Мына тапсырманы орындап, бақылау сұрақтарына жауа беру: 1. Пайдалы қазбалар қоры, олардың маңызы?
2. Пайдалы қазбаларды тиiмдi пайдалану деген не?
3. Пайдалы қазбаларды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн iс-шаралар қандай?
4. Пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде жүргiзiлетiн табиғатты қорғау шаралары қандай?
Оқытуға арналған әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер: 3,6,8,9
Қосымша әдебиеттер: 6,10,11,15,17,18
Зертханалық жұмыс № 5 Тақырып: Атмосферадағы күкiрт қышқылы мен ерiгiш сульфаттар мөлшерiн анықтау. Мақсаты: Атмосфераның антропогендiк факторлар əсерiнен күкiрт қышқылы мен сульфаттармен ластануы туралы түсінік беру.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: 1. Аспиратор мен АФА — ХП-18 пластмасса фильтрлi фильтр ұстағыш;
2. көп саңылаулы пластиналы шыны фильтр;
3. фотокалориметр;
4. барометр;
5. термометр;
6. глицерин (х.т.) немесе этиленгликоль;
7. тұз қышқылы, конц. (тығыздығы 1,19 х.т.);
8. этил спиртi;
9. сутек асқын тотығы, х.т.;
10. сусыз калий сульфаты, х.т.;
11. сiңiргiш ерiтiндi: 10 мл 30%-тiк Н2О2 1 л суда ерiтедi, 0,3% Н2О2 бiр аптадай қараңғы шыныда сақтайды.
12. барий хлоридi: 5,85 г барий хлоридiнiң кристаллды тұзын 50 мл суда ерiтедi. Одан соң үстiне 150 мл этил спиртi мен 150 мл глицерин не этиленгликоль құяды. РН мөлшерiн концентрациялы тұз қышқылымен 2,5-2,8-ге дейiн жеткiзедi. Ерiтiндiнiң сақтау мерзiмi 2 ай.
13. бастапқы стандартты ерiтiндi. Сусыз калий сульфатын майдалап үгiтiп, 120-1500С температурада 2 сағат кептiредi. Одан кейiн 0,2720 г тұзды 100 мл суда ерiтедi. Бұл ерiтiндiде 1000 мкг/мл SO2 болады;
14. негiзгi стандартты ерiтiндi. Бастапқы стандартты ерiтiндiнi сiңiргiш ерiтiндiмен 10 есе сұйылту арқылы алынады. Алынған ерiтiндiде 100 мкг/мл SO2 болады.
Жұмыстың барысы Зерттелетiн ауаны 20 мин 40 л/мин жылдамдықпен АФА фильтрi арқылы өткiзедi. Одан кейiн фильтрдi пинцетпен 25 мл-лiк стаканға салып, үстiне 0,2 мл этил спиртiн, 10 мл ыстық су құяды. Стаканды 10 мин шыны таяқшамен араластырады. Аэрозольдың ерiмеген бөлiгiн шыны фильтр арқылы сүзедi.
Сульфат-иондарын анықтау үшiн 4 мл фильтраттың үстiне 1 мл барий хлоридiн құяды. Осымен бiрге нольдiк ерiтiндi дайындайды, ол үшiн таза фильтрге 1 мл барий хлоридiн құяды. 15 мин соң ерiтiндiнi шайқап, қалыңдығы 10 мм толқын ұзындығы 400 нм кюветамен оптикалық тығыздығын анықтайды. Нольдiк ерiтiндiнiң оптикалық тығыздығы 0,01 ден аспауы керек. Егер одан көп болса, онда ыдыстар мен кюветаның тазалығын, дайындалған ерiтiндiлердiң сапасын тексеру керек. Күкiрт қышқылы мен сульфаттардың үлгiдегi мөлшерiн калибрлiк график құру арқылы үлгi мен нольдiк ерiтiндiнiң оптикалық тығыздықтарының айырмасы бойынша табады.