139
ұйымдастыру жаңа технологиялар, инновациялық жаңашылдықты талап ететін кешенді іс-
шаралар өткіземін. Себебі, жас ұрпаққа ұлттық патриоттық
рухты сезіндіру толассыз
өзгермелі қоғамдағы негізгі бағдар мен темірқазық болу керек. Бала бойындағы жақсы
қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне
балабақшаның тигізер пайдасы орасан зор.
Баланың бойында адамгершілік-патриоттық тәрбиені қалыптастыруда ақпараттық
технологиялардың маңызы зор. Компьютерді неғұрлым қызықты және танымдық іс-
шараларға пайдаланудың бір нұсқасы- ол бейнепрезентация көрсету. Мектеп жасына
дейінгі балаларға арналған бейнепрезентацияның өзіндік ерекшелігі бар. Балалардың оқу
шеберлігі қалыптаспағандықтан
немесе нашар қалыптасқандықтан, презентация ең аз
мәтіндік ақпаратты қамтып, мәтіндік материал слайд атаулары немесе слайдқа қысқа
сұрақтар түрінде ұсынылуы мүмкін. Слайдтардың негізгі мазмұны, ең алдымен,
аудиожазбадан, бейнелерден, фотосуреттер жиынтығынан немесе мектеп жасына дейінгі
балалардың визуалды-бейнелі ойлауына жақсы жауап
беретін тақырыптық суреттер
сериясынан тұрады. Бұл бейнелерді көру барысында балалардың көзбен көру қабілеті
дамып, таным белсенділігі де арта түседі. [1,б.12].
Біздің бөбекжайымыз дарынды және білімді ұрпақ тәрбиелеуде, оларды тұлға етіп
қалыптастыруда білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отырады. Оқу-тәрбие
үрдістерінде Триз технологиясын, В.В. Воскобовичтің дамыту ойындарын, «Кюиюзинер
таяқшаларын», интеллектум ойындарын кеңінен қолданады.
В.В. Воскобовичтің технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және
ойын іс-әрекетінің нәтижеге бағыттау идеясына негізделген. Кішкентай баланы
тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі – оның ақыл-ойын дамыту,
жаңа нәрсені оңай
игеруге мүмкіндік беретін ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру. В.В. Воскобовичтің дамыту
ойындары үнемі күрделенетін дамытушы сұрақтар мен танымдық тапсырмалардан
құралады. Бұл ұзақ уақыт бойы білім беру іс-әрекетінің әртүрлі мәселелерін шешу үшін бір
ойынды пайдалануға мүмкіндік береді.
Балалардың зейінің, есте сақтауын, қабылдауын, ойлауын, қиялын анықтайтын
ойындарды «Power Point» бағдарламасы арқылы жасаймын. Power Point бағдарламасы өте
ыңғайлы, бір презентацияға бірнеше ойын түрін жасап, жұмыс жасауға ыңғайлы
мультимедиялық құрал. Балабақша баласына электрондық құралдар, біріншіден олардың
қызығушылығын
арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар, түсінбеген жерлерін
қайта көруге мүмкіндік береді.
АКТ-ақпараттық коммуникациялық технологияларын күнделікті ұйымдастырылған
оқу қызметімізде қажетінше қолданып отырамын. Әсіресе, ашық сабақтарда, оқу
қызметтерінде, тақырыптық сабақтарды өткенде, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырғанда
ақпараттық технологияларды қолдану өте тиімді. (Сурет №1, Сурет № 2)
Сабақта АКТ қолдану Сурет № 1, сурет №2
Ыбырай атамыздың «Әке мен бала» немесе «Бақша ағаштары» әңгімесін балаларға
«You tobe» желісі арқылы тыңдатамын, балалар ұйып тыңдаған соң, «Суретті галерея» әдісі
арқылы балаларға сурет кесінділерін таратып, оқиғаларды рет-ретімен орналастырамыз,
қарапайым деңгейде жүзеге асырылады.
«Бақша ағаштары»
әңгімесін оқи отырып, «Білім ағашы» әдісі арқылы ағаштың
суретін тақтаға іліп, балалармен ағаштың өсуіне жақсы қасиеттерді ілу арқылы
140
көмектесеміз. «Бақша ағаштары» шығармасы әке мен баланың сұхбатымен басталады.
Баласының бір ағаштың неге қисық, неге түзу деген сұрағына әкесі: «Балам, анау ағашты
күткен, суарған, қисық бұтақтарын кесіп тастап, ертелі кеш тәрбиелеген. Сондықтан ол
ағаш түп түзу болып, жақсы өскен. Ал мынау ағашты күтушісі болмаған, өз бетімен өскен,
тәрбиелемеген. Сондықтан ол қисық боп өскен.» Шығарманың қорындысы да өте ұтымды.
Бағу мен тәрбиелеуде көп мағына бар. Мұнан көп ғибрат алуға болады. Қарапайым мысал
арқылы шығармаларынан себепсіз жақсылық жасау идеясы жарқын көрініс береді. Ұят,
иман сияқты асыл қасиеттерді алға қояды. Бұл шығарманың өзінен кіші түгіл, үлкен
адамның өзі зор тәрбие алары сөзсіз. Ұйымдастырылған іс-әрекетте кішкентай балаларға
осы қасиеттерді үлгі етіп, ойын арқылы түсіндіруге тырысамын.[2,б.83].
АКТ пайдаланып, өнегелі тәрбиені қалыптастыруда балалар:
•
Ізгілік бастамасымен тәрбиеленеді;
•
Өз отбасына,
туған қала, сыныптастарына, көшесіне қамқорлықпен қарауды үйренеді;
•
Табиғатты сүйіп, аялауды үйренеді
•
Үлкендер еңбегін құрметтей біледі;
•
Рухани, сауатты, білімді тұлға қалыптасады;
Мәңгілік ел идеясын басшылыққа ала отырып, ұрпақ тәрбиесінде отбасы мен
тәрбиешінің ортақ міндеті көп. Ұлт педагогтарының қаншама жылдар тарихпен біте
қайнасқан ұрпақ тәрбиесіндегі тәжірибелері бізге өнегелі үлгі екені анық. Еліміздің
тәуелсіздігінің отыз жылдығында отыз тағылымды
білім мен тәрбиені бағдар етіп, бала
жанының бағбаны, шамшырағын жағар нағыз тәрбиеші ұстаз болу - біздің парызымыз.[3,
б.52].
Достарыңызбен бөлісу: