61
Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балаларда бірдей бағдарламалық материал бірнеше
рет қайталануы керек және әр түрлі беру формалары үлкен маңызға ие.
Бүгінгі таңда біздің өмірімізді ақпараттық ресурстарсыз елестету мүмкін емес.
Себебі
компьютерлік
технологияны
қолданудың
өзектілігі
ақпараттық
қоғамның
қарқындылығымен, мультимедиялық технологиялар, электрондық ақпараттық қорлардың
кеңінен тарауы, оқытуда, қарым - қатынас жасауда және тәрбиелеуде желілік
технологиялардың мәжбүрлі қолданылуында болып отыр. Балабақшада АКТ-ны қолдану –
қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселесі деп айтсақ, артық болмас. Мұндай
технологияны қолдану балабақшадағы білім беру процесін байытуға, сапалы жаңартуға және
оның тиімділігін арттыруға сондай-ақ балалардың жеке
іс-әрекетін және танымдық
процестерін дамытуға, өмірге бейімделген шығармашылық тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік
береді. Мен өз қызметімде компьютермен жұмыс істеудің тиімді түрі - Microsoft
компаниясының «Power Point» бағдарламасын, яғни мультимедиялық презентацияларды
қолданамын. Бұл маған педагогикалық процесті оңтайландыруға, танымдық дамудың
әртүрлі деңгейлері бар балалардың оқуын дараландыруға және педагогикалық қызметтің
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтсам,
балалармен ұйымдастырылатын
әртүрлі іс-әрекеттің түрлеріне: жаңа материалды түсіндіру, қайталау кезінде, көрнекі
гимнастика, жаттығулар кешендерін үйретуде, виртуалды саяхат жасауда, квест-
ойындарында, интеграцияланған іс-әрекеттерін өткізуде, дамытушы сипаттағы тапсырмалар
орындауда, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізгенде әртүрлі анимация әсерін
қолданып, балалардың назарын аудартып, қызығушылықтарын арттырып, жаңа материалды
жақсы игеруге ықпал етеді. Мысалы: математика негіздері ҰІӘ-де балалардың
арифметикалық есептерді құрастыру және шешу қабілетін сәтті қалыптастыру үшін
«Қояндарға үйлерін табуға көмектес», «Егін жинайық», «Геометриялық фигуралар қаласына
саяхат», «Көршісін тап», «Математика елінде» т.б. ойындарында балалар әр түрлі
кейіпкерлерге көмектесе отырып, бірқатар математикалық тапсырмалар орындады. Ойын
барысында балалардың қызығушылықтары артып,
зейіндері жинақталып, жағымды
эмоциялар туғызғаны байқалды. PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, мен логикалық ойлауды, арифметикалық есептерді құрастыру және шешу қабілетін
зейінді дамытуға арналған дидактикалық ойындар сериясын әзірледім: «Жоғалған санды
тап», «Алмаларды шыққан мән бойынша жинау», «Логикалық тапсырмалар» (1-сурет)
№1- сурет. Дидактикалық ойындар сериясы
ІТ технологиялардың көмегімен балабақшадағы тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстар эмоционалды, жарқын, қызықты, өтеді. Мұндай жұмыстарда балалардың
қоршаған орта туралы түсініктері кеңейеді, балалар заттардың әртүрлі физикалық және
химиялық қасиеттерімен танысады. Балаларға табиғатта байқауға болмайтын құбылыстарды
түсіндіргеннен, өз көздерімен қарау әлдеқайда қызықты, мысалы табиғаттағы су айналымы,
өсімдіктердің
даму циклдары, т.б. Балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
мақсатында интерактивті ойындар қолданамын (2-сурет).
62
№2- cурет. Интерактивті ойындардағы ІТ құзіреттілік
Мысалы, тілдің грамматикалық құрылымын жетілдіру үшін «Кім қайда тұрады?»,
«Кімге жұмыс істеу керек?», «Не артық?», «Керісінше» ойындарын ұсынамын. Балалар
тінтуірдің көмегімен суреттегі қосымша затты көрсетіп, таңдауларын түсіндіреді, ары қарай
компьютер экранына белгілердің бірін көрсететін бір тақырыптық сурет шығады, мысалы,
қара мысық, ал балалар өз сөздерін қарама- қарсы белгілермен атауы керек, мысалы-ақ сүт.
Осылайша, балалардың сөздік қоры да белсендіріледі. Осындай ойындардың арқасында,
әдетте, ҰІӘ жоғары белсенділікпен ерекшеленбейтін балалар өз пікірлерін белсенді түрде
айта бастайды. Тағы бір қосатыным, ата-аналарға кеңес беру, жиналыстар жүргізгенде
балаларының өмірі мен шығармашылығын бақылайтын әртүрлі фотографиялық,
видео
презентацияларды белсенді пайдаланамын. Бұл әдіс ата-аналармен жағымды қарым-қатынас
орнатуға мүмкіндік береді, себебі олар баланың балабақшадағы уақытын қалай өткізіп
жатқанын, режимдік сәттерін тікелей көреді, пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісіп
көмектеседі.
Қорыта келгенде, балабақшада ақпараттық технологияны пайдалану-бала танымын
жан-жақты дамытудың шешуші құралы. Ақпараттық технологияларды пайдалану
тәрбиеленушілердің танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай,
логикалық ойлау
жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Ақпараттық-
компьютерлік технологияларды қолдана білу педагогикада жаңа әлеуметтік-экономикалық
шарттарда өзін жайлы сезінуіне, балабақшаға- ашық білім беру жүйесі ретінде қызмет ету
мен даму режиміне көшуіне көмектеседі. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде білім беру
сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдансақ, қазіргі қоғам
алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуде, яғни жан – жақты көп мәдениетті, шығармашыл,
әлеуметті бейімделген тұлға қалыптастырсақ еліміздің болашағы баянды болмақ!
Достарыңызбен бөлісу: