А и. жУмадулаева «Органикалық молекулардың функционалдық молекулардың тундыларының химиясы» пәнінен Зертханалық сабақтарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік НҰСҚау 5В01503 Химия білім беру бағдарламасы



бет27/45
Дата02.02.2022
өлшемі473.25 Kb.
#455063
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Зертханалық жұмыс

Бром суымен әрекеттесуі. Салицил қышқылының аздаған ерітіндісіне бром суын тамызады. Бром суы түссізденіп, қоспада дибром салицил қышқылының ақ тұнбасы түзіледі, тағы да аздап бром суын қосса , декарбоксилденіп үшбромфенол түзіледі.



Темір (ІІІ) хлоридімен әрекеттесуі. Аздаған салицил қышқылын суда қыздыру арқылы ерітіп, оның үстіне бірнеше тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін тамызса, қоспа күлгін түске боялады. Пайда болған түсті тек күшті минерал қышқылдардың әсерінен өзгертуге болады.

Тотықтырғыштармен әрекеттесуі. Салицил қышқылының 2 мл ерітіндісіне 2 мл сода ерітіндісін қосқаннан кейін араластыра отырып , оған калий перманганат ерітіндісін тамызамыз. Ерітіндінің түсі өзгереді. Фенол сияқты сілтілік ортада салицил қышқылы да тотығу процесіне ұшырап , күрделі қосылыстар түзеді.

Аспирин алу және оның қасиеттері. Пробиркаға 1 г салицил қышқылын салып , оған 1,5 мл сірке ангидридін ж/е 5 мл бензол қосып , аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындап, су жылытқышта бір сағаттай қызырады . Қоспаны салқындатып , сүзеді, сүзіндідегі кристалдарды бензолмен 2-3 рет жуады. Одан аспирин (ацетил салицил эфирі) түзіледі, оның аспирин екенін дәлелдеу үшін суға ерітіп, оны екі пробиркаға бөліп , біреуіне аздап темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін тамызса, салицил қышқылымен фенолдағыдай гидроксил тобы болатындығын көрсетпей, яғни түсі көгермейді . Ал екіншісін 4-5 мин қайнатып, оған темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін тамызса , түсі көгереді. Қыздыру кезінде аспирин сумен қосылып, қайтадан салицил қышқылын түзеді :


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет