А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН



бет3/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Жұмыстың барысы:
Ауада кептірілген 1 г құрғақ үлгіні бөлме температурасында 24 сағат лабораторияда ұстайды, кейін 1000 оС температурада тұрақты массаға дейін қыздырылған фарфор тигельге салады. Аналитикалық таразыда 0,0002 г дәлдікпен массасын өлшеп, 105-110о С температурада кептіргіш шкафқа қояды. Кептіруді 1-3 сағат көлемінде жүргізеді (шыны мен құмды 1 сағат, сазды 2 сағат, цементті 3 сағат). Кептіргеннен кейін үлгі салынған тигельді эксткаторда кептіріп, массасын анықтайды. Содан соң тағы да 30 минут кептіріп, массасын өлшейді. Тигельдегі үлгіні массасы тұрақтанғанға дейін кептіреді. Содан соң үлгіні қыздыру кезінде масса жоғалтуды анықтау үшін қолдануға болады. Гиграскопиялық ылғалдың мөлшері төмендегі формуламен анықталады:
(g – g1) .100
w = --------------------,
g

бұндағы g және g1 - үлгінің кептіргенге дейінгі және кептіргеннен кейінгі салмағы,г.


Цемент тасындағы гиграскопиялық ылғалды анықтаудың ерекшелігі бар, себебі жоғары температурада кептіру кезінде цементтің қарқынды гидратациясы жүретіндіктен, қарапайым 105-110оС кептіру әдісін цемент тасына қолдануға болмайды. Сондықтан цемент тасы үлгілерін сусыз спиртпен өңдеп, арнайы ылғалды сіңіретін зат салынға арнайы қорапта №008 електен өткенше ұнтақтайды.
Ұнтақталған цемент тасын 5 г мөлшерде алып, абсолют спиртпен өңдейді де, 100 оС шамысындағы температурада тұрақты массаға дейін қыздырады.гиграскопиялық ылғалды жоғарыдағы формуламен есептейді.
Сынақ нәтижелері бойынша қорытынды
Сынақ нәтижелері бойынша алынған нәтижелер бойынша зерттелетін материалдың гиграскопиялыққа әсер ететін құрылымы жайлы қорытынды жасаңдар.


Бақылау сұрақтары:

  1. Гиграскопиялық дегеніміз не?

  2. Материалдың гиграскопиялығы оның қандай сипаттамаларына тәуелді?

  3. Материалдың гигроскопиялығын анықтау әдістемесі?

  4. Цементтің гигроскопиялығын неге қарапйым әдіспен анықтауға болмайды?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет