170
қалыптастыруға, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыруға әсер етеді. Ертегі арқылы
балалардың көңіл күйі көтеріліп, денсаулығының шынығуына әсер етеді. Қазігі кезде
балаларға ең қызықты әрі пайдалы технологияның түрі «Су-Джок терапиясы». Бұл танымал
инновациялық денсаулық сақтау технологиясы болып келеді. «Су-Джок»
терапиясының
ерекшелігі, әртүрлі іс-шараларда арнайы массаж шарлары мен сақиналары арқылы бала
денсаулығын нығайту болып табылады. Бұл терапияны әртүрлі ашық сабақтарға ғана емес,
сонымен қатар түстен кейінгі ойын барысында да қолдануға болады.
Балалардың ақыл-ойның дұрыс қалыптасуы да денінің саулығына байланысты,
сондықтан біз әр сабақта дидиатикалық ойндар немесе түрлі тапсылмалар беру арқылы
«Кинезиологиялық
жаттығулар»
жасаймыз.
Кинезиологиялық
жаттығулар
("ми
гимнастикасы") назар мен есте сақтауды жақсартады, кеңістіктік көріністерді
қалыптастырады. Кинезиологиялық жаттығулар ақыл-ой қабілеттерін
дамытуға ғана емес,
сонымен бірге баланың жасырын қабілеттерін анықтауға және оның миының мүмкіндіктерін
кеңейтуге мүмкіндік береді. [3]
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған денсаулық сақтау және денсаулықты байыту
технологиялары – балабақша тәрбиешілерінің денсаулық мәдениетін, оның ішінде кәсіби
денсаулық мәдениетін дамытуға, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін дамытуға
бағытталған технологиялар. Балабақшамыздағы денсаулықты сақтайтын педагогикалық
процесс – бұл мектеп жасына дейінгі балаларды денсаулықты
сақтау және денсаулықты
байыту режимінде оқыту және тәрбиелеу процесі; балалардың физикалық, психикалық және
әлеуметтік салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған процесс. Денсаулықты сақтау
және денсаулықты байыту педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең маңызды шарттары
болып табылады. Осылайша, мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес
заманауи білім беру бағдарламаларын дұрыс таңдау, денсаулықты үнемдейтін білім беру
әдістері мен технологияларын таңдаудың басымдығы және барлық балабақша педагогтары
мен мамандарының қызметін үйлестіру біз үшін өзекті болып табылады. [2]
Денсаулық жеке тұлғаның кез келген әрі қарай дамуының негізгі элементі және кілті
болып табылады. Сондықтан тұлғаның интеллектуалдық
және шығармашылық
фундаментінің негізі ретінде қызмет ететін физикалық, психикалық және әлеуметтік
денсаулыққа назар аудару басты міндет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: