94
баланың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы отбасында орналасқан
қарым-қатынастардың айнасы болып табылады. Бала өзінің ата-анасынан
үлгі алады. Мектепке әлеуметтік дайындықты бағалауда ескеру: бала
ойнайтын балалар тобына оңай кіре ме; ол өзгенің пікірін тыңдай ма,
ауыстырып алмай ма; ол қажет болған жағдайда кезегін сақтайды ма; ол
бірнеше адаммен сөйлесуге қатыса ма, әңгімені қолдай ала ма.
V. Мектепке физикалық дайындық. Дені сау балалар мектепте оқуды
бастаумен байланысты олардың өміріндегі өзгерістерге тез бейімделеді. Дәл
осы даму баланың мектепке физикалық дайындығын анықтайды. Баланың
дамуын бағалау жолдары: есту қабілеті мен көру қабілетін тексеру; баланың
біраз уақыт тыныш отыру қабілетін бағалау; моторлы дағдылардың
үйлесімділігін тексеру (доппен ойнай ма, секіре ме, көтеріле ме,
баспалдақпен түсе ме); сыртқы түрін бағалау (демалды ма, сергек пе, сау ма).
Мектепке дайындығы бар балалар оқу бағдарламасын жеңіл алып кете
алатын болады. Осының бәрі баланың ақыл ойының өсуіне, денесінің
дамуына септігін тигізе отырып, оларды мектепке дайындаудағы бірінші
кезең болып табылады. Оның зейіні, есі, ақылы, тілі жетіледі, жеке
дербестікке, білім алуға құштарлығы пайда болып, қоршаған дүниені тануға
ықыласы артады, кейбір практикалық іске әдеттенеді. Осы ерекшеліктердің
бәрі баланың мектепте оқуға әзірлігін көрсетеді. Әрине, отбасында бала
денсаулығының негізі қаланады, ақыл-ойы дамиды, қоршаған ортаны
эстетикалық қабылдауы қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: