М) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру.(ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағы)
Бұл тармақты қосу қажеттілігі қазіргі медицинаның дамуы, органдар мен тканьдерді пайдалану мүмкіншілігінің кеңеюімен ұштасады.
Адамдардың органдары мен тіндері деп: жүрек, бауыр, бүйрек, өкпе, мисүйек және т.б. қосымшаны ҚР-ң Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді., адамды жасауға қатысатын органдар, оның ішінде репродуктивті тканьдер (яйцеклетка, сперма, яичник, эмбриондар) қан және оның компоненттері.
Заңда тікелей көзделгендей органдар мен тіндер сатып алу – сатудың заты бола алмайды.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағы адам өлтіру кез-келген тұлғамен, сонымен қатар медициналық қызметкерлермен де жүзеге асырылуы мүмкін. Органдар мен тін жәбірленушіден зорлық, күш көрсету арқылы да, басқа да алдау – арбау арқылы, яғни бұл операция жәбірленушінің «мүддесінде» деп алдап, оны өлтіру арқылы органдарын алу тәсілдерімен жүзеге асырылады.
Бұл қылмыс тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыс мотиві болып: пайда табу, немесе бастыққа жағу мақсатымен, өзінің туысын басқа адамды өлтіру арқылы, органын алу арқылы құтқару болуы мүмкін.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағында көзделген қылмысты, әртүрлі жағдайларға байланысты біруақытта басқа тармақтармен («а», «в», «д», «ж», «з», «н») саралауға болады.
Адамның ағза мүшелері мен тінін пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіруді адамның ағза мүшелері мен тінін алуға мәжбүрлеген кезде не оның ағза мүшелері мен тінін күштеп алу нәтижесінде оны абайсызда өлтіруден айыру қажет, соңғылар үшін жауаптылық тиісінше ҚК 103-бабының үшінші бөлігінде және 113-бабының үшінші бөлігінде көзделген.
Кінәлінің ниеті жәбірленушіні өлтіруге бағытталған, ал өлтірілген адамның ағза мүшелері мен тіндерін пайдалану мақсаты оны жасаудың себебі болса, іс - әрекет ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағы бойынша саралануға жатады. Мұндай мақсат оларды медициналық әрі өзге де мақсаттарда пайдалану (мысалы, адам етін жеу) ниетін көздейді. Бұл ретте, осы саралану белгісі бойынша адам өлтіруді саралау үшін өлтірілгеннен кейін өлген адамның ағза мүшелерін және талшықтарын нақтылы пайдалнған – пайдаланбағаны маңызды емес.
Н) Бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру (ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы)
Бұрын ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағыда көзделген адам өлтірген адамның адам өлтіруінің саралау белгісі кінәлі адам қылмыс жасаған сәтте ҚК 96-бабы (ҚССР ҚК 88-бабы) бойынша соттылығы алынбаған және жойылмаған жағдайларда қолданылуы тиіс және бұл белгі осыған тікелей қатысты адамның әрекетін саралаған кезде ғана ескерілуге жатады.
Бұрын кісі өлтірген деп, кінәлі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96, 167, және 340 баптарында көрсетілген қылмыстарды жасағаны танылады. Сонымен қатар, көрсетілген қылмыстарды жасағаны танылады. Сонымен қатар, көрсетілген қылмыстардың біреуін жасауға оқталғаны және оны жасауға қатысқаны ескеріледі.
Кінәлінің аса қауіпті екендігін, оның оған қолданылған қылмыстық – құқықтық мәжбүрлеу сипатындағы шаралардан кейін де заңтыңдаушылық өмір кейпіне оралғысы келмейтіндігін куәландырады. Солай бола тұра, заң сотқа оның алғашқы жасаған қылмысының сипатына байланысты бұл жағдайды ауырлататын жағдай ретінде ескермеу құқығын береді.
Адам өлтіруді орындаушы адамның бірнеше мәрте адам өлтіргеніне байланысты мән – жайларының бар екені туралы оларға алдын ала белгілі болған жағдайларда ғана адам өлтіруді ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші адамдар ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы бойынша жауапты болады.
Егер адам бірыңғай ниетпен тұтастырылмаған, бірнеше рет адам өлтірсе, олардың бірде біреуі үшін сотталмаса (ҚК 97-100-баптарында көзделген әрекеттерден басқа) және егер, бұл ретте, алдыңғы адам өлтіргені үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетпесе, онда барлық әрекеттер ҚК 11-бабының 5-тармағының талаптарына сәйкес ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы бойынша (негіз бар болған кезде және басқа да тиісті тармақтар бойынша) саралануы тиіс. Бұл ретте, уақыты бойынша бірінші жасалған адам өлтіруді ҚК 96-бабының бірінші немесе екінші бөлігі бойынша жеке саралау талап етілмейді.
Адам өлтірген кезде және адам өлтіруге оқталған кезде әрбір іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы ретінде жеке саралануы тиіс.
Ресей Федерациясының Қылмыстық Кодексінде біз қарастырып отырған бұрын кісі өлтірген адамның қайталап кісі өлтіруі деген тармақ 8 желтоқсан 2003 жылы алынып тасталды. Сондай – ақ, қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы деген 16 бап декриминализацияға ұшырап отыр. Бұл жағдайдың өзі Ресей ғалымдарының арасында дау – дамай пікірлер тудыруда. Әсіресе ол екі немесе одан да көп адамды өлтіру бір қылмыс па, әлде қылмыстың жиынтығы ережесіне сай саралануы қажет пе деген сұрақтардың төңірегінде болып отыр.
Келесі бір мәселе, 96 баптың 2 бөлігінің «н» тармағындағы көрсетілген қазақша мәтіннің құлаққа жағымсыз тиіп, әсіресе студенттерге ұғыну қиындығы. Заңда былай берілген: «...бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру». Біздің ойымызша, егер орысша мәтіннің аударымы қалатын болса, онда, берілген сөйлем құрылысын былай өзгертуге болады «... бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіру» немесе «...бірнеше рет адам өлтіру» деп беруге болатын сияқты1.
Бұл тармақ бойынша адам өлтіруді қарай келе, 2 сұрақ туындайды:
-
ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағын қолдануға егер де бұрын адам өлтірген адам кеңес одағының мемлекеттерінің біреуінің қылмыстық кодексінің бабымен бұрын сотталса, жата ма?
-
ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағында көзделген қылмысты шетел мемлекетінің заңы мен соты бойынша сотталып, екінші рет біздің территориямызда адам өлтірсе қолданылады ма?
Бірінші жағдайда одақтас республикалардың қылмыстық кодекстерінде осындай қылмыстар қарастырылғаны туралы белгілі, слндықтан бұл тармақ бойынша егер осындай қылмыс жасалған болса сараланады.
Екінші жағдайда шетел мемлекеттерінің қылмыстық заңын ҚР қылмыстық кодексімен сәйкестендіру керек. Германия, Въетнам, Испания, Канада, Польша, Франция елдерінің қылмыстық кодекстерінде қылмыстардың классификациясы әртүрлі болса да, ауырлатылған жағдайда, жеңілдетілген жағдайда, ауырлатылған немесе жеңілдетілген жағдайсыз адам өлтіру шегіне кіреді.
Бұрын 97, 98, 99, 100, 101 -баптар бойынша соттылығы бар адамдардың екінші рет адам өлтіруі бұл баппен саралануға жатпайды. Бұл ҚР – ң Жоғарғы Сотының нормативтік 2007 жылғы 11 мамыр №1 қаулысында баяндалған.
Сонымен қатар бұл Жоғарғы Сот Нормативтік қаулысында бұрын қылмысы үшін сотталмаған адамның тағы адам өлтіруі ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағымен саралануға жатады деген. Бірақ, оған ешқандай түсіндірме жазбаған.
Мүмкін қаулыда 11 – бапта көзделгендей мұндай қылмыстық әрекет неғұрлым қатаң жазалау түрінде санкция белгілейді және бұдан ол қатаң түрде жазаланады деген шешімге келген шығар. Бірақ та, егер бұрын адам өлтірген кінәлінің әрекеті дәл осы 96-баптың екінші бөлігінде кезкелген тармағында көзделген адам өлтірсе, онда ол бұрыңғы қылмысы үшін әділ жаза алмайтын мүмкіншілігі бар деген сөз ғой.
Бұдан сұрақ туындайды: неліктен кінәлінің бұрыңғы адам өлтіруін фактілі түрде кешіруіміз керек, тек соңғы адам өлтіргені үшін жазалаймыз. Мұнда бұрыңғы адам өлтіргені үшін сотталған адам мен, құүқық қорғау органдарынан қашып жүріп адам өлтірген кінәлінің арасында әділетсіздік айқын көрініп тұр.
Сот тәжірбиесінде бұрын адам өлтіруге оқталған немесе қатысушы болған тұлғаның тағы адам өлтіруін ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағымен саралауға жата ма, сұрақ туады. Онда бұл Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында жазылғандай қылмыстардың жиынтығы бойынша жеке саралануы керек.
ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы бойынша дұрыс саралау үшін соттылықтың жойылуы немесе алынуы үлкен роль атқарады. Егер де соттылық жойылып, немесе алынса немесе ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты соттылығы жоқ болса онда бұл тармақ бойынша кінәлі әрекеті сараланбайды.
-
Бұрын 97, 98, 99, 100, 101 -баптар бойынша соттылығы бар адамдардың екінші рет адам өлтіруі бұл баппен саралануға жатпайды.
-
ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы қолдануға жатады егер, кінәлі әртүрлі уақытта екі адам өлтірсе. Алғашқы адам өлтіргені үшін сотталмаса да.
3. Егер де соттылық жойылып, немесе алынса немесе ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты соттылығы жоқ болса онда бұл тармақ бойынша кінәлі әрекеті сараланбайды.
Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында адам өміріне қастандық жасалса не дәл сол мақсаттарда мемлекеттік немесе қоғам қайраткер қасақана өлтірілсе немесе оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату мақсатында, сондай – ақ көрсетілген адамдар осындай қызметі үшін кек алу мақсатында өлтірсе іс - әрекет ҚК 233-бабының 4-тармағы бойынша саралануы тиіс және жасалған әрекет ҚК 96-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.
Сот төрелігін немесе істі алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның заңды қызметіне кедергі жасау ҚК 340 – бабы бойынша саралануы тиіс. Егер көрсетілген адамдардың өміріне қастандық жасау өзге шеттер бойынша және олардың қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты болмаса, әрекет саралау белгілерінің бар болуына байланысты ҚК 96-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануы қажет.
Сот төрелігін немесе іс тергеуді нақты жүзеге асырмаған, бірақ кінәлі адамға өзін сондай етіп көрсеткен және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттерді орындаған адамды өлтіру ҚК 96- бабы екінші бөлігінің «б» тармағы бойынша саралануға тиіс.
Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін түзеу мекемелерінің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу кезінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан немесе тағайындалған бұлтартпау шарасына байланысты қамауға алынған не жаппай тәртіп бұзушылыққа қатысушы адамның адам өлтіруі, сондай – ақ билікті немесе қызмет өкілеттіктерін теріс пайдалануы кезінде адам өлтіру осы қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК баптарымен қамтылмайды, сондықтан ол ҚК 96-бабының тиісті бөліктері бойынша жеке саралануы қажет, ал кінәлінің барлық әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен осы бітіру жұмысымды жазу барысында адам өлтірудің ауырлататын жағдайларын зерттеп, тәжірбиеде кездесетін адам өлтіру қылмыстарының қалай сараланатынын анықтадым. Бұл өте қатігез қылмыс болғанымен, өмірде, біздің қазіргі заманымызда орын алуда.
Қазақстан Республикамыздың бұл қылмысты, әсіресе ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіргені үшін неғұрлым қатаң санкция белгілесе де, менім ойымша ол жеткілікті емес, менімен келісетін адамдар аз емес. Осыған орай шығарылған заңдар, бұл қылмысқа орай ауырлататын жағдайда адам өлтіру әрекетін дұрыс саралау үшін қаулылар қабылданып, студенттерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне адам өлтіру, жалпы адамзатқа қарсы қылмыстарды дұрыс түсініп, саралауға, заңи тұрғыдан бағалауға үйрететін әдебиеттер көптеп шыққанымен оның ішінде біздің отандастырымыз шығарған әдебиеттер санаулы ғана, әлі де кемшіліктер бар. Мен жеке өзім ҚР ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінде көрсетілген ауырлататын жағдайларға қоса, кінәлінің өзінің ата – анасын өлтірген қылмыс пен, жасөспірімдерді (мысал ретінде жас шегін көрсете отырып 5 жасқа дейін) балаларды өлтіру қылмыстарын жатқызатын едім. Себебі ата – анасын өлтіру бұл құлаққа сыйымсыз, адамгершіліктен жат, аморальдық әрекет. Көптеген шет мемлекеттерде (Болгария, Румыния, Франция және т.б.) мұндай қылмыс түрі қылмыстық кодкстерінде жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде енгізілген. Тіптен ғалым Н.С. Таганцевтің ерте замандағы елдердің қасақана адам өлтіру жайында зерттеген еңбектерінен бұл қылмыс Египет, Үндістан, Қытай, Рим, Иудей елдерінің заңнамаларында ең ауыр қылмыс деп танылғанын білуге болады1. Ата – анасын өлтірген адам, басқа адамды өмірінен айыру қолынан оңай келеді, бұл қоғамға қауіпті адам екендігін айқын көрсетеді. Сондай – ақ кішкентай балаларды, оларды періште деп те атауға болады, бұл адам өлтіру мүлдем кешірімсіз әрекет деп санаймын. Әрине бұл адам өлтіруде де әлі көптеген жағдайларды, кінәлінің ниетін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын анықтау қажет дегенмен де мен осы екі жағдайды қосатын едім. Жұмысты жаза келе көптеген ауылатылған жағдайда адам өлтіруге қатысты қылмыстық істермен, сот істерімен таныстым. Әсіресе осы қылмыс түрін саралау қиынға соғатынына көзім жетті. Мұнда ең бастысы әділеттілік қағидасын басшылыққа алып, сот алдында екі жақтан да таразыда адам өмірі тұрғанын ұмытпау керек.
Қылмысқа квалификация жасауды құқық қорғау органдарының қызметінде аса жауаптылықпен қарайтын жұмыс ретінде бағалау керек, әсіресе осы өмірге қарсы қылмыстардың ішінде қасақана адам өлтіру. Өйткені қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қылмыстық заңның баптарын дұрыс қолданбағанда, адамның іс - әрекеттері басқа қылмыс ретінде бағаланып, жауаптылық дұрыс белгіленбейді және мұның салдары жаза тағайындау кезінде байқалып қылмыскер өзі жасағаннан жеңіл немесе ауыр қылмыс үшін жауаптылыққа тартылған болып шығады.
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыруды мақсат тұтады. Құықтық мемлекет қашанда қоғамдағы елеулі деп танылатын қоғамдық қатынастарды заң жүзінде реттеумен айналысып ғана қоймай, ол сонымен бірге құқықтық қатынас субъектілерінің міндеттері мен құқықтарын белгілеп, заң нормаларын дұрыс, әрі тиімді қолдану жолдарын арттыруы қажет және олардың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етуі керек. Құқықтық мемлекеттің мұндай қағидалары әсіресе қылмыс жасады деген себеппен жауаптылыққа тартылған адамдарға қатысты ерекше мағынаға ие болады. Өйткені Қазақстан Республикасыда әлемдік өркениеттердің қатарына қосылу және адамгершілік қағидаға басымдық беру үшін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және оны қамтамасыз етуді мақсат етеді. Мұндай қағиданың сақталмауы ауыр салдарға соқтыратын және адамның тағдырына әсер ете алатын болмыс, қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданбау болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Бородин С.В. Преступление против жизни. Москва, Юрист 1999г.
-
Бородин С.В. «Квалификация преступлений против жизни» 1977г.
-
Куаналиева Г.А. Екі немесе одан көп адамды өлтіру. ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. 2007ж. №4
-
Кузнецова Н.Ф. Вопросы квалификации умышленных убийств 1961г. №2.
-
Мамутов А. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта. Алма – Ата, 1963г.
-
Наумов А. Отграничение убийства из хулиганских побуждений от смежных составов преступлений// Сов. Юстиция. 1970г. №4.
-
Семенова Н.К. Квалификация убийств из хулиганских побуждений. Свердловск, 1986г.
-
Шаргородский М.Д. Ответсвенность за преступление против личности. Л. 1953г
-
Наумов А.В. Мотивы убийства. Волгоград, 1973г
-
Апенов С.М. Об эффективности приминения уголовно – правовых норм, регулирующих ответственность за убийство сопряженное с разбоем, вымогательством или бандитизмом. Тураби. 2007г.
-
Слинько М.И. Криминологический анализ М., 1997г.
-
Курс советского уголовного права: Часть особенная. Л. 1973г. Т. 3.
-
Загородников Н.И. преступления против жизни по советскому уголовному праву.Москва. 1961г.; Аниянц М.К. Указ. Соч. 1985г.
-
Значение субъективной стороны убийства с особой жестокостью для его квалификации//Соц. Законность. 1986г.№8.
-
Кириченко В.Ф. Значение ошибки по советскому уголовному праву. М.1952г.
-
Курс советского уголовного права. М. 1970. Т.ІІ.
-
Жабдаев С.Х. Значение мотива преступления для определения ответственности за некоторые виды умышленного убийства по УК Казахской ССР//вопросы уголовного права и процесса. Алма – Ата, 1963г. Т.7.
-
Бавсун М., Куличенко Н. Убийство двух и более лиц: совокупность или единое преступление? // Уголовное право 2007г. №3.
-
Борзенков Г.Н. «Квалтфикация преступлений против жизни и здоровья» М.; ИКД, Зерцало-М, 2006г
-
Сарыев Б. «Ответственность за преступления против жизни» Ашхабад 1973г.
-
Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Алматы, 2006.
-
Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификаций преступлений. М., 2001г.
-
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы 2000ж.
-
Мясников О.А. Смягчающие и отягачающие наказание обстоятельства в теории, законодательстве и судебной практике. М.1961.
-
Побегайло Э.Ф. умышленные убийства и борьба с ними. Воронеж 1965г.
-
Алауханов Е. Өмірге қарсы қылмыстар. Заң газеті 2001ж. 7 сәуір.
-
Таганцев Н.С. О преступлениях против жизни по русскому праву. Санкт-Петербург 1871г.
-
А. Лаврин Хроники Харона. Энциклопедия смерти. М., 1993
Нормативтік құқықтық актілер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995жыл 30 тамыз.
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 1997ж. 16 шілде.
-
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулылар жинағы. Бірінші том (1961-1997)-Алматы: «Санат», 1997ж.
-
Сборник постановлений Пленума и определений коллегий Верховного Суда СССР по уголовным делам. 1959-1971 гг. М., 1972.
-
ҚР Жоғары Сотының №1 нормативтік қаулысы. 11 мамыр 2007ж. Астана
-
ҚР Жоғарғы Сотының «қорқытып алу істері бойынша сот тәжірбиесі туралы» нормативтік қаулысы 2006 жылғы 23 маусым.
Достарыңызбен бөлісу: |