5
КІРІСПЕ
«Гидрогеологиялық жұмыс жұмысшы»
біліктілігі, «Гидрогеология
жəне инженерлі геология» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі,
техникалық жəне кəсіби білім беру жүйесіне актуалдандырылған Үлгілі оқу
жоспарлары мен бағдарламалары үшін «Жалпы геология» оқу əдістемесі
өңделген. Оқу əдістемесі КМ01 «Геологиялық объектілерді оқу жəне
таңбалау бойынша жұмыстарды жүргізу» модульінің бөлігін қамтиды. Бұл
модуль дала жұмыстарында жабдықтарды, құралдарды дайындау үшін
қажетті білгірлікті, іскерлікті жəне дағдырларды сипаттайды. Студенттер
модульдерді зерттеу кезінде келесіні меңгеру керек:
далалық жабдықтарды,
құралдарды, аспаптарды дұрыс қолдану, сақтау, орау жəне тасмалдау;
жұмысты қауіпсіз жүргізу ережесін сақтау.
Оқу əдістемесі келесі
оқыту нəтижелерін қамтиды: ең көп таралған
жынысқұраушы минералдар мен тау жыныстарды диагностикалық белгілері
бойынша анықтау. Жергілікті жерде жəне карта арқылы бағдарлау.
Бағалаудың өлшем шарттары: жержылнама
мен стратиграфиялық
шкалаларды сипаттайды; жер қыртыстысы дамуының негізгі ерекшеліктерін
түсінеді; геологиялық зерттеулердің түрлері мен əдістерін меңгереді;
геологиялық карталардағы жыныстардың жасын, генезисін жəне жатыс
жағдайларын анықтайды; геологиялық жəне
тектоникалық карталарда
қатпарлы жəне тұғырлық аумақтарды қарастырады; геологиялық зерттеулер
мен құжаттар туралы мəліметтерді меңгереді; далалық жұмыстарды жүргізу
үшін жабдықтар мен құралдарды дайындайды; жергілікті жерді бағдарлап,
бақылау нүктелерінің бекітуін жүргізеді жəне оларды картаға түсіреді;
геоморфологиялық бағыт жолдарды жүргізеді жəне жер бедерінің пішіндерін
геологиялық үрдістермен
байланысын анықтайды; əртүрлі геологиялық
объектілердің сипатамасын жүргізеді, тау жыныстардан, минералдардан,
фауналардан үлгілерді алады жəне олардың өңдеуін жүргізеді; далалық
материалдарды күнделікті тыңғылықты өңдеуін жүргізеді;
тектоникалық
бұзылыстарды анықтайды жəне құжаттайды, жер асты сулардың көздерін
сипаттайды жəне олардың дебитін анықтайды; нұсқаулық талаптарға сəйкес
есептің жекелей тарауларын құрастырады жəне оған графикалық
қосымшаларын рəсімдейді.
«Жалпы геология» оқу əдістеменің негізгі мақсаты: геология
саласымен алғашқы таныстық жүргізу болып табылады. Əдістемеде
Жердің
құрылысы мен құрамы туралы, табиғатта минералдардың пайда болу
пішіндері жəне олардың физикалық қасиеттері туралы түсінік беріледі.
Сонымен қатар эндогенді жəне экзогенді геологиялық үрдістер туралы
жалпы түсініктер қарастырылады. Осы əдістеменің маңызды бөлігі болып
тəжірибенің дұрыс бағытта өтуін көрсету:
геологиялық карталарда
көрсетілген жыныстардың жасын, жатыс жағдайларын, қатпарлар мен
үзілмелі бұзылыстарды анықтау; стратиграфиялық
бағанады құрастыру;
негізгі таралған минералдар мен тау жыныстарды анықтау; тау
құбылнамасымен жұмыс жасау, тау жыныстардың жатыс элементтерін
6
анықтау; бағыт жолдарды өту жəне абристарды құрастыру кезіндегі
жұмыстың алгоритімі.
Жалпы геология арқылы алынған білімдер геологиялық ғылымдардың
ішіне кіретін басқа пəндерді кейін оқуға негіз болып келеді:
минералогия,
петрография, тарихи геология, құрылымдық геология жəне тағы басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: