсаулық сақтау технологиясы сауықтыру-дамыту жұмысының екі бағытын 
көрсетеді: балаларды физикалық мәдениетке тарту және балалармен сауықтыру жұмысын 
жүргізуде дамытушы формаларды қолдану.
Мектепке дейінгі білім беруде денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: мектеп 
жасына дейінгі балаға салауатты өмір салты міндеттерін дербес шешуге көмектесетін дене 
мәдениетін тәрбиелеу мен бала денсаулығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету. [2, 14б]
Қазіргі таңда МДҰ-да төмендегідей денсаулық сақтау технологиялары қолданылуда: 
1. 
Денсаулықты сақтау және жетілдіру (стретчинг, ритмопластика, динамикалық 
үзілістер, релаксация, қимылды және спорт ойындары) 
2. 
Эстетикалық бағытта (жаттығулар: саусақ, тіл, көзге, арналған, дем алу, 
белсендіру, түзету, ортопедиялық); 
3. 
Салауатты өмір салтына баулу (дене тәрбиесі сабақтары, өзекті ойындар (ойын 
тренингтері, ойын терапиясы), қатынас ойындары, өзіндік массаж, нүктелік массаж, 
ертеңгілік гигиеналық жаттығу); 
4. 
Коррекциялық (арттерапия, музыкалық әсер технолгиясы, ертегі терапиясы, 
түс арқылы әсер ету технологиясы, психологиялық жаттығулар, фонетикалық ырғақ). 
Соның ішінде ритмопластика технологиясына жеке тоқталып, оның күн тәртібіндегі 
орнын анықтайық. 


307 
 «Пластика» терминін қолданғанда музыка арқылы еркін қозғалу әдістемесі негіз 
болады. Балаларға әртүрлі пластикалық құралдарды қолдану ұсынылады: бұл негізгі, жалпы 
дамытушы қимылдар, алуан түрлі ишаралар, би қимылдары және т.б. Кейбір композициялар 
балаларға этюд түрінде беріледі, кейде образды ойындық және ырқақтық билер түрінде 
болады. Дәстүрлі хореография, ырғақтық жаттығудан айырмашылығы ритмопластиканың 
негізгі мақсаты әр баланың психологиялық ашылуы, өз күшіне сенуі, өз денесін «көркем 
аспап» ретінде игере алуы.
Балалармен ритмопластика қызметін өткізу - өзекті мәселе. Ритмопластика негізінде 
музыкаға бағытталған іс-әрекет түрі, ал қимыл музыкалық образды көрсетеді.
Ритмопластика балалардың ырғақтығын, қимыл-қозғалыс сапасы мен іскерлігін, 
шығармашылық қабілетін, ырғақтық сезімін, адамгершілік-эстетикалық қабілеттерін 
дамытады. Ритмопластиканың негізгі бағыттарының бірі баланың психологиялық еркіндігі 
болып табылады. Ритмопластика қызметі баланың коммуникативтік дағдыларын жетілдіріп, 
эмоционалдық аясын байытады. Ритмопластиканы өткізу тәжірибесі оның қолжетімді 
екендігін және тартымдылығын көрсетті. Ырғақтық композицияның негізі ретінде 
қарапайым қимылдарды алуға болады. [1, 26б]
Ритмопластиканы бөбекжайда қолданудың мақсаты - мектепке дейінгі кіші жас 
топтарында ритмопластика арқылы балалардың қимыл-қозғалыс дағдылары мен 
іскерліктерін дамыту және жетілдіру. 
Міндеттері: 
1. Орындау мәнерлігі, жеңілдік, шынайылықты меңгере отырып негізгі қимылдар 
техникасын жетілдіру. 
2. Баланың жеке тұлғасын жан жақты дамытуды қамтамасыз ету: шығармашылық, 
қиял-ғажайып, бастамашылдық; дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын
дамыту. Музыка әуені арқылы таныс дене жаттығуларын жасау, музыка әуенінің 
сүйемелдеуімен қимыл ырғағын үйлестіру іскерлігін дамыту; әртүрлі іс-әрекет түрлерінде 
дене бітімін дұрыс ұстауды сақтау. 
4. Көркем-эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу. 
Музыкаға икемділік тәжірибесін ала отырып балалар әртүрлі қимыл дағдылары мен 
іскерліктерді меңгеріп қана қоймай, музыканың шығармашылық мәнін түсіну тәжірибесін 
қолданады, физикалық және коммуникативтік дағдылары дамиды. Олай болса, 
ритмопластиканың өзектілігін осыдан көруге болады.
Ритмопластика – баланың 
шығармашылық қабілетін, оның ішкі әлеуетін 
ашып, іске асыруға мүмкіндік беретін спорттың бір түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет