4.5. Дамуында ауытқушылығы бар балалардың отбасымен жұмыс Соңғы уақыттарда қоғамымызда дамуында ауытқушылықтары бар
балаларғаайрықша назар аударуда. Дамуындағы ауытқушылықтарына
байланысты балалардың әлеуметтік ортамен араласуы қиындық әкеледі,
айналада болып жатқан өзгерістерден адекваттық әсер алу қабілеттері
төмендейді. Қоғамның белгілі бір нормадағы мақсаттарына жетуде ерекше
қиындықтарды бастан өткізеді, бұл олардың мінез-құлықтарының
ауытқуына, өзгеруіне әсерін тигізеді.Дамуында ауытқушылығы бар бала
үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан тәрбиелік
орта. Баланың алғашқы өмір сүруі мен қалыптасу қадамы отбасында өтеді.
Сондықтан тұлғаның қалыптасу нәтижелігі ең бастысы отбасына тәуелді.
Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды өздерінің психофизикалық
мүмкіншілігіне қарай қоғамдық өмір мен еңбекке араластырып, әлеуметтік
ортада қалыптастыру керек. Бұндай балаларды оқыту мен тәрбиелеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру жүйесіне енгізілген.