CaO + 2AgNO3 = Ca(NO3)2 + Ag2O ↓
Ca(OH)2 + AgNO3 = Ca(NO3 )2 + Ag2O ↓
6. Қатты қызған көмiрмен анықтау
Көмiр кесектерiн алдымен электр плиткасында, содан соң спиртовка жалынында қатты қыздырып, үстiне майдаланған тыңайтқыш салады. Бұдан кейiн тыңайтқыштың жану жылдамдығын, түтiннiң пайда болуын, жалынның түсi мен исiн байқайды. Аммиакты тыңайтқыштарды шыққан аммиактың исi-
нен, нитратты қосылыстарды от жарқылынан, ал калий тыңайтқыштарын шытырлап жануынан бiледi. Селитралар от шашып жанады, ал олардың əрқайсысының жалынының түстерi түрлiше болады: натрий селитрасының жалыны сары-қызғылт сары түстi, калий селитрасы-күлгiн, аммиак селитрасы- түссiз жалынмен жанады, кейде балқып, аммиак бөледi. Фосфорлы, известi тыңайтқыштар мен гипс отқа қыздырғанда өзгермейдi.
7. Тыңайтқыштардың қышқылмен əрекеттесуi
Пробиркаға не фарфор тостағаншаға аз ғана құрғақ тыңайтқыш салып, үстiне 2-10%-тiк тұз қышықылын не сiрке қышқылын құяды. Егер тыңайтқыш қайнап, көмiрқышқылын бөлсе, онда оның құрамында карбонат болғаны.
CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2↑
K2CO3 + 2HCl = KCl + H2O + CO2↑
8. Тыңайтқыштардағы магнийдi анықтау
Калий йодидiндегi йод арқылы анықтайды. Магний иондары гидроксил ионымен нашар еритiн магний гидроксидiн түзедi:
Mg++ + 2OH = Mg(OH)2
Магний гидроксидi йодпен қызыл-қоңыр түс бередi. Құрамында магний бар калий, известi тыңайтқыштарын анықтауға болады.
Мына тапсырманы орындап, бақылау сұрақтарына жауа беру:
1. Көп таралған минералдық тыңайтқыштар түрлерін жікте.
2. Тыңайтқыштардың суда ерiгiштiгiн анықтау әдістері.
3. Тыңайтқыштардың сiлтiмен реакциясы анықтау әдістері.
4. Тыңайтқыштардың қышқылмен əрекеттесуi анықтау әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |