А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН



бет23/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Талдап шешу кезеңдері

  1. Рентгенограммада әрбір шың үшін θ шағылысу бүрышын анықтаңдар. Ол үшін көрші реперлік белгілердің арсындағы қашықтықты өлшеп, диаграммалық лентаның 1мм. бұрыштық минуттардың қандай мөлшеріне сәйкес келетінін табыңдар. Содан соң әрбір шыңның максимумы мен ең жақын бүтін санды реперлік белгіге дейінгі қашықтықты өлшеп, алынған шаманы әрбір бөліктің шамасына көбейтіңдер және алынған шаманы көрсетілген реперлік белгінің градус санына қосып, θ бұрышын табыңдар.

  2. Әр бір θ шыңы үшін табылған мәндері мен қолданылған рентгендік сәулеленудің толқын ұзындығы негізінде, анықтамалық кестелер негізінде жазықтық аралық қашықытық мәнін табыңдар.

  3. d анықтамалық мәндерін және эталонды рентгенограммалардың қарқындылығын зерттеу нәтижесінде алынған рентгенограмма мәліметтерімен салыстыра отырып, рентгенограммада сол қосылыстың кемінде 3-5 қарқынды сызықтары байқалатын болса, сол немесе басқа фазаның болуы жайлы қорытынды жасайды.


12.1 сурет- Шикізат үлгісінің рентгенограммасы


Лабораториялық жұмыс №13


Полимерлік құрылыс материалдарының физика-механикалық және химиялық қасиеттерін анықтау


Лабораториялық жұмыс № 14


Органикалық байланыстырғыштардың қасиеттерін бағлау және оларды шатыр, жол және гидроизоляциялық материалдарды өндіру үшін таңдау


Лабораториялық жұмыс № 15
Битум құрамының оның қасиеттріне әсері

Битумды тұтқырлар дегеніміз, өздерінің физика-механикалық қасиеттерін температураға байланысты өзгертетін жоғарғы молекулярлы көмірсутегімен олардың металдық емес туындыларының (көмірсутегінің қышқылымен, оттегімен, азотпен қосылысы) күрделі қоспасы.


Битумдардың аса маңызды қасиеттері: гидрофобтық су жұқпайтын-дығы (су тебетіндігі), су өткізбеу, қышқыл, сілтінің, агрессиялық сұйықтардың, газдың әсеріне төзімділігі, тас материалдармен, ағашпен, металмен берік кірігуге, қыздырғанда майысқақтыққа, суығанда тұтқырлыққа тез ие болу қабілеті. Битумдар асфальт бетондарын дайындауға, жапқыш, су бөгдерлеу және бу бөгдерлейтін материалдар мен бұйымдар жасауға, су бөгдерлегіш және жол бетін тегістеп бекітетін қоспа, сондай-ақ шатыр жабу қондырғысын жасауға пайдаланылады. Бұл жұмыстың мақсаты, битумның негізгі қасиеттерін анықтау болып табылады.
Иненің битумға ену тереңдігі немесе битумның пенетрациясы, жібу температурасы, битумның созылғыштығы немесе дуктилдігі, битумның толтырғыштарымен кірігуі.
Битумның бұл көрсеткіштері өзара бірқатар тәуелділікпен байланысқан. Инесінің ену тереңдігі аз қатты битумдардың жібу темпера-турасы жоғары, созылғыштығы төмен, яғни морт сынғыш болады. Ең соңында алынған нәтижелер негізінде сыналған битумның маркасы туралы қорытындылар жасауға болады.
Уақытты үнемдеу және жұмыс көлемін қысқарту мақсатында тәжіри-бені өткізуге қажетті барлық әзірлік жұмыстарын кафедра лаборанттары алдын-ала дайындап қояды. Бұл лабораториялық жұмысты орындау кезінде студенттерге қатты мұнай битумның қасиеттерін зерттеу жөніндегі төмендегідей тәжірибелерді атқаруға тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет