143
Дүние есігін ашқан әрбір нәресте отбасында ата мен әженің, әке мен ананың, жылулық
шапағатына бөленіп өседі. Берілетін тәрбие әр отбасыда түрліше,
өздерінің қалыптасқан
отбасылық құндылықтары арқылы, үлкендердің өмір жолдары арқылы тәрбиеленеді.
Ертегі-баланың рухани өмірінің қажетті элементі. Ғажайыптар мен сиқырлар әлеміне
ене отырып, бала өз жанының тереңдігіне енеді. Халық ертегілері балаларды ерекше
оқиғалар, кейіпкерлерімен болатын қиял, өзгерістерін білдіреді. Олар адамдарға жақсы
қарым-қатынасты үйретеді, жоғары сезімдер мен ұмтылыстарды көрсетеді. Балалардың
ертегі кейіпкерлерімен кездесуі оларды бей-жай қалдырмайды. Қиындыққа тап болған
кейіпкерге көмектесу, ертегі жағдайын түсіну - мұның бәрі баланың ақыл-ой белсенділігін
ыңталандырады, қызығушылықты дамытады. Ертегілерден балалар көптеген білім алады:
уақыт пен кеңістік туралы алғашқы идеялар,
адамның табиғатпен, объективті әлеммен
байланысы туралы.
Мектеп жасына дейінгі балалар өмір мен өлім, махаббат пен жеккөрушілік сияқты
күрделі құбылыстар мен сезімдерге тап болады; ашу мен жанашырлық, опасыздық пен
сатқындық. Сондықтан, ертегі үлкендер мен кішкентайлар үшін өмір бойы сабақ болып
табылады.
Өкіңішке орай, бүгінгі таңда біздің балалар ертегілермен емес, заманауи
мультфильмдермен тәрбиеленуде. Ата-аналардың көпшілігінде баламен бірге отыруға және
кітап оқуға уақыты болмай жатады. Қазақтың бесік жырын шетелдің
даңғаза әуені алмас-
тырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі ойындар, түрлі мультфильмдер
алмастырды.
Ал әженің орның техника басты. Алайда қазақ халқы ғасырлар бойы қалыптасқан
дәстүрден ажырап бара жатқаны көрініп тұр. Балалар психологтары бұл балаларды
тәрбиелеудегі ересектердің үлкен қателігі деп санайды. Ата-аналар және біздің
логопедиялық пунктін балаларына арналған сауалнамасы көрсеткендей, үйде балалар
кітаптарын оқуға аз уақыт бөлінеді, ал кейбір ата-аналар тіпті халық ертегілерін атай
алмайды. Сондықтан біз балаларымыздың дамуы мен тәрбиесіндегі ертегілерге көбірек
уақыт бөлуді шештік.
Сонымен, «Әжемнің ертегісі» атты жобаға қатысып балалар, ата-аналар, педагогтардың
арасында қызығушылықтарын тудыру үшін ертегілер арқылы
халықтың болмысын тану
және оны бүлдіршіндерге таныту, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін
дарытып, ұлттық қабілеті мен шешендік өнерлерін дамытуы керек болып табылады.
Ертегі—ауыз әдебиетінің асыл мұраларының пікірлерін тыңдайтын болсақ, ертегінің
бала тәрбиесінде, оның танымдық қасиетінің жан-жақты жетіуіне, рухын, қиялын, сөздік
қорын байытып, тілін дамытып маңызды орын алатын денгейге жетілдіреміз деп күтілетін
нәтиже қойдық.
Логопедиялық пунктін балалардың ертегі арқылы ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге.
Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке,
сезімге баулу керек деп
мақсат қойдым.
Бірінші кезенінде жоспар құрып балалармен, ата аналармен және педагог арасында
ұйымдастырылған сауалнама, кеңес, жадынама сияқты іс шаралар өткізіліп отырылды.
«Баланыздың өміріндегі ертегі» атты ата-аналарға арналған сауалнамаға белсенді қатысып,
сұрақтарға жауптарын берді.
Осы жоба аясында ата-аналарға рухани-адамгершілік маңыздылығын түсіндіру
мақсатында «Отбасымызбен ертегі оқимыз» кеңесін ұсындым. Сонымен қоса «Шығармашыл
отбасы» атты конкурсын ұйымдастырдым. Менің мақсатым ата-аналар мен балалардың
шығармашылық жұмысқа деген белсенділігін артыру. Қатысушылар үй тапсырмасын
орындап сүйікті ертегілерінің киіпкерін салып келді. Әр бала өздерінің салған суреттеріне
мақтан қарады.
Жобаның екінші кезеңіде ертегі әлемінен әже келіп «Жеті өнерпаз» ертегісін балаларға
әнгімелеп беріп еді, балалар мұқият тындап, ертегінің соңында ғажайып әлемге тап
болғандай сұрақтарын қойып қызығушылықтарың арттырып отырды.[1]
144
Педагогтар арасында «Өнерпаз Ханшайымдары» атты
семинар-практикум өткізіліп,
педагогтарымыз өте белсенді қатысып.
«Көңілді тіл туралы» ертегісін айтып отырып
артикуляциялық жаттығу жасалынды, өз ойларынан коллаж ертегісін құрастырып және
ойдан ертегі құрастырып «Бақытты тапқан қыздар», «Сиқырлы әуенің күші», «Добрый
мальчик Айдос» деген ертегілер де жарыққа шықты. Педагогтар шығармашылықтарын
артырып «Бақытсыз бай», «Алдар Көсе мен бай», «Қожа мен хан» ертегісін сахналап берді.
[2]
Үшінші кезенінде педагогтар арасында ұлттық ертегісі туралы деңгейін тексеруге
мүмкіндік беріліп ертегілерге арналған тест өткізіліп, жауаптары жақсы нәтиже берді. «Өзің
оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген кітап арасын жақындататын, кітап оқуға
шақыратын
қоғамдық
қозғалыстардың
бірі.
Буккроссингтің
ережесі
бойынша,
/balalaralemi.kz/ интернет жүйесінен оқушы балалар оз ойларынаң құрастырылған елуге
жүйік ертегі кітапшаларын жарыққа шығарып, қоғамдық қозғалысқа қатысушылар
пайдаланып жүр.[3]
Ата мен әженің тәрбиесі ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландырып тұрады.
Көпті көрген көнекөздің өмірден алған тәжірибесі мол. Қазақта
ата-әжесінің тәрбиесін
көрген бала басқаша болады, айналасының да көзқарасы оған ерекше-тұғын. Өйткені ауыл
үлкендерінің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскен баланың сана-сезімі
басқалардан ерекше болып қалыптасады. Сондықтан әжелерді таптырмас тәрбие мектебі
дейміз.
Сонымен, Сіздер үшін бар ыңта, жігері мен өмірден алған өнегесін бала жүрегіне құяры
педагогтар әжелерімізді қарсалайық деп «Өнерлі әже» атты сайысымызды өткіздік.
Сайыс бес өлшемнен тұрды ол; Сәлемдесу; Сұрақ – жауап; Әженің ертегісі; Салт
дәстүр; Қол өнер; Педагогтарымыз өте белсенді қатысып яғни өте жоғары деңгейде
дайындалғаны көрініп тұрды, болашақ, жарқын әжелер
болатыны аңық десек те
қателеспейміз. [4,5,6]
Жобамыздың сонында балаларға арналған халыққаралық «Алдар мен Бай» атты
ертегісін сахналап бердік. Балалар қызушылықтарын артырып мұқият тамашалады, соңында
балалар жарыса отырып қалай Алдар Байды алдап жылы тоның қолына түсіргенің айтып
берді. [7]
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді өз
бойымыздағы ерекше қасиеттерімізді, таланттарымызды, дарындылығымызды, өзгелерден
ерекше табиғи қабілетіміз арқылы биіктерден көрсете берейік. Қасиетті ертегілер арқылы
бүлдіршіндерімізге тәрбие беріп, салт-дәстүрін сақтап қала берейік. Сонымен қатар еліміз
егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз
әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсете берейік.
Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни,
әр нәрсені білуге
талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады.
Достарыңызбен бөлісу: