Толуолдын тотығуы. Бензол мен толуолдан екі пробиркаға 1 мл құйып, оның үстіне 1 мл сұйылтылған күкірт қышқылын және калий перманганат ерітіндісін қосып бірер минуттай араластыру керек. Толуол қоспасы бар пробиркадағы ерітінді түссіздене бастайды. Бензол қоспасы бар пробиркада ешқандай өзгеріс байқалмайды. Су жылытқышта қыздырғанда толуол қоспасы бар пробиркада түссіздену бұрынғыдан да күшейе түседі, ал бензол қоспасында ешқандай өзгеріс байқалмайды.
Толуол тотыққанда бензой қышқылы түзіледі:
№6 Лабораториялық жұмыс
Қатты заттардың балқу температурасын анықтау
Таза және қоспа заттардың балқу температурасы бірдей болмайды. Қоспа заттар әр уақытта таза заттардан бірнеше градус төмен температурада балқиды, ал таза заттар көрсетілген балқу температурасынан шамамен 0,5 – 10С не жоғары, не төмен температурада балқиды.
Таза заттар. Таза заттардың балқу температурасын анықтағанда бір жағы бітеу жіңішке шыны түтікке тексерілетін таза заттың әбден майдаланған ұнтағын қалыңдығын 3 – 4мм етіп салып, сақина тәрізді резеңкемен немесе металл сыммен термометрдің сынабы бар жағына бекітеді. Термометр пробиркасының түбіне, қабырғасына тимеу керек және шкалалары анық көрініп тұруы қажет. Термометр орналастырылған пробирканы штативке бекітіп, суы бар стаканға батырады. Су термометрдің сынабы бар жерінен 2 – 3 см жоғары тұруы керек. егер зерттелетін затымыз (салол – 430, n-полудин – 450, дифиниламин – 540, α-нитро-нафталин – 600, 0-нитрофенол – 450, азобензол – 680) 1000С-ден төмен температурада балқитын болса, стақанға су құюға болады, ал 1000С-ден жоғары температурада (бензой қышқылы – 1220, n-нитрофенол – 1140, салицил қышқылы – 1590, т.б.) балқитын болса, онда стақанға глицерин немесе күкірт қышқылын құю керек. Стақанды штативке бекітілген торға қойып, астынан спирт шамының жалынымен немесе газ жанарғысымен алғашқы кезде әр минут сайын температура 5 – 100С-ге көтерілгендей етіп, балқу жақындағанда әр минутта 2 – 30С-ге көтерілетіндей етіп қыздырады. Қыздыру кезінде термометр жанындағы жіңішке шыны түтіктегі зерттелетін заттың қызу әсерінен қандай өзгеріске түсе бастағанынан толық балқығанға дейінгі өзгерістерді дәптерге жазып алады. Бақылағанда көзге қорғаныш көзілдірік киіп, үлкейтіңкіреп көрсететін лупамен қарайды. Бір заттың балқу температурасын нақтылы анықтау үшін сол затпен тәжірибені кем дегенде үш рет қайталау керек.
Қоспа заттар. Қоспа заттардың балқу температусын анықтау үшін алдымен қоспа даярланады. Мысалы, мочевина мен (1330С) дифениламин – (540С) қоспасын даярлау үшін 0,7г дифениламин, 0,3г мочевина және керісінше 0,3 г дифениламин, 0,7г мочевина өлшеп алып, бір біріне қосып, әбден майдалап уатады. Қоспаны жіңішке шыны түтікке салып, екеуін де жоғарыдағы тәжірибедегідей етіп термометрге бекітіп, пробиркаға орнатып, глицерин құйылған стаканға батырып қыздырады. Қоспа мен таза зат балқу температурасы аралығында 8 – 120С-ге жуық айырмашылық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |