72
Ахметова Ө.К
Балқаш қаласы, «Ер Төстік» КМҚК бөбекжайы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕ
IТ ҚОЛДАНУ
Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты
инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан -жақты, білімді,
құзыретті тұлға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған іс-әрекетте жаңа технологияларды
тиімді
пайдалану тәрбиеленушілердің қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін
дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық материалдармен
жұмыс жасауға көмегін тигізеді.
Ал міндеттерінің бастысы ұжымның бірлескен күшімен баланың ерекшеліктерін оның
өмір сүру жағдайымен,оның тәрбиелену тарихын есепке ала отырып, түсінуге тырысу және
осы негізінде келешек жұмыстың бағдарламасын анықтау. Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
тәрбиешінің
мүмкіндігін
жоғарылататын
құрал.
Компьютердің
мүмкіндіктерін психологиялық және
дидактикалық тұрғыда талдап,керек кезінде
педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу тәрбиешінің шеберлігі
болып табылады. [1, б. 40].
Мен өзім қызмет жасап отырған кіші топтағы балаларға компьютерден әртүрлі
мағлұматтар, қосымша ақпараттарды анимациялармен көрсететін көрнекі құрал ретінде
пайдаламын. Көбіне баланың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында, ойын іс-
әрекеттерге белсенді, тіл ұзарту қабілеттерін арттырумен қатар жағымды мінез-құлықтарын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Танымдық ойын әрекеттерінде бала дараланып өз еркімен ойлануға , есте сақтауына,
шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді. Мысалы:мультимедиялық
қосымшаларды қолданып дайындаған ертегі роликтер балалардың
ерекше сезімдерін
оятатынын байқаймын. [2, б. 32].
Балалар жануар кейіпкерлерді жақсы танып,олардың қимыл-қасиеттерін танып
қайталап отырады. Жануарлардың дауыстары жазылған таспаларды қимыл-қозғалыс
ойындарында, таңертеңгі және сергіту сәттерінде пайдаланамын.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның көмегімен ойын әрекетін қалай
өткізуге болады?»-деген сұраққа өз тәжірибемнен мынандай бағыттарын ұсынар едім:
- ильюстративті (насихаттық) көрнекіліктер;
-ақпараттық бейнероликтерді көрсету;
-слайд шоу, ертегілер;
-электронды ойындар;
-электронды логикалық тапсырмалар;
-электронды
дыбыстар;
презентация жасау,
аудио бейне сюжеттер.
Білім берудегі мультимедия таным үдерісінің жоғарлауына септігін тигізетін, білім
беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық
құрал. [3, б. 87].
Қазіргі таңда айтылған ақпараттық құралдарды үнемі өз тәжірибемдегі ойын
әрекетімде пайдаланып келемін. Мысалы бір ғана «Сыңарын тап» ойынын балаларға
карточка арқылы немесе дайын пазылдармен
ойнатылғанда балалар,сыңарын тауып оны
орындайды, ал енді осы ойынды экраннан көрсетіп, қимыл-қозғалыс енгізіп (анимациялап),
әуенмен көркемдеп ұсынған кезде балалар көңілденіп, барлығы түгел қатысып, сөйлесе
отыра қызықты өткенін байқаймын.
Анимациялық ойындардың құндылығы,балалар олардың көмегімен заттардың
қасиеттерімен, белгілерімен (түсі, көлемі, пішіні, сапасы) танысады, сәйкестендіреді.
73
Ойындарда
салыстыруға, классификациялауға тапсырмаларды шешеді, тапсырмаларды
шешуде реттілікті белгілейді. Мысалы: барлық суреттердің ішінен екі ұшақты табу. Суретте
бейнеленген ұшақтар түсі,пішіні бойынша әртүрлі болуы мүмкін,бірақ оларды
ұқсатып,заттардың бір түріне жатқызып біріктіреді.
Мультимедиалық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдан
75%-ы есте сақталады екен. Материалды түсіндіруде мультимедиялық көрнекілікті қолдану
баланың көрі, есту, эмоциялық қабілетін арттырады. АКТ құралдарын кеңінен пайдалана
отырып,балалардың жас ерекшелігіне сай дидактикалық ойындарды құрастырып, тиімді
қолданамын. [4, б.12].
«Жоғарыда-төменде, биік-аласа».
Мақсаты: жоғары-төмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау.
Қажетті құралдар: көгілдір аспан, жасыл алқап бейнеленген сюжетті суретті слайд
(интерактивті тақтада), ұшақтың, көбелектің бейнесі.
Ойын барысы: Интерактивті тақтада балалар экрандағы бір бейнені алып, атын атап, орнын
анықтап сюжетті суретке іледі.
Мысалы: ұшақ-жоғарыда, көбелек төменде-ұшады, деп сипаттап айту керек.
«Дұрыс қой».
Мақсаты: заттың санымен (аз-көп) таныстыруды жалғастыру; аз зат қайда, көп зат қайда
тұрғанын ажырата білуге үйрету.
Қажетті құралдар: интерактивті тақта, үлкен
және кіші екі тәрелке, кәмпиттердің (4 дана)
суреттері бар слайд.
Ойын барысы: Балалардың назарын интерактивті тақтадағы тәрелкелердің суретіне аудару.
Балаларға бір кәмпитті кішкентай тәрелкеге,ал көп кәмпитті үлкен тәрелкеге орналастыруды
тапсыру. Кіші топта осындай өңделген мультимедиялық ойындарды пайдалану мақсатым
балаларды ортаға әлеуметтенуіне жағдай жасау.
Егер мектеп жасына дейінгі бала оң қарым - қатынас жасай алса,бұл болашақта оған
адамдар қоғамында жайлы өмір сүруге, қарым-қатынастың арқасында табысты болуға
мүмкіндік береді, ол ересек адам мен оның құрдасы болсын, басқа адамды ғана емес, өзін де
таниды. Өзіне деген оң көзқарас қалыптасады, дербестік, өз іс-әрекеттерін мақсатты және
өзін-өзі реттеу дамиды. Мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтенуі ойын арқылы жүзеге
асырылады деген қорытындыға келе отырып, дидактикалық
ойындардағы инновациялар
тәрбиешілер үшін де, мектепке дейінгі балалар үшін де үлкен маңызға ие деп айтуға болады.
АКТ келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі дарынды, шығармашылығы мол,
еркін дамуына жол ашуына тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Бала өміріне немқұрайлы
қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің
бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқан болмақ. [5, б. 102].
Достарыңызбен бөлісу: