Цемент маркасын анықтау
Байланыстырғыш заттардың маркасы олардың сығуға және иуге беріктігі арқылы анықталады. Беріктікті анықтау үшін 1:3 цемент лайымен 310.4-81 ГОСТ-ы бойынша (С/Ц=0,4 және 106-115мм конус жайылуымен сипатталатын лай консистенциясы жағдайында) жасалынған өлшемі 4х4х16см үлгі арқалықтар әзірленеді. Үлгілерді дайындамас бұрын қалып қабырғаларының беті мен табаны машина майымен сылайды. Сыртқы қабырғалардың бір-бірімен және қалып табанымен тиіскен жерлерін солидолмен немесе өзге қою маймен жұқалап сылайды.
Әр белгіленген сынақ мерзімі үш үлгіден жасалады. Қондырғылы қалыпты шайқау алаңының ортасына бекітіп, оны 1см биіктікке дейін лаймен толтырады, сонан соң шайқау алаңын іске қосады. Шайқаудың алғашқы 2 минутында қалыптың барлық 3 ұясын шағын лайлы үлестермен біркелкі етіп толтырады. Қосқаннан кейін үш минут өткен соң, шайқау алаңын тоқтатады. Қалыптарды одан түсіріп алып, лайдың артығын суланған пышақпен кесіп тастайды да, үлгі бетіне қалып жиегімен бірдей етіп тегістейді және шартты түрде маркалайды. Жасалған қалыптағы үлгілерді гидравликалық жиекті ваннада 24 сағат сақтайды. Мұнан кейін үлгілерді қалыптан алып, ауыз су құйылған ваннаға бір-біріне тимейтіндей етіп жатқызып қояды. Судың деңгейі үлгілерді кемінде 2см жауып тұратындай болуы керек. Ваннадағы суды әр 14 тәулік сайын ауыстырады. Ауыстыру кезінде де, сақтау кезінде де су температурасы 20±20С болуы керек. Сақтау мерзімі аяқталған соң үлгілерді судан алып, 1 сағат ішінде сынайды. Тура сынақ алдында үлгілер құрғата сүртілуі қажет.
шойын станиналы сілкігіш стол; 2- вал, 3 - кулачок, 4 – тірек, 5- көлденең диск, 6 диаметрі 300 мм айналы шыны, 7 – сілкінетін қалып.
2 сурет – Сілкігіш стол және конус пішінді қалып
Үлгіні июге сынау үшін оны прибордың тұғыр элементтеріне оның көлденең қырлары тігінен тұратындай етіп орнатады. Ию кезіндегі беріктік шегін үш үлгіні сынаудың екі шағын нәтижесінің орташа арифметикалық мәні ретінде есептеп шығарады.
Июге сыналғаннан кейін арқалықтан қалған алты жартыкешті бірден қысымға сынайды. Арқалықтың жартысын екі пластинка арасына, дайындау кезінде қалып қабырғаларына тиіп тұрған бүйірдегі пластинка жазығында жататындай, ал пластинка тұғырлары үлгінің тегіс бетіне тығыз тиіп тұратындай етіп орнатады. Үлгіні пластинкамен қосып қысқыштың тірек пластинкасының ортасына қояды.
Жеке үлгінің қысу кезіндегі беріктік шегін қиратқыш күш салмағын пластинканың жұмыс алаңына, яғни 25см2-қа бөлудің жекелігі ретінде есептеп шығарады. Сынақ нәтижелерін кестеге енгізеді. Қысым кезіндегі беріктік шегін алты үлгіні сынаудың төрт барынша көлемді нәтижесінің орташа арифметикалық мәні ретінде есептеп шығарады. Цементтердің бірқатар түрлерінің беріктік қасиеттері 9.2-кестеде келтірілген.
Цемент маркасын үлгілерді 28 тәулік су астында қатқан соң, ию мен қысуға сынаудың қорытындылары бойынша анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |