А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН



бет7/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Жұмыстың мақсаты: табиғи гипс тасының заттық құрамын анықтау және құрамындағы гиграскопиялық ылғалдың, екі сулы күкртқышқылды кальций мен жарты сулы күкртқышқылды кальцийдің үлесін анықтау.


Гипс тасын химиялық талдау әдісі. Гипс тасын химиялық талдау оның құрамындағы гиграскопиялық ылғалдың, содан соң екі сулы күкртқышқылды кальцийдің үлесін анықтаудан басталады. Ол үшін табиғи гипс тасы ұнтақталып, №02 електен өткізілген үлгі дайындалады.
Табиғи тастағы гиграскопиялық ылғалды анықтау үшін ұнтақ гипс тасы үлгісінің табиғи ылғалдылық күйіндегі массасы m1 анықталып, анықталған үлгіні 45-500С температурада массасы тұрақтанғанша кептіріп, массасын анықтайды m2. Гиграскопиялық ылғал төмендегі формуламен анықталады:


, %
бұндағы m1 ылғалды үлгі массасы, m2 құрғақ үлгі массасы.
Табиғи гипс тасы құрамындағы гидратталған судың үлесін анықтау үшін ұнтақталған 1-2г үлгіні 4000С температурада тұрақты массаға дейін қыздырады.


, %

бұндағы m1 және m2 сәйкесінше қыздырғанға дейінгі және қыздырғаннан кейінгі үлгі массасы.


Осы тәжірибе арқылы да табиғи гипс тасындағы екі сулы күкртқышқылды кальцийдің үлесін анықтауға болады.


,%


Сынақ нәтижелері бойынша қорытынды
Жүргізілген сынақ нәтижелері бойынша гипсті байланыстырғыштарды өндіруге қажетті гипс тасының сапасы жайлы қорытынды жасаңдар.


Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғи гипс тасының пайда болуы.

  2. Гипс минералының химиялық формуласы.

  3. Гиграскопиялық ылғалдылық қалай анықталады?

  4. Гидратталған ылғал қалай анықталады?

  5. Гипсті шикізаттың сапасын қандай мәліметтерге сүйеніп анықтауға болады?

Лабораториялық жұмыс № 4




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет