Тапсырмаға түсініктеме:
Жәндіктердің аяқтары көкірек бунақтарына бекітіледі, әдетте жамбас ойығына бекітіліп және келесі бөліктерден тұрады: жамбасша, оған қозғалмалы түрде бекітілген ұршық, сандары, сирақтары және табандары (23-сурет).
23 - сурет. Жүгіруші типті аяқ құрылысы.
ж – жамбасша, ұ – ұршық, с – саны, сқ – сирақ, т – табан, тб – табан буындары, тқ – тырнақтары.
Жамбасы мен ұршықтары аяққа қажетті қозғалмалылықты қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайларда ұршық екі буыннан тұрады (мысалы шабандозда). Саны аяқтың ең ірі және күшті бөлігі, оның бұлшық еттері мықты болады. Сирақтарының ұзындығы шамамен сандарымен бірдей, бірақ одан жіңішкелеу болып келеді. Әдетте қозғалмайтын, аз қозғалмалы тікенектері, ұшында қозғалмалы тіреуіш тікендері бар. Табаны әдетте буынды, 2-5 буыннан тұрады, көбінесе бірінші буыны ұзын болады. Кейбір жәндіктерде бір буыннан ғана тұрады. Кейбір жағдайда табанының төменгі ұлтандық жағында кішігірім көтерілімдері, жастықшалары бар, ал табанының ұшында бір жұп тырнағы бар; көп жағдайда тырнақтарының арасында сыңар қосымшалары, емізік немесе жіңішке буынша, эмподийі бар. Кейбір кезде тырнақшалар жұптасқан өскіндері, яғни, тіреуіштері болады. Осылардың арқасында жәндік субстраттың жылтыр және кедір-бұдыр бетінің үстімен тайғанамай жорғалай алады.
Жәндіктердің аяғының құрылысы олардың тіршілік ететін ортасы мен атқаратын қызметіне өте жақсы бейімделген. Аяқтарының келесі типтері бар: жүретін, жүгіретін, қадалатын, секіретін, жинағыш, жүзуші, қазушы, ұстаушы (24-сурет).
24 - сурет. Жәндік аяқтарының типтері.
1 – жүгіргіш, 2 – секіруші, 3 – жинайтын, 4 – жүзетін, 5 – қазғыш,
6 – ұстауға бейімделген.
Аяқтың жеке бөліктерінің құрылыс ерекшеліктері, жамбасының пішіні мен орналасуы, табанын құрайтын буындарының саны және т.б. ерекше белгілері жәндіктерді жіктеп топтарға бөлуде кең қолданылады.
Жәндіктердің аяғының әртүрлі типін мұқият қарап көріп, зерттеп, оның бөліктерін белгілеңдер.
ЖӘНДІКТЕРДІҢ ҚАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІЛІГІ
Материал: Фенопласт тақтайшаға түйреп немесе жабыстырып арнайы монтаждап дайындалып құрастырылған әртүрлі жәндіктердің қанаттары. Мұнда долана көбелегі, инелік, қиғы, балара, қара шыбын, қалқангер, қандала, саяқ шегірткенің өзін және қанаттарын жаймалап көрсету керек.
Құрал-жабдық: 10 есе үлкейтіп көрсететін лупа, бинокльдік микроскоп.
Тапсырманы орындау барысы:
-
Жәндіктердің қанатының құрылысын сұлба сурет арқылы сызып, қанаттың бөліктерін белгілеу.
-
Жәндік қанатының біріншілік жүйкелену схемасымен танысу және оның суретімен танысу ( 25-сурет).
-
Негізгі жүйкелері белгіленген бірқатар жәндік қанаттарының жүйкелену схемасын қарастырып, суретін салу.
-
Көбелек қанатындағы қабыршақтарын микроскоппен қарап, оның құрылысын сызып көрсетіңдер.
-
Төмендегі кестені толтыра отырып жәндік қанаттарының әртүрлілігін сипаттама беріңдер.
Жәндік қанатының әртүрлі типтеріне сипаттама
Жәндіктер класына жататын әртүрлі өкілдер
|
Қанаттарының саны
|
Жүйкелену ерекшелігі
|
Қанаттарының құрылысының ерекшеліктері
|
Бірінші жұбы
|
Екінші жұбы
|
|
|
|
|
|
Тапсырмаға түсініктеме:
Жәндіктердің қанаттары олардың кеуде бөлігінің арқа жағынан өскін ретінде өсіп шығады да, кеуденің ортаңғы және артқы буынына қозғалмалы түрде бекінеді. Жәндік қанатының мөлшері, пішіні және арқаға орналасуы, қаттылығында, жүйкелендіруде алуантүрлілік айқын байқалады. Қанат құрылысының сипаттық ерекшеліктері бойынша жәндіктер отрядтарға жіктеледі.
Пішіні бойынша жәндік қанаты үшбұрыш тәрізді. Қанаттың түбі, артқы бұрышы және ұшы деп бөлінеді. Түбінен ұшына дейінгі шеті қанаттың алдыңғы шеті деп аталады, ұшынан артқы бұрышына дейінгісі сыртқы, ал артқы бұрышынан негізіне дейінгі шеті ішкі шеті деп аталады (25 – сурет).
25 – сурет. Жәндіктің қанатының сұлба суреті.
1 – қанаттың түбі, 2 – артқы бұрышы, 3 – ұшы, 4 – алдыңғы шеті,
5 – сыртқы шеті, 6 – ішкі шеті.
Қанаттар жұқа қанат пластинкасынан (мембранадан) тұрады. Олар жүйкемен керіліп, беріктігін сақтап тұрады, жүйкелер қанаттың бойымен және қанатқа көлденең бағытпен орналасады. Олар қалың торап немесе көптеген ұяшықтар мен торларды құрайды. Жүйкелендірудің қанаттағы орналасуы жүйкелену деп аталады. Қанаттың түбінен негізгі бойлық жүйкелер шығады да, келесі атауларға ие болады: косталды (С), ол қанаттың алдыңғы шетімен және оның жанымен жүреді. Субкосталды (Sc), санақ бойынша екінші және әдетте қанаттың алдыңғы шетіне жанасады; радикалды (R) – үшінші жүйке, астында тармақтары бар радиальды сектор (RS); ортадағы немесе медиальді (М), шамамен алғанда қанаттың орта бойымен өтетін, қанаттың түбінен шығатын төртінші тармақ, кейде артқы (МА) және алдыңғы (МР) тармақтар болып бөлінеді; 2 жиі жақындасатын жүйке, яғни алдыңғы (СuА) және артқыларының (CuP) ішіндегі; аналды жүйкелер 1-4 жүйке (А1-А4) ішінде болады (26-сурет).
26 – сурет. Жәндіктердің қанатының алғашқы тарамдану сұлбасы.
Бірқатар жаңа тармақтарының қалыптасуы және жекелеген жүйкелердің түсу жолымен айтарлықтай өзгеріске ұшырауы мүмкін. Жәндіктердің әртүрлі отрядтары мен тұқымдастарында қанаттарының жүйкеленуі әртүрлі. Әрбір отрядтың жәндіктерінің қанаттарында өз-өздеріне тән жүйкелену жүйесі бар.
27-сурет. Жәндік қанаттарының әртүрлілігі.
1 – қоңыздың, 2 – қандаланың, 3 – тікқанаттылар отрядының, 4 – инеліктің, 5 – балараның, 6 – шыбынның, 7 – көбелектің, 8 – көбелек қанатындағы қабықшалар.
Қанаттың бойлық жүйкелерінің аралығында көлденең жүйкенің атауы бойынша аталатын алаңдар сериясы орналасқан. Қанаттың көлденең жүйкелер арқылы бөлінген алаң бөлімшелері төмендегідей: басты (аналды тарамысқа дейінгі), аналды (аналды тарамыстар аралығында) және югалды (югалды тарамыстар аралығында). Ең кіші бөлімшелер ұяшықтар деп аталады. Егер ұяшық жан-жағынан жүйкелермен қоршалған болса, онда ол тұйық деп аталады, ал тұйықталмаған болса ашық деп аталады.
Жәндіктер қанатында жүйкелер көп салалы тарамдалған түрде орналасуы мүмкін. Мұнда қалыптасатын ұяшықтар саны 20-дан кем. Жүйкеленудің мұндай типі жаңа қанатты жәндіктерге (көбелектерге, қосқанаттыларға, жарғаққанаттыларға) тән (27, 5,6 суреттер). Ертедегі қанатты жәндіктердің (инелік, біркүндік, т.б. жәндіктер) жүйкелері қалың торап түрінде орналасқан және бір қанатта 20-дан аса ұяшық болады (27, 4-сурет).
Қос қанаттың хитинделіп қатаю деңгейі бойынша қанаттарының екі жұбы да біртекті немесе әртекті бола алады. Екі жұп қанаттың қаттылығы шамамен бірдей болатын жәндіктерге, мысалы, көбелек, инелік, жарғаққанаттыларды (27, 4-сурет) атауға болады. Ал әртекті болған жағдайда алдыңғы қанаттар қатты немесе мүйізді (қоңыздарда) (27, 1-сурет) немесе тері тәрізді (шегірткеде) (27, 3-сурет) ал артқылары жарғақты болып қала береді. Қандала (27, 2-сурет) қанатының құрылысындағы әртектілік қанаттарының бірінші жұбында байқалады: алдыңғы қанатының түп жақ жартысы қатты терілі, ал оның ұшы жарғақты болып келген. Жәндіктердің жарғақты қанаттары мөлдір, жалаң (инелікте, баларада) немесе шаңтәріздес қабықшалармен (көбелекте) немесе түктермен жабылған. Енді қоңыз бен қандаланың қаннаттарының айырмашылығын салыстырып көрсетілген суретті қарастырайық (28 – сурет).
28-сурет. Қоңыз бен қандаланың қанаттарының айырмашылығы
А – қоңыздың үстіңгі қанаты, Б – қандаланың үстіңгі қанаты.
1 – үстіңгі қанат, 2 – артқы қанат, 3 – алдыңғы арқа алды,
4 – қалқан, 5 – 6 – алдыңғы қанаттар (5 – мембранасы, 6 – негізгі шеміршектелген бөлігі).
ҚҰРСАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫМШАЛАРЫ
Материал: Алдын ала пластинкада құрастырылған жәндіктер жиынтығы: сона, ара, шабар, көк шегірткенің ұрғашысы, еркек қиғы, айырқұйрық, қара тарақан.
Құрал-жабдықтар: 10 есе үлкейткіш лупа.
Тапсырманы орындау барысы:
-
Сона, ара және шабардың құрсақ түрлерін анықтап, суретін салу.
-
Бірнеше түрлі жәндіктердің құрсақтарының әртүрлілігіне зер сала қарап, түрлерін қарастырып, суретін салып алу.
Тапсырмаға түсініктеме:
Құрсақтың төмендегідей түрлері болады:
Отырмалы, салбыраңқы және сабақ тәрізді т.б (29-сурет).
29 – сурет. Жәндіктердің құрсақтарының әртүрлілігі.
Отырмалы: 1 – қиғы; салбыраңқы: 2 – сона, сабақты: 3 – араның; сабақ тәріздес: 4 – сона, 5 – жылтырауық қоңыздың,
6 – шабандоздың, 7 – түймедақ жарғаққанат
Құрсақтың қосымша мүшелерінің түрлері алуан түрлі және көбінесе төменгі бөліктерінде орналасады. Құрсақтың жыныстық қосымша мүшелеріне еркегінің жұптасу мүшелері, шаншар, түрі өзгерген жұмыртқа салғы, ұрғашысының жұмыртқа салғысы жатады.
Олар көбінесе құрсағының сегізінші-тоғызыншы бунақтарында орналасқан.
Жұмыртқасалғысы бүктелетін аяқ тәріздес үш компоненттен тұрады (30, 3 сурет).
30 – сурет. Құрсақтың қосымшалары.
1 – тарақанның грифелькасы (гр) және церкасы( ц);
2 – айырқұйрықтың тістеуік тәріздес өсіндісі;
3 – шегірткенің жұмыртқасалғысы.
Тыныштық күйінде артқа айналады, бірақ жұмыртқа салу кезінде аяқ жағы төменгі жағына қарай айналады. Қоңыздарда және қосқанаттыларда жұмыртқа салу үшін құрсақтың соңындағы қозғалмалы және өте тарылған бунақтары қызмет етеді, олар телескопиялық жұмыртқасалғы болып табылады.
Еркек жәндіктердің қосымша жыныс мүшелерінің құрылымы әртүрлі жәндіктерде ерекшеленеді. Оларды бір топтың жәндігін екінші топтан айырып білу үшін систематикалық белгі ретінде пайдаланады. Құрсақтың артқы жағындағы түр өзгерістеріне церканың қос құйрықтық қосымшалары жатады. Олар жеке-жеке мүшеленген 10 бунаққа бекітіліп тұрады (30-сурет). Төменгі сатыдағы жәндіктердің аяққұйрықтарын ерекшелейтін секіргіш айыры болады. Ал еркек тарақанда грифелькасын көруге болады (30, 1- сурет).
Айырқұйрықтың құрсағының соңғы жағы мықты және қысқаш тәрізді болып келеді (30, 2 – сурет).
Сона, шабардың құрсақ бөліктерін қарастырып, суреттерін салып алыңдар. 30-суреттегі жәндіктердің құрсақ бөлігін қарастырыңдар.
Көк шегірткені, церканың жұмыртқа салғысын және тарақанның грифелькаларының суретін салып алыңдар.
ЖӘНДІКТЕРДІҢ ДАМУ САТЫСЫМЕН ТАНЫСУ
Материал:
-
Петри табақшасындағы немесе қорапқа салып дайындаған жанаркөз, сібірлік немесе қарағай піллә көбелегінің, тал бұйра көбелегінің, шанқан көбелегінің, жұпсыз жібек көбелегінің және т.б. жәндіктердің жұмыртқалары.
-
Жендет қандала, шиланның дернәсілі мен ересегі, барылдақ қоңыздың, жапырақжегінің, қиғының, мамыр зауза қоңызының, бізтұмсық қоңыздың спиртте салып сақтаған дернәсілдері.
-
Сүген қоңызының, көбелектің, шыбынның, қарағай жібек көбелегінің, қарағай қырқарының қуыршақтары.
Құрал-жабдық: 10 есе үлкейтіп көрсететін лупа, Петри табақшасы, қабылға кестелер.
Тапсырманы орындау барысы
-
Жәндіктердің әр түрлерінің жұмыртқаларын қарап, суретін салып, баяндау.
-
Шала түрленетін жәндіктердің дернәсілдерін қарап, олардың еркек жәндікпен ұқсастығы мен айырмашылықтарын ажырату.
-
Толық түрленіп дамитын жәндіктердің дернәсілдерін қарап, суретін салу.
-
Жәндіктердің дернәсілдері мен қуыршақтарының негізгі типтерін қарастырып, суретін салып алу.
Тапсырмаға түсініктеме
Жәндіктер жеке даму барысында дамудың немесе онтогенездің үш-төрт сатысынан өтеді: жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ (барлығында емес) – ересек жәндік деген негізгі төрт сатысы бар.
Жұмыртқа түрлері мен оларды салу жолдары.
Жұмыртқа сыртынан тығыз қабықпен, яғни қауызбен (скорлупа) немесе хорионмен қапталады. Хорионның өзгеше белгісі болып табылатын нақты микроқұрылымы болады. Хорионның үстіңгі жағында ұрықтану барысында сперматозойд емін-еркін өтетін микропиле деген тесік болады. Осы микропиленің айналасында хорионның құрылымы күрделене түсуі жиі кездеседі. Жұмыртқаның морфологиялық белгілеріне оның формасы (сабақ тәрізді, бұршақ тәрізді, күбі тәрізді, сопақша шар тәрізді, бөтелке тәрізді т.б.), микропилярлық аппараттың орналасуы мен құрылымы, жұмыртқа қабығының түсі мен суреттері жатады (31-сурет).
31 – сурет. Жұмыртқа және оның әртүрлілігі
А – шыбын жұмыртқасының құрылысы; Б – шегірткенің жұмыртқасы; В – шегірткенің жұмыртқасының хорион бөлігінің үлкейтіп көрсетілген бейнесі; Г – жапырақ бүргесінің жұмыртқасы; Д – қандаланың жұмыртқаы; Е – ақкөбелектің жұмыртқасы;
Ж – сұр көбелектің жұмыртқасы; З – жапырақжемір қоңыздың жұмыртқасы; И – орамжапырақ шыбынының жұмыртқасы
к – жұмыртқаның тесікшесі (микропиле); х – хорион жабындысы; жо – сарыуыз қабықшасы; яд – ядро; пт – поляр денесі; ж – сарыуыз.
Жұмыртқаны бір-бірден немесе топтастырып салады (31 - сурет). Топтап салғанда немесе жекелеп салғанда олардың қатары бей-берекет болуы да мүмкін. Кейде бірінің үстіне бірін орналастырып, бірнеше қабаттан да салады. Жұмыртқаны өсімдіктің кез-келген жеріне немесе ұлпалардың ішіне, жануарларға да, оның денесінің ішіне де, жер бетіне де, жердің астыңғы қабаттарына да немесе суға да сала береді.
Жұмыртқалар қорғаныш қызметін атқарып тұратын жабын ретінде экскременттермен, талшықтармен, субстрат бөліктерімен, т.б. қапталып тұрады (31 - сурет г, з.).
Суретте көрсетілген жұмыртқаларға қарап, олардың жұмыртқа салудың ашық не жабық, қайда орналасқандары, жұмыртқа салу түрлері, салынған жұмыртқалардың санын анықтау, түсі, хорионның пішіні туралы суреттеп айтыңыз. Жұмыртқаның морфологиялық белгілері және жұмыртқа түрі мен орналасуына қарап, қандай зиянкестің жұмыртқасы екенін де анықтауға болады.
ДЕРНӘСІЛ МЕН ҚУЫРШАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дернәсіл. Шала түрленіп дамитын жәндіктердің дернәсілдері түрі жағынан ересек жәндіктерге ұқсас (32, а, б суреттер). Морфологиялық және биологиялық жағынан тіршілік ету әрекеттері жағынан бұл дернәсілдер ересектеріне ұқсас болады. Олардың ересек жәндіктен айырмашылығы сол, денесінің көлемінің кішкентайлығы, қанаттарының шала түрленіп дамуы немесе басқа да белгілері бойынша (денесінің түсі, дене құрылысы бөліктерінің қатынасы бойынша) болады.
32 – сурет. Жәндіктердің дернәсілдері.
А – қандала, Б – инелік, В – барылдақ қоңыз, Д – көбелек, Е – қырқар, Ж – мамыр зауза қоңыз, З – бізтұмсық.
Шиланның немесе қандаланың дернәсілдерін қарастырып, олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу. Шала түрленіп дамитын жәндіктердің дернәсілінің денесі құрсақ пен кеуде бөліктеріне бөлінеді. Қанаттары кеуде бунақтарының шетінде сыртқы терінің қатпары ретінде пайда болады. Олар әр түлеу процесі кезінде көлемі жағынан үлкейіп, бірте-бірте үлкендігі мен пішіні ересек жәндіктің дене мүшелеріндей мөлшерге жетеді. Дернәсілдері ересектерінен басқа ортада тіршілік ететін және өмір сүру формасы басқаша болатын кейбір шала түрленіп дамитын (шиландар, инелік) ересектерімен ортақ ұқсастықтарына қарамастан, тек дернәсіл кезеңінде қажет және ересек шағында жойылып кететін уақытша мүшелері пайда болады.
Толық түрленіп дамитын жәндіктердің дернәсілдерінің дене құрылысының еркек жәндіктен көр айырмашылығы ьар.
Дернәсілдің денесі құрсақ және кеуде бөлшектеріне бөлінген, көптеген сегменттерден құралады.
Толық түрленіп дамитын жәндіктердің дернәсілдерінің төмендегідей түрлері болады:
-
Камподей тәріздес – бас қаңқасы жақсы дамыған, жүгірмелі кеуделік аяқтарымен, тығыз ұзыншақ денесімен және кеуде бөлігінің қатты хитинмен қапталғанымен ерекшеленеді. Бас бөлігінде мұртшалары мен кеміргіш ауыз қуысы айқын көрінеді. Құрсағының соңында құрсаққабының болуы жиі кездеседі. Дернәсілдер өте қозғалмалы және сырт бейнесі бойынша алғашқы қанатсыз жәндіктерге (Campodea) ұқсайды (32, в сурет).
-
Есекқұрт тәрізді дернәсілдер – бас қаңқасы айқын дамыған және кеудесінде кішірек аяқтары болады. Денесі есекқұрт тәрізді тығыз. Кең эллипс тәрізді (32, г сурет).
-
Көбелекқұрт немесе жұлдызқұрт тәрізді дернәсілдер: дернәсілдердің басы жақсы дамыған, ұзыншақ, құрт тәрізді денелі, кеуделік және құрсақ аяқтары дамыған. Бұл дернәсілдер толқын тәрізді қозғалады.
Бұлардың екі түрі болады: а) көбелекқұрт (құрсағындағы жалған аяқтарының саны 2-5 жұп); б) жалған көбелекқұрт – құрсағындағы жалған аяқтарының саны 7-8 жұп (32, д, е суреттер).
Құрт тәрізді дернәсілдерде тек кеуделік аяқтар болады, кейде тіпті аяқсыз болып, басы дамымаған немесе жоқ болады. Ал қозғалысы бүкіл денесі арқылы жүзеге асады. Құрт тәрізді дернәсілдердің үш түрі болады: басы мен кеуделік аяқтары дамыған (23 в сурет), басы бар, бірақ аяғы жоқ (32, з сурет) немесе бассыз, аяқсыз құрт тәріздес дернәсілдер (32, и сурет).
Бұл келтірілген жіктеулер тек қана шартты түрде келтірілген және дернәсілдердің барлық алуан-түрлілігін қамтымайды.
Алдын-ала жинап даярланған әртүрлі дернәсілдердің коллекциясынан жәндіктердің дернәсілдерін қарастырып, жоғарыда келтірілген топтардың қайсысына жататындығын анықтап, дене құрылысының ерекшелігіне назар сала отырып, суретін салып алу.
Жәндіктердің дернәсілдері өзінің даму барысында бірнеше сатыдан өтеді. Дернәсілдердің әрбір даму сатысындағы айырмашылығы, денесінің мөлшері, өң-түсі және дене құрылысының кейбір бөлшектері ( мысалы, шала түрленіп дамитын жәндіктердің дернәсілдерінің қанаттарының даму сатысы) бірдей емес. Толық түрленіп дамитын жәндіктердің дернәсілдерінің жасын бас қаңқасының мөлшері арқылы анықтайды. Өйткені денесінің ұзындығының көлемі өзгеремелі және тамақтану жағдайына байланысты болады. Ал бас қаңқасының ұзындығы мен көлденеңінің мөлшері әрбір жасында тұрақты мөлшерден ауытқымайды. Мысалға, мамыр зауза қоңызының дернәсілін даму сатысында қарастырып, денесінің ұзындығын бас капсуласының кеңдігімен салыстырады.
Қуыршақ. Толық түрленіп дамитын дернәсіл соңғы жасында тағы да түлеп, өзінің сыртқы құрылысы жағынан ересек жәндікке ұқсас қуыршаққа айналады. Ересек жәндікке ұқсас дене бөліктері пайда болып, денесі кеуде мен құрсақ бөліктеріне бөлінеді. Қуыршақтың негізгі үш түрі болады. Ашық не еркін қуыршақта қосымша өсінді мүшелері болады. Ал жабық қуыршақта қосымша өскін мүшелері денесіне жабысып, бірге өскен (33, б сурет), жалған қуыршақтар немесе пупарийлардың сырты қатты терімен қапталады да, оның ішінде ашық қуыршақ орналасады (33, г сурет).
33 - сурет. Жәндіктердің қуыршақтары мен пілделерінің түрлері
А – қоңыздың ашық қуыршағы; Б – көбелектің жабық қуыршағы; В – көбелектің нағыз пілдесі; Г – түкті шыбынның жалған қуыршағы немесе пупария
Қоңыз бен көбелектің қуыршақтарының құрылысының өзгерістерін қарастырып, олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне назар аударып, суретін салу. Шыбынның пупарийінің құрылысын да қарастырып, суретін салып алыңдар.
Тыныш күйдегі қуыршақ дап аталатын қуыршақтардың сыртында балауыз түріндегі немесе ерекше жібек ретінде қорғаныштық жабындылары жиі кездеседі. Бұлар пілде деп аталынады. Пілде жердің құнарлы субстраттарынан, дернәсілдің терісінен, экскременттерден, арнайы жібек бөлінетін бездерден бөлінген жіптерден жасалады. Пілденің жібек тәріздес талшықтармен қапталған түрі көптеген көбелектерге тән. Жібектен тоқылған пілделер тығыздығы, қабаттылығы, тоқылу түрі, бояуы, формасы жағынан әртүрлі болып келеді (24, в сурет).
Алдын-ала жинап дайындалған пілделердің әр түрін қарастырып, суретін салу.
Дернәсілдердің, қуыршақтың, пілденің құрылысына қарап, зиянкестің түрін ажыратуға болады. Орман зиянкестерінің маңызды топтарының дернәсілдері мен қуыршақтарын анықтау кестесі құрастырылған.
ҚАРА ТАРАҚАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫС ҚАЛПЫ
Қара тарақанның құрылысы және тұрмыс қалпы.
Қара тарақан жәндіктердің морфологиясын зерттеудегі классикалық объекті ретінде қарастырылады. Жәндіктердің дене құрылысын зерттеу объектісі ретінде әлі күнге дейін қара тарақан пайдаланылып келді. Зерттеу объектісі ретінде қара тарақанды кездейсоқ ала салған жоқ. Қара тарақандар адамдардың тұрғын үйлерінде де кездесе беретіндіктен және оларды кез-келген сандық мөлшерде, кез-келген жыл мезгілінде тауып алуға болады. Сонымен қатар тарақан жәндіктер класының ішіндегі көптеген өкілдерден денесінің жеткілікті мөлшерде үлкен болуына байланысты, зертханалық зерттеулерге ең қолайлысы болып табылады.
Тарақанды мысалға ала отырып, бұл жәндік палеозой дәуірінде пайда болған ең ежелгі топқа жататындығына және өзінің даму барысында дене құрылысының алғашқы қарапайым қалпын сақтағанына тоқтала кету қажет.
Сондықтан, тек қана тарақанда қандай да бір басқа жәндікте емес, жалпы жәндіктердің құрылысы және ерте заманнан бергі дамуы жөнінде де ашық, толық жалпылама түсінік қалыптастырады. Осыны негізге ала отырып, екіншіден, басқа жәндіктерді олардың дене құрылысының барлық формалары мен бейімделгіш қасиетіне көшуге болады.
Бірақ, қазір инсектицидтердің шығуына байланысты, басқа да үй жәндіктерімен қоса қара тарақандар өткеннің шеңберіне тереңдеп, енді толықтай жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Осыдан соң, мүмкін осы жәндіктер туралы мәліметтер оқулықтардың беттерінен жоғалып, олар әлі жойыла қоймаған аймақта құрып бара жатқан түрлерін зертхана мақсатында қолдана бастайтын шығар. Өйткені басқа ашық, толық көрсетілетін құрал ретінде қара тарақаннан басқа жәндіктер жоқ. Егер тарақандар жойылып кетсе, онда мөлшері жағынан көлемді өкіл, тарақанға жақын топ – тікқанаттылармен (шегіртке, көк шегіртке, бұзаубаспен) алмастырылады.
Жалпы, осы тікқанаттылар өзінің сыртқы және ішкі құрылысы жағынан қара тарақанға жақын болып келеді, сондықтан оларды зерттеуде тарақанды ішкі құрылысын қарастырғандағы нұсқаулар сәйкес келе береді.
Тарақанның сыртқы құрылысы.
Тарақанның дене бөлігінде үш бөлікті оңай ажыратып алуға болады, олар бас, кеуде және құрсақ. Бас бөлігінде көздері, қос мұртшасы және ауыз бөліктері орналасқан, кеуде бөлігінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар (ұрғашы тарақанда қанаттары жетілмеген), мүшеленбеген құрсақ бөлігінде денесінің соңғы бөліктері қалыптасқан (34-сурет).
34 - сурет. Қара тарақанның еркегі (А) мен ұрғашысы (Б)
1 – мұртшасы; 2 – ауыз өсінділері; 3 – алдыңғы арқа бөлігі
4 – үстіңгі қанат; 5 – сан (ортан жілік); 6 – жіліншік;
7 – табан; 8 – құрсағының тоғызыншы бунағы; 9 – церка.
Достарыңызбен бөлісу: |