А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет4/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
2 Жалпы геология (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 
1.1. Жержылнама жəне стратиграфиялық шкала 
Жердің геологиялық тарихы туралы негізгі ақпаратты тау 
жыныстардың қабаттары қарастырады, оларда планетада болған өзгерістер 
мен органикалық əлемнің эволюциясы сақталған. Геологиялық кезеңдерді 
зерттеудің негізіде 1881 жылы екінші Халықаралық геологиялық конгрессте 
бірінші жержылнама шкала жəне оған сəйкес стратиграфиялық шкала 
қабылданды.
Жер қыртыстың жержылнамасы – геологиялық мерзімі кішігірім 
уақыт бірліктеріне бөлінуі. Əр жержылнама уақытына стратиграфиялық 
атаулар сəйкес болады (1 жəне 2 кесете).
Жержылнама шкала – Жерде өмірдің дамуы мен оның геологиялық 
тарихының негізгі кезеңдердің реттілігі мен бағындыруын көрсететін 
салыстырмалы геологиялық уақыттың шкаласы. Жержылнама шкаланың (3 
кесте) объекті геологиялық уақыт болып табылады.  
Стратиграфиялық шкала – жермен өтілген тарихи дамуының 
кезеңдерін 
бейнелейтін 
жəне 
жер 
қыртысын 
қалыптастыратын 
стратиграфиялық бөліктерінің реттілігі мен бағындыруын көрсетеді. 
Стратиграфиялық шкаланың объекті тау жыныстардың қабаттары болып 
табылады. [8] 
 1 кесте
Шкаланың бөліктерінің атаулары
Жержылнама 
Стратиграфиялық 

Эон 1 
Эонотема 

Эра 

Эратема 

Кезең

Жүйе

Дəуір

Бөлім

Ғасыр

Ярус 

Фаза 

Тарау* 

Уақыт 7 Буын
* курсивпен төрттік жүйенің бөлімдері көрсетілген
Жердің геологиялық тарихында екі басты үздіксіз кезеңдерге бөлінген: 
1. Кембрийге дейінгі (докембрий) немесе криптозой (грек тілінен 
«криптос» - жасырын) – жасырын өмірдің уақыты, архейлік жəне 
протерозойлық эраларын қамтиды. 3,5 млрд. жыл геологиялық уақытын 
қамтиды жəне осы уақыттың аралығында жер қыртысының базальтті мен 
гранитті қабаттары пайда болды. 
2. Фанерозойлық (фанерозой) (грект тілінен «фанерос» - анық) – анық 
өмірдің уақыты, өзіне палеозойлықмезозойлық жəне кайнозойлық эраларды 
қамтиды.



3-ші кестеде арқылы Жердің геологиялық ауқыты төрт эраларға 
бөлінгенің көруге болады: 
1. Архейлік немесе археозойлық (грек тілінен «археос» - ең көне, «зоо» 
- өмір) – ең көне өмірдің эрасы;
2. Палеозойлық (грек тілінен «палеос» - көне, «зоо» - өмір) - көне 
өмірдің эрасы;
3. Мезозойлық (грек тілінен «мезос» - орташа, «зоо» - өмір) - орташа 
өмірдің эрасы;
4. Кайнозойлық (грек тілінен «кайнос» - жаңа, «зоо» - өмір) - жаңа 
өмірдің эрасы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет