А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет83/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   222
1679742366435 (2)

Пайдаланылған әдебиеттер:  
1. «Бала және балабақша» № 6, 2015 
2. «Дефектология» № 4, 2013 
3. «Логопед в детском саду» № 2, 2012
1.«Жеті өнерпаз» 2.«Өнерпаз Ханшайымдары» 3.Буккроссинг 4.Гран-При  


145 
Жетписбекова Л.Т. 
«Балақай» КМҚК бөбекжайы 
ЕРТЕ ЖАС БАЛАЛАРЫН ДАМЫТУДА ІТ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ 
Бала - біздің болашағымыз. Олардың жан-жақты дамуы мен санасына жүйелі түрде 
берілген білім кішкентай кезінен санасына берік қалыптасатыны сөзсіз. Бүгінгі таңда 
балабақшалардың алдына қойған мақсаты, тәрбешіге қойылатын талаптардың маңыздылығы 
күннен-күнге артып келеді. Күнделікті сабақты жоғары әрі сапалы ету үшін оқу барысында 
цифрлық ресурстарды, құралдарды және ақпараттық технологияларды белсенді қолдану 
қажет.
Сабақтың табысты да сапалы болуы ерте жас балалардың қызығушылығын арттыруы 
оның мазмұны мен ерекшелігіне және тәрбиешінің сабақты жаңашылдықпен, ресурстармен 
толтыратындығына байланысты. Балалармен эмоциялық қарым-қатынас пен ақпараттық 
құралдар және интербелсенді әдіс-тәсілдердің көмегі ерекше. Ерте жас тобындағы балалар өз 
мүмкіндіктеріне сәйкес қызығушылықтары басым, әр нәрсеге қызығатын, жаңаны тани 
алатын ерекше жас кезеңінде қалыптасады. Олардың жан-дүниесін, білімге құштарлығын 
арттыруда ойын технологиясының, ақпараттық ресурстардың рөлі зор.
Бұл зерттеу жұмысымда мектеп жасына дейінгі ерте жас балаларын дамытудағы 
ақпараттық технологиялардың рөліне кеңінен тоқталып, іс-тәжірибеммен бөлісетін 
боламын. Қазіргі таңда балалар көп уақыттарын смартфонмен немесе теледидармен өткізеді. 
Болашақта зейінді оқушы қалыптастыру үшін, негізгі баспалдақ балабақшада білім мен 
тәрбие құстың қос қанатындай қатар берілу керек,сондықтан балабақшада балаларды ойын 
технологиясына негіздей отырып «Qonzhyq» танымдық қосымшасын пайдаланамын. Бұл 
танымдық порталды «Play market» қосымшасынан жүктеп қолдана беруге болады.
Бұл қосымшаның ерекшелігі – ерте жас балаларын дамытуға арналған «Түстер мен 
пішіндер», «Дұрыс жануарды тап», «Жануарларды дауысынан таны», «Жуынатын бөлме 
заттары» сияқты танымдық ойындар мен сүйікті ертегілер мен мультоптамалардың мол 
ресурсы топтастырылған. Ойын үстінде баланың сұранысы мен тәрбиешінің тапсырмасы 
ұштасады. «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі 
болмайды»- деп педагог Сухамлинский ойынға ерекше мән берген. Ойынның ой 
дамытатынын ескере отырып, сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай ойын түрлерін 
іріктеп, жүргіземін, қызықты әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.
Ойын нәтижесінде баланың бойында байқағыштық, төзімділік, табандылық секілді 
қасиеттер көрініс табады екен. Педагог-психологтардан сұхбат алу барысында: «ұсақ 
моториканы дамыту арқылы, баланың тілі жетіледі, ми қабатттарындағы зейіннің 
тұрақталуына ойын әрекеттері көп рөл атқаратындығына» көз жеткіздім. Ең қарапайым 
қолжетімді гимнастикалардың өзі баланың дамуына тамаша әсерін тигізеді. Мысалы: сегіз 
қырлы қарындашты алып, қолға үйкелеп, домалату арқылы баланың алақанындағы барлық 
нүктелерге ықпал етеміз. Бұл жаттығу арқылы ұсақ моторика емес, баланың бойындағы 
стресс деңгейі мен агрессия деңгейін төмендетуге болады. сонымен қатар, күнделікті түйме 
тағу, аяқ киімнің бауын байлау, фасоль мен бұршақты араластырып таңдап алу жаттығулары 
да көмекке келеді. 
Кез келген тақырыпты өткенде топтық ойындарға суреттерді жасырып ойнатамын. 
Ерте жас балаларына тән ерекшелік оларға белгілі бір әнді, тақпақты қайталату арқылы 
зейінді қалыптастыру. Бұндай уақытта «Ақылды қоян» ойыншығын қолданамын. 
Ойыншықтың ішінде де танымдық тыңдалым қабілетін арттыратын ресурстар бар. «Бұзық 
телефон» әдісі арқылы дұрыс тыңдалымды жетілдіріп, айтылымға бағыттаймын. Қысқа 
ертегілерді ала отырып, шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына әңгіме 
бойынша бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін 


146 
сөзді ауыстырып жіберген адамды анықтап, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру әдісі 
ретінде қолданамын. 
Баланың қиялы мен таным түйсігін дамытуда ата ана мен ұстаздың бірлескен әрекеті 
тұлға қалыптастыруда орасан зор рөл атқарады. Жүрегіміздің бөлшегіне айналған балдай 
балапандардың ойы мен зеректігін дамытуда алдыға қойған мақсат айқын, жүйе сенімді болу 
керек. Тәуелсіз елдің жасы ретінде, өз Отанымның кішкентай бүлдіршіндерін жан жақты 
дамытып, үлес қосуға атсалысамын. Әр маман өз ісінің шебері болуы керек. Бала бойындағы 
қабілет, дарын, талант, бақша ағаштарындай бабын білсе, жайқалып өсетіні анық. Адам 
көңілінен орын алатын әдістемедегі тамаша әдіс-тәсілдер бала болашағының жарқын 
болуына ықпал етеді. Тағылым мен тәрбиеге толы ұрпақ тәрбиелеу әр педагогтің бұлжымас 
серті. Адамзаттың асыл мұраты, асыл болмыс бітімі, рухани байлығы болған білімді ұрпаққа 
санасына сіңіруде бағытымызды айқындап, бәкеге қабілетті табысты бала қалыптастыруда 
еңбек сіңіруіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет