А Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған жалпы нұсқаулар


Исi. Барлық дерлiк тыңайтқыштардың тұрақсыз исi болады. 2. Тыңайтқыштардың суда ерiгiштiгi



бет4/13
Дата05.06.2024
өлшемі138 Kb.
#502356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
коршаган орта туралы зертхана (1)

Исi. Барлық дерлiк тыңайтқыштардың тұрақсыз исi болады.
2. Тыңайтқыштардың суда ерiгiштiгi
Пробиркаға 1-2 г тыңайтқыш салып, үстiне 15-20 мл дистильденген су құйып, араластырады. Суда еру дəрежелерiн САлыстырады.
Суда жақсы еритiн тыңайтқыштарға барлық азотты жəне калийлi тыңайтқыштар жатады. Суда ерiмейтiн немесе нашар еритiндерге — фосфорлы жəне известi тыңайтқыштар жатады.
3. Тыңайтқыштардың сiлтiмен реакциясы
Тыңайтқыштың ерiтiндiсiне бiрнеше тамшы 8-10%-тiк сiлтi ерiтiндiсiн құяды. Ерiтiндiде аммиак болған жағдайда оны араластырғанда аммиакқа тəн иiс байқалады.
NH4NO4 + NaOH = NaNO4 + NH4OH
NH4OH NH3+ H2O
4. Барий хлоридiмен реакциясы
Тыңайтқыш ерiтiндiсi құйылған пробиркаға бiрнеше тамшы 5%-тiк барий хлоридi ерiтiндiсiн құяды. Тыңайтқыш құрамында сульфар-ион болған жағдайда сiрке қышқылында ерiмейтiн барий сульфатының ақ тұнбасы түзiледi. Сiрке қышқылымен тексеруге болады.
K2SO4 + BaCl2 = BaSO4+ KCl
5. Күмiс нитратымен реакциясы
Тыңайтқыштың сулы ерiтiндiсiне 2-4 тамшы 1-2% AgNO3 тамызып, пробирканы жақсылап араластырады. Ақ түтiн сияқты AgCl тұнбасы түзiледi.
KCl + AgNO3 = AgCl+ KNO3
Фосфорлы тыңайтқыштармен AgNO3 сiрке қышқылында
еритiн сарғыш түстi тұнба түзедi.
NH4H2PO4 + AgNO3 = AgH2PO4+ NH4NO3
AgNO3 — мен реакция бұнымен бiрге известi тыңайтқыштарды анықтауда да қолданылады. Мысалы, сөндiрiлген жəне сөндiрiлмеген извеспен азот қышқыл күмiс сiрке қышқылында еритiн қоңыр түстi тұнба түзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет