Толуолдың нитрленуі. 1,5 мл концентрациялы азот, 2 мл концентрациялы күкірт қышқылын бір-біріне қоса отырып салқындатып, салқындаған қоспаның үстіне 2 мл толуолды аз-аздан тамызып, шайқайды. Пайда болған қоспаның аузын жіңішке түтігі бар тығынмен тығындап су жылытқышта шайқай отырып 5 — 10 мин қыздырады. Алынған қоспаны 10 мл салқын суы бар стақанға құйып, салқындатады. Соңда да май сияқты илектенген пара және орто, нитро толуол қоспасының түзілуін бақылайды. Мұнда бензолдың нитрленуіне қарағанда реакция шапшаңдау жүретін себебін түсіндіре отырып, реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |