А. Т. Кадиргалиева, «Дене шынықтыру және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының магистр оқытушысы «Өнер және спорт»



бет2/2
Дата14.11.2019
өлшемі236 Kb.
#447467
1   2
Саясаттану электив новый-2018

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Элективті оқу пәндерінің тізбесі сіздің алдыңызда. Бұл элективті оқу пәндерінің жүйелі аннотациялық тізімі. Ол сіз үшін жеке оқу траекторияларын өз бетінше, жедел және жан-жақты құрастыру мақсатында жасалған. Сіздің жеке оқу жоспарыңызды құрастыруда бұл сіздің көмекшіңіз.

Оқытудың кредиттік технологиясында барлық оқу пәндері 3 циклге жіктелген - Жалпы білім беру пәндері (ЖБП), Базалық (БП) және Кәсіби (КП). бұл цикілдердің әрбірінің ішінде оқу пәндері 2 түрге бөлінеді- міндетті компонент және таңдау бойынша компонент (элективті, яғни таңдалған оқу пәндері). Міндетті компанентті пәндер мамандық бойынша мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарымен тағайындалған және осы мамандық магистранттарына бірдей оқытылады. Кафедраларды зерттеу үшін сізге элективті оқу пәндері ұсынылып отыр. Элективті оқу пәндерінің барлық тізімінен өзіңізге қызықты пәндерді таңдай аласыз. Осылай оқу пәндеріңіздің әрбір циклі бойынша сіздің жеке оқу жоспарыңыз өзіне 2 бөлімді қосады: Міндетті компонент және Таңдау бойынша компонент (элективті оқу пәндері).

Сіздің жеке оқу жоспарыңызға оқу пәндерін қосу үшін элективті оқу пәндері тізбесінің көмегімен қалай таңдауға болады?

1. Тізімнен сіздің курсыңызбен оқу семестрінің кестесін табыңыз.

2.Элективті оқу пәндерінде бір үлгідегі оқу жоспармен барлығы неше кредит берілгенін анықтай аласыз.

3.Элективті оқу пәндері тізімімен өзіңіз танысыңыз. Оқу пәндері таңдау бойынша курстарға бөлінген. Элективті пәндердің әрбір топтарынан тек қана бір элективті оқу пәндерін таңдауға болады.

4.Элективті оқу пәндерінің сипаттамасын ынта қойып оқып шығыңыз және өз таңдауыңызды жасаңыз.

5. Сіз таңдаған кредиттердің саны бір үлгідегі оқу жоспары бойынша талап етілетін кредиттік санға сәйкес келу керектігін тексеріңіз.



Сізге элективті оқу пәндерін таңдауда эдвайзер көмектеседі.

Академиялық дәрежесі 6М050200-Саясаттану мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі


Пәннің коды


Пәннің атауы


Кредит

Семестр

Пререквизиттер


Постреквизиттер

Пәннің қысқаша мазмұны

(негізгі бөлімдер)


Оқыту нәтижелері негізінде

қалыптасатын құзіреттіліктер


1- курс

Мамандық бойынша міндетті модульдерге кіретін таңдау пәндері

MS 5301

Мемлекеттік саясат

2

1




Саяси жаһандану, саяси консалтинг

Бұл аталған пән бүкіл еліміздің қалыптасу жолын яғни, Қазақ еліндегі болған ірі саяси өзгерістерге кеңірек тоқталып, талдау жасайды. Атап айтқанда. Қазақстан тарихындағы ерте мемлекеттік құрылымдар, Кеңес Одағы тұсындағы Қазақстан және Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы сияқты мәселелер кезегімен қарастырылады.


Меңгерілетін білім: Магистранттар бұл пәнді оқуда Қазақстанда адам бостандығынан бастап, жеке меншік-құқық-мемлекеттік және соңғы саты Қазақстан Республикасы мемлекеті сияқты сатылардан тұратын қазақ жеріндегі әлеуметтік-генетикалық буынның бүкіл қалыптасу жолын үйренеді

Білік: бұл пән бойынша магистрант Қазақстанның даму критерилерін, оның өзекті мәселелері мен дамудың әлеуметтік факторларын біледі

Дағды: саясаттану мамандығы үшiн қажетті саяси даму, модернизация, мемлекеттілік туралы түсiнiктер беретiн саяси сөздер қорын қалыптастыру

Құзіреттілік: Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуының қайнар көздерін, қалыптасу алғышарттарын, мемлекеттік-әкімшілік басқару әсерлілігі принциптері мен факторларын білуі тиіс



KZHKS 5302

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы саясат

3

1




Демократияны өлшеудің теориясы мен методологиясы, саяси жанжалды саяси реттеу

Қурста қауіпсіздік пен әлемдік саясатты реттеу, халықаралық қатынастардың саяси экономикасы, әлемдік саясаттағы материалдық және бейматериалдық арақатынасы проблемаларын оқытудағы қазіргі күндегі жаңа талаптарын оқытудағы қазіргі күндегі жаң талаптарын ашып көрсетуге негізгі назар аударады


Меңгерілетін білім: Курс қазіргі (1991-2018) әлемдік дамудың басты ағымдарымен, ондағы күштердің арасалмағын көрсетуге, жаңа халықаралық саяси ахуалдың қалыптасу варианттарымен таныстыруға арналған.

Білік: Халықаралық қатынастар тарихы пәні халықаралық қатынастар жүйесіндегі мемлекеттердің орны мен рөлінің өзгеруін сипаттайды

Дағды: Дипломатия рөліне,оның ерекшеліктеріне,сыртқы саясат жүргізу әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс

Құзіреттілік: Халықаралық қатынастардың теоретикалық әдістемелік және геосаяси аспектілерін білу керек




MB 5303

Мемлекеттік басқару

3

1




Этносаясат, саяси консалтинг

Қазіргі саяси ғылымда саяси биліктің феномені өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекеттік саяси билігінің сұрақтары саяси процесстерде аса маңызды орын алады. Саяси биліктің тармақтарына, оның құқықтық реттеуіне, факторларды талдауына көп көңіл аударылады


Меңгерілетін білім: биліктің түрлі тұрғылары, оны сан алуан көріністерін байқауды үйренеді, саяси биліктің тармақтарына, оның құқықтық реттеуіне, факторларды талдауына көп көңіл бөлінеді

Білік: қоғамдағы билікпен және билік қарым-қатынастарымен байланысты нақтылы құбылыстарды талдауға мүмкіндік беретін алған теориялық білімдер негізінде билік құрылымдарына және билік функцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне баға беру

Дағды: саясаттану мамандығы үшiн ең негiзгi саяси бiлiм мен түсiнiктер беретiн, саяси сөздер қорын қалыптастыру

Құзіреттілік: әлемдегі және еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды ғылыми негіздей отырып саяси басқарушылық шешімдерді талдай білу




SK 5205

Саяси құндылықтар


3

1




Қазіргі әлеуметтік саясат, саяси жанжалды саяси реттеу

саяси құндылықтардың теориялық-методологиялық негіздемелерін, саяси құндылықтардың саяси құбылыстармен байланысын, саяси құндылықтардың қалыптасу процестерін, саяси құндылықтарды зерттеу әдістерін оқып үйретеді


Меңгерілетін білім: Бұл пән саясаттану саласында саяси құндылықтардың теориялық-методологиялық негіздемелерін, саяси құндылықтардың саяси құбылыстармен байланысын, саяси құндылықтардың қалыптасу процесін, саяси құндылықтарды зерттеу әдістерін оқып үйретеді

Білік: құндылықтар теориясының ауқымында саяси аксиологияға негіз болатын методологиялық және теориялық ұстанымдар айқындау, жүйелілік, нақты-тарихи принциптерін қолдану арқылы құндылықтар сабақтастығын көрсету

Дағды: саяси құндылықтардың қалыптасу механизміндегі демократияландырудың, гуманизмденудің рөлі мен қызметін ашып көрсету

Құзіреттілік: Саяси зерттеу және талдау принциптері мен әдістерін, қоғамдағы саяси күштердің арақатынастарын бағалау әдістерін, саяси болжау, ғылыми негізделген ұсыныс жасауы тиіс




SLF 5206

Саяси лидерлік феномені

3

2




БАҚ қазіргі саясат факторы ретінде, саяси жаһандану,

Бұл пән саясаттану саласында саяси лидерліктің қалыптасу тарихы мен теориясын, әлеуметтік институт ретіндегі саяси лидерліктің қоғам саяси жүйесіндегі орны мен рөлін, саяси лидердің статусы мен ықпал ету мүмкіндігін, қазақстандық саяси лидерлікке тән ерекшеліктерді теориялық және практикалық жағынан зерттеуге, білуге үйретеді


Меңгерілетін білім: Саяси лидерлік феноменінің саясаттанудағы категориялық келбетіне жан-жақты сипаттамалар беру, олардың саяси жүйе институттарымен байланыстарын ашып көрсету

Білік: Саяси лидерліктің қалыптасу процесін, оның ішінде қазақстандық лидерлікке тән сипаттарды ашып көрсету

Дағды: Қазақстан қоғамындағы саяси лидерліктің шығу тегіне, тарихи негіздеріне талдаулар жасау, саяси лидерліктің қазақстандық сипатын анықтау

Құзіреттілік: Қазіргі заманғы саяси қызметтегі теориялық модельдерді, әдістемелік принциптерді, әдістер мен процедураларды, сонымен қатар халық игілігіне негізделген әсерлі саяси тиімділікке жетуге бағытталған саяси технологияларды білуі тиіс




SZUA 5207

Саяси зерттеуді ұйымдастыру және әдісі

3

2




Саяси жанжалды саяси реттеу, саяси жаһандану,

Аталған пән магистранттарды саяси зерттеуді ұйымдастыру және әдісін қоғамдық-саяси ойдың тууы және даму тарихымен, қазақ ойшылдары мен қоғамдық-саяси қайраткерлердің өмірі және творчестволық мұраларымен таныстырады, олардың жүйелі ғылыми дүниетанымының қалыптасуына жәрдемдеседі

Меңгерілетін білім: қазақ халқының саяси ойының бастауы мен эволюциясын дамуының тарихи ұзақ кезеңінде оның бай рухани мәдениетінің саяси және басқада мұралары негізінде жүйелі және жан-жақты зерттеп білу

Білік: Саясаттану бөлімінің магистрантын саяси ой тарихы бойынша іргелі біліммен қаруландырады оның дүниетанымын нығайтады және байытады

Дағды: Магистрант жастарды жоғары саяси азаматтық парыз, патриоттық рухта тәрбиелеуге жәрдемдеседі

Құзіреттілік: Қазақстандағы саяси ойдың қайнар көзін, қалыптасу алғышарттарын, қазіргі кездегі жағдайын білуі керек




KSI 5208

Қазіргі саясаттағы иммидж










Саяси жаһандану, демократияны өлшеудің теориясы мен методологиясы

Пән иммидж теориясының негізгі қырларын, элитаны іріктеу және қызметтік механизмдерін зерттеудің жалпы теоретикалық-әдістемелік аспектілерін, аталған мәселені зерттеудегі қазіргі саяси ғылымдағы әр түрлі мектептерге қалыптасқан ұғымдық ақпараттарын қарастыруға арналған


Меңгерілетін білім: Қазақстан Республикасындағы элитаны іріктеу, оларға объективті баға беру мәселелерін талдау қабілетін қалыптастыру

Білік: Иммидж теориясының негіздерінің қырларын, элита іріктеу және қызметтік механизмдерін зерттеудің жалпы теоретикалық-әдістемелік аспектілерін, аталған мәселені зерттеудегі қазіргі саяси ғылымдағы әртүрлі мектептерде қалыптасқан ұғымдық аппараттарын қарастыру.

Дағды: Қазақстандағы ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы саяси элитаның пайда болуы мен дамуының ерекшеліктеріне талдау жасалынып, осы қатарда Қазақстан Республикасындағы саяси элитаның одан әрі дамуының жолдарына негізгі назар аудару

Құзіреттілік: Қазіргі заманғы саяси қызметтегі теориялық модельдерді, әдістемелік принциптерді, әдістер мен процедураларды, сонымен қатар халық игілігіне негізделген әсерлі саяси тиімділікке жетуге бағытталған саяси технологияларды білуі тиіс




2 курс

Халықаралық қатынас және саясат

SZh 6304

Саяси жаһандану

3

3

Мемлекеттік саясат, қазіргі саясаттағы иммидж

-

Магистранттарге саяси модернизацияның нақты саяси жүйе жасақтауды көздейтін саяси процесс ретіндегі мәні туралы терең білімдер жүйесін, оның қоғамда қажетті де мақсатты саяси түрлендірулер жасай отырып өзгеруін оқыту

Меңгерілетін білім: Магистранттар бұл пәнді оқуда фактологиялық материалдарды нақпа-нақ білу арқылы қазіргі уақыттағы көпқырлы саяси процесті аңдауға, кез-келген ұласпалы өзгеріске талдау жасауды үйренеді

Білік: Бұл пән бойынша магистрант саяси модернизацияның мақсатын, критерилерін, негізгі қасиеттері мен әлеуметтік факторларын біледі

Дағды: саясаттану мамандығы үшiн қажетті саяси даму, модернизация, пост модернизм туралы түсiнiктер беретiн саяси сөздер қорын қалыптастыру

Құзіреттілік: Жаһандану жағдайындағы көп түрлі әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси процестердегі проблемалық міндеттерді шеше білуі тиіс


OAG 6305

Орталық Азия геосаясаты

3

3

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы саясат, мемлекеттік саясат

-

Мұнда геосаясаттың қазіргі заманда халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлі анықталады. Бағдарламада курстың негізгі мәселелеріне шолу беріледі. Қазіргі әлемдік геосаясаттың сипаты, факторлары мен ерекшеліктері ашып көрсетіледі


Меңгерілетін білім: ХІХ-ХХ ғасырлардағы негізгі классикалық геосаяси теорияларға: Ф.Ратцельдің, Р.Еллен, Ф.Наумактың, Х.Майкиннің К.Хаусхофердің К.Шмидт теориялары, қазіргі заманғы негізгі геосаяси орталықтары (АҚШ, Батыс Еуропа, Қытай, Жапония) әлемдік геосаяси проблемаларды шешудегі орны мен рөлі маңыздылығына назар аударылған.

Білік: «Геосаясат» пәні қазіргі әлемдік геосаясаттың ерекшеліктері геосаясат түсінігінің анықтамасы әдістері қызметі және қазіргі геосаяси кеңістіктің қалыптасуының негізгі дәуірлеріне жан-жақты сипаттама орынды түрде берілген. Сонымен қатар оқу бағдарламасында антикалық ортағасырлық қоғамдық ойдағы геосаяси көзқарастардың қалыптасу тарихы, жаңа заманның саяси ілімдерінің доминанты географиялық детерминизм идеялы жеткілікті түрде қамтылған.

Дағды: отандық және шетелдік тарихнаманың қазіргі жетістіктері негізінде магистрант ХХ-ХХІ ғасырлардағы геосаяси процестердегі өзгерістері, олардың заңдылықтары мен даму беталыстары қисынын ұғынуы тиіс

Құзіреттілік: Жаһандану жағдайындағы көп түрлі әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси процестердегі проблемалық міндеттерді шеше білуі тиіс




SZhSR 6306

Саяси жанжалды саяси реттеу

3

3

Мемлекеттік басқару, қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы саясат

-

Саяси конфликтология саяси жанжалдардың алдын алудың және шешудің теориялық және пратикалық білімін алуда ерекше орынға ие. Саяси конфликтология жанжалдардың пайда болу заңдылықтарын, олардың даму құрлымы мен динамикасын, саяси жанжалдарды типологиялау мәселелерін зеттейді


Меңгерілетін білім: Келіссөз жүргізудің практикалық дағдыларын, саяси жанжалдарды бағалауда негізгі әдістемелік принциптері мен әдіс амалдарын пайдалануды үйрету

Білік: Магистрантке теориялық – әдістемелік біліммен қатар, саяси конфликтологияның практикалық білімдері беріледі, халықаралық саяси жанжалдарды талдайды

Дағды: Жанжалдардың алдын алу және реттеудің конструктивтік технологияларымен танысу

Құзіреттілік: Жаһандану жағдайындағы көп түрлі әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси процестердегі проблемалық міндеттерді шеше білуі тиіс




BKSF 6307

БАҚ қазіргі саясат факторы ретінде

3

3

Саяси құндылықтар, қазіргі саясаттағы иммидж, мемлекеттік саясат


-

Бұқаралық ақпарат құралдарының пән ретінде Батыс Европа елдерінде 20 ғасырдың басында кеңінен таныла бастады. Кеңес өкіметі жылдарында бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтануы авторитарлық режим қыспағында болды. Әйтсе де 90-жылдары бұқаралық аранлармен хабарларға ие болды, сонымен бірге мәдениеттің құрамдас бөлігі есебінде БАҚ адамдар арасындағы өзара түсіністік пен байланысқа ықпал етті.


Меңгерілетін білім: Бұқаралық ақпарат коммуникацияларының проблемаларын, әлеуметтік зерттеудің методологиялық принциптерін, тақырыбы мен міндеттерін айқындап, дәлелдеу;

Білік: Осы заманғы қоғам дамуы кезеңіне сәйкес бұқаралық ақпарт коммуникацияларын өркендету тұғырнамасын жазу

Дағды: Ститистикалық мәліметтер мен әуелгі әлеуметтану ақпараттар негізінде бұқаралық ақпарат коммуникацияларын өркендетудің басты проблемалық факторлалары мен өзгешеліктерін айқындау;

Құзіреттілік: Саяси жүйе мен оның институттарының функциясын жүзеге асыруда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білу




SMKB 6308

Саяси менеджмент және қоғаммен байланыс

2

3

Саяси лидерлік феномені, мемлекеттік саясат

-

Саяси менежмент пәні тек арнаулы сипатқа сәйкес білім алуда ғана емес, сонымен қатар оларды саяси менеджментті тәжірбиелік қолдануда да маңызды роль атқарады. Паблик Рилейшнз институты Қазақстандағы демоқратияның қалыптасу заңдылықтары жайлы ғылыми білім кешеніндегі пән болып табылады


Меңгерілетін білім: Бұл пәнді оқи отырып магистрант саяси менеджмент және қоғаммен байланыс жасауда жаңа тәсілдердің кешенін білу, Паблик Рилейшнз институты қалыптасуының ерекшелігіне компаративтік талдау жүргізу

Білік: Қазақстанның ішкі саяси процестерді талдауға, негізгі саяси субъектілер мен объектілердің өзара қатынастарын кестелеуге қолғабыс ету

Дағды: сайлау компанияларын ұйымдастыру мен өткізудің жаңа тәсілдерін үйренуі қажет

Құзіреттілік: Сайлау науқандарын дайындау және жүргізу кезеңдерінде мемлекеттік билік органдарына білікті сараптамалық және кеңестік қызмет жасай алуы тиіс




Қоғам және саясат

SGTP 6304

Саясат және ғылыми-техникалық прогресс

3

3

Саяси лидерлік феномені, мемлекеттік саясат

-

«Ғылыми техникалық прогресс және саясат» курсының енгізілу өзектілігі магистранттарды қазіргі әлемнің индустриалды дамыған елдерімен қатар дамушы елдердің ҒТП пен ҒТР жүзеге асырылуындағы мемлекеттік саясаттарымен таныстырып, олардың жалпы адамзат өркениеті мен жеке аймақтар мен мемлекеттерге және әлемдік қауымдастықтың дамуына әсерін анықтау болып табылады


Меңгерілетін білім: Бұл пәнді оқытудың күрделігі ҒТР мен ҒТП жаһандылығы мен ауқымдылығы және олардың жалпы адамзат дамуына әсеріне байланысты

Білік: Әлеуметтік гуманитарлық ғылымның осы салаларын игеру барысында және зерделеу нәтижелерінде алынған білім, еп, дағдылар зерделенер арнайы пәннің ұғымдық аппаратымен қосып байланыстыру қажет

Дағды: Ғылыми және оқу әдебиетімен жұмыс істеуде саяси дамудың бірқатар мәселелерін олардың дүниежүзілік үрдістің буыны ретінде жалпы логикаға сай даму жағдайын өз бетімен талдауға дағдылану

Құзіреттілік: Интеграциялық процестер жағдайында мемлекеттік басқару әдістері мен құралдарын игеруі тиіс




KAS 6305

Қазіргі әлеуметтік саясат

3

3

Саяси құндылықтар, қазіргі саясаттағы иммидж, мемлекеттік саясат


-

Әлеуметтік саясат курсты оқып үйрену магистрантті социологиялық ағымдардың күрделі әлемінде дәл бағдарлай білуге, белгілі бір мұраттарға, құндылықтарға, саяси дәстүрлерге, саяси практика ережелерін саналы таңдау жүргізе білуге үйретеді


Меңгерілетін білім: Қазақстан қоғамының өтпелі жәй-күйі қоғамдық сананың идеялық парадигмаларында терең өзгерістерсіз ешқандай өзгертулер мүмкін болмайтындықтан еліміздің азаматтарының қазіргі саяси мәдениетті игеру міндетін қойып отыр

Білік: Социологияны ағымдардың күрделі әлемінде дәл бағдарлай білуге, белгілі бір мұраттарға, құндылықтарға, саяси практика ережелеріне, қоғам мен мемлекеттің өмір сүріп тұрған жүйесімен өзара қарым қатынас принциптеріне бағдарды саналы таңдау жүргізе білуге үйретеді

Дағды: Магистрант жастардың саяси қызығушылықтарын арттыру, оларды белгілі бір саяси жағдайда саяси процестерге еркін араластырып өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға үйрету

Құзіреттілік: Саяси әлеуметтану, қолданбалы саяси зерттеулер әдістері мен ұғымдық аппаратын меңгеруі керек




ES 6306

Этносаясат

3

3

Мемлекеттік басқару, қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы саясат

-

қазақ халқының ұлттық-саяси дамуының тамыры кешегі кеңес дәуірінен де әрі тереңде жатқанын ұғынуы қажетті. 400 жылдан астам шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен өткен саяси күресте дүниеге келген алғашқы тәуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияғға қосылуы аяқталған соң мүлде жоғалып, оның орнына отаршылық саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі орнады.1917 жылы ақпан революциясынан кейін, Қазан революциясы кезінде ескі саяси жүйенің ыдырауына байланысты бүкіл Россия көлемінде етек алған бұқаралық-халықтық қозғалыс, жалпы қоғамдық үрдіс заңды түрде қазақтың ұлттық автономиясын, тәуелсіз мемлекетін құру идеясын тудырды.


Меңгерілетін білім: Осы тоқсаныншы жылдардың басында кешегі Одақтың көптеген аймақтарында саяси тұрақтылық бұзылып, азаматтық және ұлттық тартыс-қақтығыстар бел алған тұста Қазақстан экономикалық құз шатқалға құлап кетудің аз-ақ алдында тұрды. Мемлекетті осы апттан жедел алып шығу президенттік биліктің басты мәселесі болды. Бұл үшін экономикалық реформаны саяси тұрғыдан қорғау, ел ішінде саяси тұрақтылықты сақтау, жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру, Қазақстанның геосаяси жағдайына сәйкес дербес сыртқы саясат жүргізу стратегиялық өткір мәелелерге айналды.

Білік: Саясаттану бөлімінің магистрантын саяси ой тарихы бойынша іргелі біліммен қаруландырады оның дүниетанымын нығайтады және байытады

Дағды: Магистрант жастарды жоғары саяси азаматтық парыз, патриоттық рухта тәрбиелеуге жәрдемдеседі

Құзіреттілік: Қазақстандағы саяси ойдың қайнар көзін, қалыптасу алғышарттарын, қазіргі кездегі жағдайын білуі керек




DOTM 6307

Демократияны өлшеудің теориясы мен методологиясы

3

3

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы саясат, мемлекеттік саясат

-

Бұл пән магистранттарды әлемдік, ресейлік және отандық демократия дамуының тәжірбиесін кең түрде пайдалану негізіндегі демократия теориясы мен тарихының негізгі ұғымдары мен принциптерін, демократиялық институттар, демократиялық принциптердің және дәстүрлердің әр түрлі елдер мен мемлекеттердің саясатындағы рөлдерін оқып, үйренуге бағыт-бағдар береді


Меңгерілетін білім: Демократия проблемаларын оқып үйренудің әлемдік, ресейлік, отандық орталықтарының жетістіктеріне талдау жасау әдістерін игеруге қол жеткізу, демократияның әлеуметтік өмірдегі негізін анықтау, демократияның институционалдық социомәдени және құндылықты аспектілерін олардың өзара байланысын айқындау

Білік: Демократияның экономикалық, әлеуметтік, мәдени және сыртқы саяси алғышарттарын меңгере отырыпдемократияның толқындарына анықтама беру

Дағды: Қазіргі заманғы демократия теориялары мен түрлеріне түсініктеме қалыптастыру

Құзіреттілік: Саяси бағытты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі негізгі басқару міндеттерін білікті шешуге қабілетті болуға тиіс




SK 6308

Саяси консалтинг

2

3

Мемлекеттік саясат, қазіргі саясаттағы иммидж

-

Қазіргі саяси ғылымда саяси биліктің феномені өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекеттік саяси билігінің сұрақтары саяси процесстерде аса маңызды орын алады. Саяси биліктің тармақтарына, оның құқықтық реттеуіне, факторларды талдауына көп көңіл аударылады


Меңгерілетін білім: биліктің түрлі тұрғылары, оны сан алуан көріністерін байқауды үйренеді, саяси биліктің тармақтарына, оның құқықтық реттеуіне, факторларды талдауына көп көңіл бөлінеді

Білік: қоғамдағы билікпен және билік қарым-қатынастарымен байланысты нақтылы құбылыстарды талдауға мүмкіндік беретін алған теориялық білімдер негізінде билік құрылымдарына және билік функцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне баға беру

Дағды: саясаттану мамандығы үшiн ең негiзгi саяси бiлiм мен түсiнiктер беретiн, саяси сөздер қорын қалыптастыру


Ғылыми-зерттеу жұмысы

MGZZh

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы













Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің мазмұны мемлекеттің біртұтас сиаптын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.

Білімі:

Педагогикалық процестің жағдайын негізі сипаттамалары бойынша диагностикалап және оның дамуын болжай алады.



Дағдысы:

Жетекші идеясы өзбетімен тапқан ғылыми нәтижелерді, әдебиеттегі мәліметтерді сынға алу тиіс



Құндылық құраушылары: Ғылыми зерттеу жұмыстары туралы жүйелі білім беру, бастапқы әскери дайындық және медициналық – биологиялық зерттеу жүргізу дағдысын меңгеру және табылған ғылыми нәтижелерге талдау жасауды ұйымдастырады


Оқытудың қосымша түрлері

PT6301

Педагогикалық тәжірибе













Әрбір маман қазіргі білім беру стратегиясының басты сипатты тұлғаның өзіне тән қабілетін оятып, іскерлігі мен қабілеттігін ашу, шығармашылық мүмкіндігіне бағдар беру, өзіндік дамудың дербес ерекшеліктеріне орай жоспар жасап және оны жүзеге асыруға баулу екекнін түсініп қана қоймай, оны орындауға және нақты іс жүзінде көрсетуге бағытталуы тиіс.

Білімі:

1.Жоғары спорттық нәтижелерді, дененің жұмысқа қабілеттілігінің тиімділігін және жеке организмнің бейімделу заңдылығын ескере отырып, организмнің қосымша мүмкіндіктерін жетілдіруге қол жеткізу



Білігі:

1.Кәсіби қызметінің деңгейін арттыруда, өзін-өзі дамытуды жетілдіру;

2.Білімді игеру барысында өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру.

Құндылық құраушылар:

1.Кәсіби қызметте өзін жетілдіре отырып, іскерлікпен шығармашылығын арттырып, өзін-өзі дамыту қабілеті.



ZT

Зерттеу тәжірибесі













Зерттеушіліктің негізгі бағыты – магистранттарға дене мәдениеті мен спорт туралы терең теориялық білім беру мен бірге, дене тәрбиесі жоғарғы оқу орындары мен педагогикалық ЖОО-ғы «Дене шынықтыру және спорт» мамандары болашақта кәсіби маман ретінде осы пәннің негізгі түсініктерін тәжірибеде, спорттық ұйымдарда және басқа да әр түрлі оқу мекемелерінде дұрыс қолдана білуіне үйрету болып табылады.

Білімі:

1.Дене шынықтыру мен спорттың адамгершілікті, ұлтжандылық сүйіспеншілікті, халықаралық қатынас сезімін қалыптастырудағы тәрбиелік және білімдік маңызы, басқа елдермен спорттық қарым-қатынастағы маңызы туралы;



Білігі:

1.Шығармашылық саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі спорттық тұрғыдан позитивті ойлауға қабілетті болуы;



Құндылық құраушылар:

1.Спорттық мерекелерді ұйымдастырып, өтеізіп, сондай-ақ, оқу орындарында, үйірмелер мен ұйымдарда дене шынықтыру және спорт бойынша жарыстарға төрешілік жүргізе білуі



Қорытынды мемлекеттік аттестация

КМА 1.1

Мемлекеттік кешенді емтихан













Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің мазмұны мемлекеттің біртұтас сиаптын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.

Білімі:

Өзінің мүмкіндіктерін түсінеді, баға береді жауап кершілікті өзіне ала біледі



Дағдысы:

Өзінің іс-әрекет жоспарын әзірлейді, ұйымдастыру дағдысын көрсетеді өзінің даму жоспарын нақты орындауға бейімделген



Құндылық құраушылары: Өзіндік іс-әрекеттерді ұйымдастырады, жауапкершілікті сезінеді, жүкетейді;


КМА 1.2

Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау













Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің мазмұны мемлекеттің біртұтас сиаптын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.

Білімі:

Ақпарат көздеріндегі мәліметтерді сыни көзқараспен талдайды, бағалайды;



Дағдысы:

Оқу-тәрбиеге байланысты материалдарды іріктеу, жобалау, жоспар әзірлеу дағдыларын қабілетті;



Құндылық құраушылары: Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дамуына сай бірлескен және жеке іс-шараларды ұйымдастыра алады; өз бетінше білім алуға қабілеттілігін көрсетеді.

ЖООКББ меңгерушісі А.Қосауова


Тіркеу бөлімінің меңгерушісі А.Оңғарова
«Дене шынықтыру және әлеуметтік ғылымдар » кафедра меңгерушісі К.И.Алшынбаев




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет