А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН



бет12/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Жұмыстың мақсаты: Байланыстырғыш зат дисперстілігінің оның құрылыс-технологиялық қасиеттеріне әсерін зерттеу


Қондырғылар мен материалдар: портландцемент, цементті механикалық елеуге арналған прибор, Вика приборы, гидравликалық затворы бар ванна, сілкігіш стол, МИИ-100 машинасы, гидравликалық пресс


Жұмыстың барысы:
Массасы 500 г тең портландцементтің 3 үлгісін алады. Бірінші үлгі бпстапқы күйінде қалады, екінші және үшінші үлгіні келіде немесе зертханалық фарфор диірменде сәйкесінші 15 және 30 минут ұнтақтайды.
Материалдың дисперстілігімен сипатталатын цементтің ұнтақтылық дәрежесі төмендегі әдістеме негізінде анықталады.
Цементтің ұнтақталу дәрежесін анықтау
Цементтің ұнтақталу дәрәжесі електік әдіспен 1 суретте көрсетілген прибордың көмегімен анықталады. Прибор 1- станинадан, 7 – шатунды-эксорталықты механизмнен, 3 – кулачтардан, 5- цилиндр тәрізді електер жиынтығынана және 2- элетрқозғағыштан тұрады.



1 сурет – Цементті механикалық елеуге арналған прибор


Цементтің ұнтақтау майдалығын анықтау үшін келесі аппаратуралар пайдаланылады: №008 торлы елек (жарықтағы ұя өлшемі 0,08х08мм 5476 тесік(см2) және цементті механикалық елеуге арналған прибор. Тор жақсы тартылып диаметрі 10-15 см цилиндр оқшантайда тығыз қыстырылуы керек. Елек құп-құрғақ болып, сынақтан соң тазалануы тиіс. Лабораторияда цементті механикалық елеу приборы болмаса, оны қолмен атқаруға да болады. Қазіргі ГОСТ бойынша әзірленген цемент сынағы (алдын ала 09 електен өткізілген) кептіру шкафында 105-1100С температурада 2 сағат кептіріп, эксикаторда салқындатады. 50г кептірілген цементті 0,01 грамға дейінгі дәлдікпен өлшеп алады да, елекке төгеді. Електі қақпақпен жауып, механикалық елеу қондырғысына орнатады. Елеу басталған соң 5-7 минуттан соң қондырғыны тоқтатып, түбін абайлап шығарып алып, електен өткен цементті төгеді. Торды төменгі жағынан жұмсақ қылқаламмен тазалап, түпті орнына салып, елеуді одан әрі жалғастырады. Бақылау елеуін қағаз бетіне түбін бөліп алып жүргізеді. Қолмен елегенде елек арқылы 1 минут ішінде 0,05 грамнан артпайтын цемент өткенде елеу аяқталды деп есептеледі.


Цементтің ұнтақтау майдалығын №008 торлы електен сынақтың бастапқы салмағына 0,01 процентке дейінгі дәлдікпен проценттік қатынасы ретінде анықтайды. Елек түбін жүйелі түрде лупамен қарап отыру керек. Торда қандай да бір ақау (жыртық жібінің сөгілуі т.б.) байқалған жағдайда оны жаңасымен ауыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет