95
миопатия, туа біткен және жүре пайда болған ақыл-ой кемістігі, тірек-
қозғалыс аппаратының бұзылуы.
4. Психикалық дамуы тежелген тұлғалар: конституционалды,
психогенді, соматогенді, церебралды-органикалық пайда болуы.
5. Сөйлеу тілі күрделі бұзылыстары бар тұлғалар: сөйлеу тілі жалпы
дамымағандар, тілінде кемістігі барлар.
6. Ақыл-ойында кемістігі бар тұлғалар: (1994 жылы Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының жіктеуі): жеңіл, орташа, ауыр, терең.
Дамуында ауытқушылығы бар бала отбасына, ата-анасына тәуелді.
Дамуында ауытқуы бар нәрестенің дүниеге келуі - отбасы және туыстары
үшін қиын, ауыр сәт. Осы кезеңде баланы ары қарай тәрбиелеуге байланысты
жаңа міндеттер тұрады. Дамуында ауытқуы бар баланы сауықтыру жұмысы
отбасында барлық отбасы мүшелерінің, жақындарының қолдауымен ұзақ
уақыт, қалыпты әрі жүйелі жүргізу қажет. Бала үшін отбасы не істеу керек?
Алдымен, оның дамуындағы проблемаларға сәйкес өз баласына тән
қажеттіліктер мен мүмкіндіктерін анықтауы тиіс. Бұл тиімді емделуге және
реабилитация жолын таңдауға көмектесу, баланың отбасында өмірге
бейімделу мүмкіндіктерін анықтау. Баланың ата-анасын реабилитацияға
белсенді араластыру керек. Мүмкіндігі шектеулі бала отбасына өзін керек
екенін түсінсе, онда бұл баланың психологиялық ахуалының жақсырауына
септігін тигізеді.
Дамуында ауытқушылығы бар баланы тәрбиелеуде отбасы ерекше
қызмет атқарады. Отбасында ауру адамның болуы, отбасы мүшелеріне
нервтік-психикалық, патологиялық эмоционалды, денелік қысымға түсіріп,
ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарауға әкеледі.
Бұл қиындық екіге бөлінеді:1)
отбасы ережесі мен ырғағы бұзылып, қаржы жұмсау көбейеді; 2) бір отбасы
мүшесінің психикалық ауруына түрлі уайымдау мен эмоционалды
реакциялар кіреді; ауру адамға еш көмек бере алмайтындығына қынжылу,
әлсіздену; мінез-құлықтағы өзгеріс, түсінбестік қорқу сезімі; депрессия;
көңілінің қалуы; фрустрация; жан айқайы; ұрыс-керістің жиі туындауы [4].
Достарыңызбен бөлісу: