Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет16/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

біткеннің жақсысы – олардың орта шамасы деген»[3, 236].
Өлшеу дегенді білмей, әр нәрсенің орта шамасын таппай, ар-
тық, кемді ажыратпай кетуден асқан жамандық болмайды. 
«Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған 
кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір 
тексермей кеткен кісі, тәуір түгіл, әуелі адам ба өзі?» [2, 149], – 
дегенде, Абай осындай күйге тап болудан сақтандырады. 
Өлшеуде шектен шықпау, тепе-теңдікті бұзбау туралы ха-
лықтың дәстүрлі дүниетанымында ілгеріден бері келе жатқан 
ойлар желісі бар. Олардың қайбірі біздің заманымызға аңыз тү-
рінде жеткен. Осындай бір аңыз 1899 жылы жарық көрген бір 
кітапта жарияланыпты. Аңыз бойынша, Алла тағала бір адамды 


67
таразы иесі қылып тағайындап, кісі ақысын таразыдан жемеуді, 
дәл өлшеуді тапсырыпты. Әлгі кісі таразы ұстап, елдің оны-мұ-
ны заттарын, нәрселерін әуелде дұрыс өлшейтін болыпты. Кейін 
келе ол кісілердің заттарын, нәрселерін өлшеуде тепе-теңдікті 
бұзып, кісі ақысын жей бастайды. Ел-жұрт өздерінің ақысын та-
разышының таразыдан жеп жүргеніне наразы болып, Алла та-
ғалаға арыз айтыпты. Ел-жұрттың арызы Алла тағалаға жетіпті. 
Алла тағала таразышыны дұрыс жолға салу үшін оған періш-
телерін екі рет жіберіп, ескерту жасапты. Таразышы Алла таға-
ланың ескертуін қабыл алып, таразыдан жеуін қойыпты. Әзәзіл 
таразышыға бай болған адамның қолында қандай ғажайып зор 
биліктің болатынын айтып оны азғырады. Аздан соң таразышы 
әзәзілдің тіліне еріп, бұрынғы әдетін қайта бастайды, таразыны 
дұрыс өлшемей, кісі ақысын жей береді. Алла тағала таразышы-
ға үшінші рет періштесін жібереді, кісі ақысын жегенді тоқтату-
ды ескертеді. Таразышы кісі ақысын жегенін аз күн қойып, қайта 
бастайды. Таразышының түзелмесіне көзі жеткен Алла тағала 
оның жазасын береді: таразының бір табағы таразышының арқа-
сына, бір табағы ішіне жабысып қатып қалады. Сөйтіп таразы-
шы тасбақаға айналады [4, 8-9].
Аңыздың беретін тағылымы зор. Оның түптөркінінде ха-
лықтың дәстүрлі дүниетанымының негізі жатыр.
Әрбір істе артық кетпей, кем де түспей, тең ортаның өлшеуін 
білу – ақылдың ісі. Адамның ар ойлап, ар алдында адал, әділетті, 
шыншыл болуы тең ортаның өлшеуін біліп, тепе-теңдікті тұрақ-
ты, ұдайы сақтай алуында. Бұл - адамның өзіне өзі ізгі болуынан 
туатын қасиет. Адамның өзіне өзі ізгі, әділетті болуы, ар алдын-
да шыншыл болуы – ұлттық мәні бар үлкен құндылық. Мұндай 
құндылыққа жеткен адам орта шамадан аумайды, тапқан асыл 
қасиетін қолдан шығарып алу қаупінен сақтанады, ар ойлайды. 
Әрбір нәрсенің, әрекеттің өлшеуі туралы даналық ойдың 
негізі тереңде. Оның желісі Құранда, Конфуций, Платон мен 
Аристотель, әл-Фараби еңбектерінде көрініс тапты, одан Абайға 
жалғасты. 
Конфуций «Чжун юн» [5] атты трактатында орта шама ту-
ралы қағидаларының тұтас жүйесін негіздеді. Данышпанның 
айтуынша, айнымас орта шама – бар игіліктің басы [6, 46; 7, 81]. 


68
Конфуций қилы кезеңдерді басынан өткере келіп, орта шамаға 
сай әрекет етер адамдардың өз тұсында өте аз екеніне көз жет-
кізді.
Әр жақсы нәрсенің, әр жақсы әрекеттің өлшемін, орта ша-
масын ұстаған адамның өз заманында жоққа жуық екенін Абай 
да айтты.
Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда [1, 53], –
деген сөзде ақынның көрген, білген, сезген өмір шындықтарынан 
алған әсерінен туған көңіл күйінің суреті берілген. Бұл - ақын-
ның көркемдік ойлау әлемінде жасалған сурет. Солай дегенмен 
де Абайдың айналасында әр жақсы нәрсенің, әр жақсы әрекет-
тің өлшемін, орта шамасын білейін және ұстайын деген, білген 
және ұстаған жандар өте аз болғаны ақынның шығармашылық 
әлемінде кең көлемде және әр қырынан көрініс тапқан. Абай 
заманында белең алып тұрған осы мінез-құлық бүгінде мүлде 
жойылған, біздің замандастарымыздың арасында ондай алдау-
шылар жоқ деу артық. Ар ойламай, пайда ойлаған, ұрлықпен, 
зорлықпен дүние жиған, «ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, 
отырған орныма ағып келе берсін» [2, 205-206] деушілер қай за-
манда да болған. 
Абай: 
Пайда ойлама,
Ар ойла [1, 74], – 
дейді. Пайда ойлау мен ар ойлауды қатар қойып, екеуінің бірін 
таңдайтын жағдайда адам баласы қандай таңдау жасайтынын 
кесіп айту оңай емес. Өйткені нарықты ғаламда пайдасын ой-
ламайтын жан жоқ. Пайда ойлау, пайда табу – жазғырылатын іс 
емес. Бірақ мынаны ұмытпау керек: өтірікпен, алдаумен, ұрлық-
пен, зорлықпен, қиянат жасаумен пайда табу – ардан кетудің, ар 
ойламаудың, арсыздықтың, зұлымдықтың көрінісі. «Ғаламнан 
жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін 


69
деген ол не деген ынсап?» – дегенде, Абай адамның пайда ойлау-
да шектен шықпауын, ардан аттамауын ескерткен.
Кісінің әрбір нәрседе, әрбір әрекетте орта шаманы білуі 
және сол білгенін өзінің таным-таразысында, іс-әрекетінде ұда-
йы сақтауы – барша жарасым мен келісімнің кепілі. Платон әді-
лет туралы ойын таратқанда, ең әділетті нәрсе әділеттілік пен 
әділетсіздіктің орта шамасы [8, 143] екенін аңғартады. Аристо-
тель ерлік дегеніміздің ессіз батылдық пен қорқақтықтың орта 
шамасы [9, 187] екенін көрсетеді. Мырзалықты сараңдық пен 
ысырапшылықтың орта шамасы [9, 197] – деп біледі. Әл-Фараби: 
«Шамадан ауытқу – не артық кету немесе кем түсу деген сөз» 
[10, 15], – деп түсіндіреді. 
Конфуций, Платон, Аристотель, әл-Фараби, Абай әрбір нәр-
сенің, әрбір әрекеттің өлшеуін ақыл-ой таразысына салып па-
йымдаған. Олардың әрқайсысы өз мақсаттарына сай пікір түйді. 
Бәріне ортақ ұстаным – әр нәрсенің қасиетін анықтауда орта ша-
маны ұстау. Орта шаманы табу ғұламалар үшін қиын болмаған-
мен, қарапайым жұрт үшін оңай емес. Орта шаманы табу және 
ұстану мемлекеттік басқару деңгейінде айнымас қалыпта жүзе-
ге асатын болса, онда ол мемлекеттің де, мемлекеттің барша хал-
қының да игілігіне айналады.
Әл-Фараби қалыптасқан мінез-құлықтың үш деңгейін көр-
сетті: ортадан кем халде; орта халде; ортадан асық халде. Ор-
тадан кем деңгейде немесе ортадан асық деңгейде болу жақсы 
емес. «Игілікті болып табылатын әрекеттер – екі қарама-қарсы 
шектің арасындағы ұнамды істер, ал ол екі шектің екеуі де жа-
ман әрекеттер» [10, 202], – дейді ғұлама. Мысалы, «қайырым-
дылық – ысырапшылық пен тапшылықтың орта шамасындағы 
күй; мырзалық – сараңдық пен ысырапшылықтың аралығы; ер-
лік – ессіздік пен қорқақтықтың аралығы; қарапайымдылық – 
тәкаппарлық пен ұялшақтықтың аралығындағы күй; ізгілік – бір 
жағынан, мақтаншақтықтың, менмендіктің, атаққұмарлықтың 
және, екінші жағынан, мүсәпірліктің аралығы; мейірбандық – 
шексіз ашулы күй мен мүлде ешнәрсеге ашуланбайтын күйдің 
аралығы» т.б. [10, 202-203].
Екі қарама-қарсы шектің арасындағы орта шама әл-Фараби-
дің ғылыми ойлау кеңістігінде толымды сипатталған. Абай бұл 


70
мәселені ақындық таным тұрғысынан терең пайымдады. Абай-
дың пайымдауындағы әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі, қарама-қар-
сы екі шектің орта шамасы туралы қағидалар жүйесі – қазақ хал-
қының ұлттық танымындағы аса маңызды рухани құндылық.
Өткен замандардың ұлы ғұламаларының орта шама туралы 
ойларының негізі ортақ. Сол ортақ негізге олардың әрқайсысы 
өзінше келеді. 
Абай әрбір жақсы іс пен оның қарама-қарсы шектеріндегі 
істер жүйесінде көрінетін адамшылық қасиеттердің өлшеуінің 
логикалық негізін тиянақтады, логикалық-мағыналық үлгі-мо-
делін жасады. Абайдың өлшеу құралының моделі іс-әрекеттің 
үш түрлі халіне сай үш деңгейді көрсетеді: а) басы (ортадан 
кем шамасы); ә) ортасы (орта шамасы); б) аяғы (ортадан асық 
шамасы). Іс-әрекеттің осы шамалары адамның адамшылық қа-
сиеттерінің тиісті деңгейлерін көрсетеді. Мұндағы бірінші және 
үшінші деңгейлер іс-әрекеттің немесе қасиеттің не болмаса мі-
нез-құлықтың қарама-қарсы мәндегі шеткергі екі шегін білді-
реді, ал қарама-қарсы мәндегі шеткергі екі шектің орта шамасы 
адамның адамшылық қасиетінің немесе іс-әрекетінің не болмаса 
мінез-құлқының жақсы, кемел деуге лайықты деңгейіне сай ке-
леді. Осы үштағанды Абай өз іліміндегі әр жақсы нәрсені өлшеу 
құралына негіз етіп алды.
Абайдың қырық үшінші сөзіндегі: «Әрбір жақсы нәрсенің 
өлшеуі бар, өлшеуінен асса, жарамайды. Өлшеуін білмек – бір 
үлкен керек іс» [2, 222], – деген тұжырымды ойда үлкен мән бар. 
«Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, 
мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл 
нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шы-
ғады» [2, 222], – дейді Абай. 
Абайдың әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі туралы концепциясы 
аясындағы әрбір қағидасының нақты дәлел-дәйегі оның өзі өмір 
сүрген заманның шындық құбылыстарына негізделген.
Істің, әрекеттің, мінез-құлыққа тән қасиеттің шеткі екі ше-
гін білудің өмірлік маңызы зор. Істің, әрекеттің, мінез-құлыққа 
тән қасиеттің шеткі екі шегін білу бұл екі қиыр шектің орта ша-
масын білуге мүмкіншілік береді. Ал іс-әрекеттің, мінез-құлық-
қа тән қасиеттің шеткі екі шегін, бұл екі шектің орта шамасын 


71
білу оның қиыр екі шегінің де, орта шамасының да мәнін та-
нып-білуге негіз болады. Іс-әрекет, мінез-құлыққа тән қасиет екі 
қиыр шегінің бірінен екіншісіне қарай жылжығанда, оның жай-
күйі де өзгеріп отырады. Оның қозғалысының әр нүктесіндегі 
жай-күйін, өзгеру деңгейлерін анықтап, бағалау арқылы оның 
қай шамада игілікті, пайдалы болатынына көз жеткізуге болады. 
Іс-әрекеттің игілікті, пайдалы болатын күйі орта шамада белгілі 
болатынына осылай көз жеткізуге мүмкіншілік туады. Іс-әре-
кеттің тең орта дерлік шамасын анықтауда мына жайларды білу 
шарт:
• әрекеттің немесе мінез-құлыққа тән қасиеттің мәнісі;
• әрекеттің немесе мінез-құлыққа тән қасиеттің белгілі бол-
ған кезі;
• әрекеттің немесе мінез-құлыққа тән қасиеттің белгілі бол-
ған жері;
• әрекеттің немесе мінез-құлыққа тән қасиеттің иесі;
• әрекеттің немесе мінез-құлыққа тән қасиеттің кімге, неге 
бағытталғаны;
• әрекетке немесе мінез-құлыққа тән қасиетке жетудегі мақ-
сат;
• әрекеттің немесе мінез-құлыққа тән қасиеттің көріну құ-
ралы;
• әрекеттің немесе мінез-құлыққа тән қасиеттің көріну ама-
лы;
• әрекеттің немесе мінез-құлыққа тән қасиеттің болу себебі;
• әрекеттің немесе мінез-құлыққа тән қасиеттің болуының 
салдары.
Іс-әрекеттің немесе мінез-құлыққа тән қасиеттің бір шегінен 
екінші шегіне қарай бағытталған қозғалысының әр нүктесіндегі 
жай-күйін анықтауда осы жайлардың бәрін негізге алып пайым-
дау оның игілікті, пайдалы болатын нүктесі орта шамада екені-
не көз жеткізеді [10, 17]. 
Осы өлшеу үлгісіне салғанда, әр жақсы нәрсе орта шамада 
жақсы болады да, орта шамадан кем не асық деңгейде жақсы мә-
нін жоғалтып, қарама-қарсы мәндегі құбылысқа айналады. Абай 
насихат еткен бес жақсы істің әрқайсысын (талап, еңбек, терең 
ой, қанағат, рақым) осы өлшеу үлгісіне салып, таразылауға бола-


72
ды. Мысалы, ойлау жақсы, бірақ оның орта шамасын білу керек. 
Абайдың қағидасы бойынша, ой ойлаймын деп, орта шамаға 
жете алмау немесе одан асып кету, сөйтіп күні-түні ойға салы-
нып, «ойын байлай алмай, қияли болып кеткен» [2, 222] жақсы 
емес. Мұндай жайларға бой алдырудан сақ болу керек.
«Адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жібере-
тұғын нәрседен бойды ерте тыйып алу» [2, 223] туралы қағида-
сын Абай ерекше ықыласпен негіздеді. Мұндай нәрселерді Абай 
«ой кеселдері» қатарына жатқызады, егер кез болып қалса, са-
лынбау керектігін ескертеді. «Ой кеселдері: уайымсыз, салғырт-
тық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге 
құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды 
тоздыратұғын нәрселер» [2, 173-174], – деген тұжырым ұсына-
ды. Сөйте тұра ақын ой кеселдерінің қайбірін мысалға алып, өз 
тұжырымдарының жаңа қырларын ашады: «Әрбір уайым-қайғы 
ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден 
жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кеніш болса 
керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыға жан шыдай ма 
екен? Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі күлмей жүруге жан 
шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғымен бол демеймін. 
Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қылдағы, сол уайым-қай-
ғысыздықтан құтыларлық орынды харакет табу керек һәм қылу 
керек. Әрбір орынды харакет өзі де уайым-қайғыны азайтады, 
орынсыз күлкімен азайтпа қайғыны, орынды харакетпен азайт! 
Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, 
қамалып қалмақ – ол өзі де бір антұрғандық...» [2, 134]. 
Ой кеселдері – Абайдың өлшеу концепциясының жүйесін-
дегі шамадан асып кеткен немесе оған жетпей қалған жағдайда 
туатын залалды нәрселер. Адамның бойында мұндай залалды 
нәрселер белең алған жағдайда адам адамшылық қарызы үшін 
еңбек қыла алмайды. Сондықтан адам мұндай залалды нәрсе-
лердің қысымына тоқтау салуға тиісті. Абай пайда, залалды айы-
ратұғын қуаттың аты ақыл екендігін ескерте келіп: «Бір ақыл 
қуатыбірлән мұны тоқтатып болмайды. Һәм ақыл, һәм қайрат – 
екі мықты қуат қосылып тоқтатады» [2, 223], – деп түсіндіреді.
Адам баласы асық болатын бес асыл істің қатарында рақым 
категориясы негізінде адамның адамға жасаған рақымы, қайы-


73
рымы туралы ұғым бар. Онымен негіздес мырзалық, жомарттық 
ұғымдары анықталады. Мырзалық, жомарттық – кісінің қолында-
ғы байлығынан мұқтаж адамдарға беру мөлшерімен байланысты 
туған ұғым. «Ақшаны үнемдеуде және жұмсауда көрсететін ша-
маға қарай жомарттық туады» [10, 18], – дейді әл-Фараби. 
Кісінің қолындағы байлығынан мұқтаж адамдарға беруінің 
де өлшеуі болады. Оның қиыр шегінің бірі сараңдық болғанда, 
екінші шегі ысырапшылық, бекер мал шашу болады. Ысырап-
шылықты, бекер мал шашуды Абай адам болу жолындағы жас-
тар қашық болатын бес жаман істің қатарына қосады [1, 65]. Бұл 
екі шектің орта шамасы – мырзалық. Орта шамаға жете алмау 
сараңдыққа, ал одан асып кету ысырапшылыққа, бекер мал ша-
шуға әкеліп соғады. Абай ұлттық және жалпыадамзаттық құн-
дылықтарды осы өлшемдер негізінде саралап, жүйелеген. Әрбір 
жақсы нәрсенің, әрбір жақсы қасиеттің, соған сәйкес жасалған 
әрбір нақты іс-әрекеттің тең орта дерлік шамасын анықтауда 
Абай қайырым қылудың, «болыстық қылудың» қандай адамға 
бағытталуына мән береді: «Кісіге біліміне қарай болыстық қыл: 
татымсызға қылған болыстық адамды бұзады» [2, 183]. Жомарт-
тық қылуда да кімге, қандай жанға болыстық қылуды білудің 
маңызы үлкен. Татымсызға, қайырымның қадірін білмейтін 
жанға жасаған жомарттықта игілік болмайды.
Абай ілімінің кеңістігінде өзінің мінез-құлқын жақсарт-
пақ, адам болмақ жанның істер ісінің тұтас бір жүйесін көр-
сетеді. Ол істерге шын көңілмен бет бұрып, сол істерге асық 
болу, оларға қарама-қарсы мәндегі жаман істерден қашық болу 
– адамшылық белгісі. Адам баласының жақсы істерге асық, жа-
ман деген істерден қашық болуындағы мақсаттарды саралауда 
Абайдың ойы да, тұжырымдары да көңілге сыйымды, ойға қо-
нымды. Мысалы, «Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаңа болса, 
өзің ниһаятлысың. Ол жол құдайдың жолы емес» [2, 205], – де-
ген ой желісінде терең мән жатыр. Енді бірде ақын мынадай 
қағида ұсынады: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған 
хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызы үшін еңбек 
қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың» [2, 183]. Екі 
қағида мағыналық сипаты жағынан бір-бірімен үндес. Мағына-
лық жүйенің тірегі – еңбек. Еңбек – Абай іліміндегі бес жақсы 


74
істің бірі. Оның қарама-қарсы шектегі мәні еріншектік болса 
керек. Еріншектік – еңбектің жоқтығы. 
Еңбектің де өз өлшеуі бар: кісінің еңбектенемін деп дамыл 
алмай жұмыс істеуі – адамның күшін сарқып, қуатын жоғалта-
тын әрекет. Еңбек етудің өлшемін білмей күшін сарқып, қуатын 
жоғалтып алу кісінің еңбек етуге жарамсыз болып қалуына соқ-
тырады. 
Ақын жоғарыда берілген қағидаларында еңбек етудегі мақ-
сатқа арнайы көңіл бөледі. Еңбек еткен кісі еңбектенудің өл-
шеуін білумен қатар, еңбектенудің мақсатын да білуі шарт. Кі-
сінің еңбегінің өнбегі болуы, кісінің еңбегінің игілікті болуы 
оның еңбек етудегі мақсатына тікелей байланысты. Еңбек етуде-
гі мақсаттың да екі қиыр шегі бар: а) кісінің өзі үшін еңбек қы-
луы; ә) кісінің адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылуы. Бұл 
екеуінің өлшеуін білу де маңызды.
Абай мұрасының ұлттық және жалпыадамзаттық құнды-
лықтарын түзетін категориялардың құрамында адам баласы 
үшін игілікті бес жақсы істің әрқайсысын Абайдың өлшеу теті-
гіне салғанда, оның орта шамадағы және қарама-қарсы шектегі 
сипаттары белгілі болады. Соның негізінде мағыналары қарама-
қарсы жұп категориялардың шектері анықталады: талаптылық 
– еріншектік; ойлау – ойын байлай алмау (қияли болу), т.б. Абай-
дың өлшеу тетігіне адам баласы қашық болатын бес жаман істің 
(өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) әрқайсы-
сын жекелеп таразылағанда, олардың да қарама-қарсы мәндегі 
сыңары белгілі болады: бекер мал шашпақ – жомарт – сараңдық; 
еріншек – талапты – болымсыз, т.б. Бұлардың мағыналық қаты-
настарында басқа да реңктер бар. Мысалы, бекер мал шашпақ 
пен жомарттық арасындағы мағыналық реңк сипаты Абайдың 
өлшеу құралының үш деңгейі бойынша бірдей анықталады. Оны 
қайырымдылық категориясымен байланысты анықтау қолайлы: 
қайырымдылық жасамау – сараңдық; қайырымдылық жасау – 
жомарттық; өлшемнен артық қайырымдылық жасамақ бекер 
мал шашпаққа ұрындырады. Абай «бес жаман іс» деп көрсеткен 
бестің бірі «бекер мал шашпақ» ұғымымен сабақтас анықтала-
тын екі ұғым белгілі болады: сараңдық ↔ жомарттық ↔ бекер 
мал шашпақ.


75
Абайдың шығармашылығында жаман деген істің өзі де өл-
шеу құралында үш өлшемде сарапталады. Мысалы, ақын адам-
ның бес дұшпаны деп білген бес жаман істің бірі мақтаншақ ту-
ралы желілі ойларын тарата келіп, мақтаншақ адамдарды үшке 
бөледі: «Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді... Екіншісі 
өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді... Үшіншісі өз 
үйіне келіп айтпаса, яки аулына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қос-
тамайтын мақтанды іздейді» [2, 157]. Бұлардың біріншісі – на-
дан, надан да болса адам; екіншісінің надандығы толық, адам-
дығы толық емес; үшіншісі – наданның наданы ләкин өзі адам 
емес.
Ақын іліміндегі қарама-қарсы мағыналық қатынастағы адам 
мен надан категорияларынан наданды бөліп алып, оны Абай-
дың үш деңгейлі өлшем құралына салғанда, наданның мынадай 
үш деңгейлі халі белгілі болады: а) надан, надан да болса адам;
ә) надандығы толық, адамдығы толық емес; б) наданның наданы 
ләкин өзі адам емес.
Надан, надандық өлшемінің деңгейлерін өзара сабақтас 
пайымдағанда, ақын ойының тереңінен көзге шалынып, көңіл-
ге елесі жеткен образды ұғымдар нақтыланады. Абай көрсетіп 
отырған үш деңгейдің алғашқысы бейнелі, кейінгі екі деңгей 
затты, нақты екені сипатталады. Абай өлшемінде затты, нақты 
көрсетілген кейінгі екі ұғым қатарынан бірінші деңгейде көрі-
ніс тапқан образды ұғымды даралағанда, «надан, надан да болса 
адам» көрсеткішінен кісі бойындағы надандаңдық пен адам-
дықтың бірдей шамадағы мөлшері туралы ұғым туатыны бай-
қалады. Екінші шамада надандық толық сипатта көрінетіні, ал 
адамдықтың толық емес, кем екені, үшінші шамада кісі бойында 
надандық шектен асып кететіні, адамдыққа орын қалмайтыны 
белгілі болатыны сарапталады.
Пайымдалған жайлардан Абайдың өлшеу құралы жақсыны 
да, жаманды да мөлшерлейтін әмбебап құрал екені туралы түсі-
нік туады.
Абайдың әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі туралы тұжырымда-
масының логикалық-мағыналық үлгі-моделін анықтау – Абай 
ілімінің жүйесіндегі аса өзекті, көкейкесті мәселелердің бірі. Әр-
бір жақсы нәрсенің өлшеуі туралы Абай ілімінің құрылымдық 


76
жүйесінің логикалық-мағыналық үлгі-моделі оны терең танып-
білуге сеп болады. Соған орай Абайдың әрбір жақсы нәрсені өл-
шеу құралының моделі жасалды: а) кескіндеме түрінде; ә) өрнек 
түрінде. 
Бірінші үлгі мынадай түрде кескінделді: өлшемге түсетін 
белгілі бір қасиет шеңдер аясында бейнеленді. Өлшемге түсетін 
қасиетті өлшеудің құралы сол шеңбердің ішінде беріледі; шең-
бер ішінде берілген өлшеу құралы қазақ халқының дәстүрлі дү-
ниетанымына сәйкес шаңырақ бейнесінде беріледі. Шеңбердің 
ортасынан А – В көлбеу сызығы жүргізіледі, шеңбердің жоғарғы 
шекті нүктесінен төменгі шекті нүктесіне С – Д сызығы жүр-
гізіледі. Халықтың дәстүрлі дүниетанымында «төрткүл дүние» 
немесе «төрт құбыла» осы символ-белгі арқылы өрнектелген.
Енді А – С, С – В нүктелері бойынша тік сызықтар жүргізе-
міз. Осы кескіндемедегі А – С – В үшкілі – әрбір жақсы нәрсені 
өлшеу құралының қарапайым үлгі-пішімі. А – басқы шамаға,
С – орта шамаға, В – аяққы шамаға сәйкес келеді. Осы өлшеу 
құралына салғанда, өлшеуге түскен нәрсе орта шамада (С) жақ-
сы болады да, оған жетпесе немесе одан асып кетсе, жақсы бол-
майды. Абай насихат еткен бес жақсы істің әрқайсысын (талап, 
еңбек, терең ой, қанағат, рақым) осы өлшеу үлгісіне салып, та-
разылауға болады. Мысалы, ойлау жақсы, бірақ оның орта ша-
масын (С) білу керек. Ой ойлаймын деп, орта шамаға (С) жете 
алмау немесе одан асып кету, сөйтіп ойға салынып, ойын байлай 
алмай, қияли болып кеткен жақсы емес [2, 222]. Сол сияқты жо-
март болған жақсы, ал оның өлшеуінің орта шамасына (С) жете 
алмау – сараңдыққа, ал одан асып кету ысырапшылыққа, бекер 
мал шашпаққа әкеліп соғады.
Әрбір жақсы нәрсенің, әрбір жақсы қасиеттің, соған сәйкес 
жасалған әрбір нақты іс-әрекеттің өлшеуін білудің басты шарты – 
адамның ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстауы. Ақыл, қайрат, 
жүректің бірлігі, бірдейлігі деңгейінде жасалған шешім ғана әр-
бір жақсы нәрсенің өлшеуін дәл анықтауға жеткізеді. 
Абайдың өлшеу құралының өлшеміне салғанда, әр жақсы 
нәрсе орта шамада жақсы болады да, орта шамаға жетпеген не-
месе одан асып кеткен жағдайда, жақсыға қарама-қарсы мәндегі 
құбылысқа айналады. 


77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет