Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет15/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дәдебаев Ж. Абайдың антропологизмі. – Алматы: Қазақ университе-
ті, 2014. – 238 б.
2. Белецкий А.И. Избранные труды по теории литературы / Под общей 
редакцией Н.К. Гудзия. – М.: Просвещение, 1964. – 478 с.
3. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества / Сост. С.Г. Бочарев; 
Текст подг. Г.С. Бернштейн и Л.В. Дерюгина; Примеч. С.С. Аверинце-
ва и С.Г. Бочарова. – 2-е изд. – М.: Искусство, 1986. – 445 с.
4. Борев Ю.Б. Эстетика. В 2-х томах. Т. 1 – 5-е изд., допол. – Смоленск: 
Русич, 1997. – 576 с.
5. Борев Ю.Б. Эстетика. В 2-х томах. Т. 2 – 5-е изд., допол. – Смоленск: 
Русич, 1997. – 640 с.
6. Теории, школы, концепции (Критические анализы). Художественная ре-
цепция и герменевтика / Отв.ред. Ю.Б. Борев. – М.: Наука, 1985. – 288 с.
7. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жи-
нағы. І том. Өлеңдер мен поэмалар / Жалпы ред. басқ. Ы. Дүйсенбаев. 
– Алматы: Ғылым, 1977. – 454 б.
8. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жи-
нағы. ІІ том. Аудармалар мен қара сөздер / Жалпы ред. басқ. Ы.Дүй-
сенбаев. – Алматы: Ғылым, 1977. – 312 б.
9. Мейлах Б.С. Процесс творчества и художественное восприятие: 
комплексный подход: опыт, поиски, перспективы / Предисл. Б. Кед-
рова. – М.: Искусство, 1985. – 318 с.
10. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер / 
Құраст. Шәріпов Ә., Дәуітов С. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
11. Жұмабаев Мағжан. Таңдамалы (Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, ау-
дармалар). Алматы: Ғылым, 1992. – 272 б.
12. Бахтин М.М. Собрание сочинений в семи томах. Том 6, «Проблемы 
поэтики Достоевского», 1963. Работы 1960-х – 1970-х гг. – М.: Русские 
словари, Языки славянской культуры, 2002. – 800 с.


64
ӨЛШЕУ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Абай адам боламын деген жан үшін бес асыл іске (талап, 
еңбек, терең ой, қанағат, рақым) асық болуды, бес жаман істен 
(өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) қашық бо-
луды насихат етеді.
Бес асыл істің мәнісін, оған асық болудың жөнін білу – игі-
лікті білім. Игілікті білімді табу, оны игеру, күнделікті тіршілік-
те қолданудың өлшеуін, әдісін, амалын меңгеру құтты білікке 
жеткізеді.
Абайдың ілімі жүйесінде әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі тура-
лы қағидалардың алатын орны үлкен. Бұл саладағы қағидалар-
дың жүйесі Абай ілімінің концептуалдық негіздерінің маңызды 
саласын түзеді. 
Абай ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін 
пайымдау, саралау, терең ойдың түбіне бойлау нәтижесінде әр 
жақсы нәрсенің, әр жақсы әрекеттің өлшемін көрсететін өлшеу 
концепциясын негіздеген, ақыл-ой таразысына салып, әділетпен 
сынау құралын жасаған. Әр нәрсе, әр әрекет ұғымы – нақты, зат-
ты нәрселер мен әрекеттерді, ақыл-ой әрекеттерін, мінез-құлық 
нормаларын, оларға қатысты ұғымдар мен түсініктерді қамти-
тын құбылыстардың әлемін құрайды. Олар тиісті белгілеріне 
қарай күрделі жүйелерге бөлінеді. 
Өлшеу дегенде, күнделікті тіршілікте заттың, нәрсенің ұзын-
дығы мен енін, биіктігі мен тереңдігін, қашықтығын, салмағы мен 
көлемін, жылдамдығын өлшеу және өлшеу құралдары еске түседі. 
Нәрсенің, заттың, құбылыстың өлшемі мен мөлшері тиісті өлшеу 
құралдары арқылы анықталған. Ертеде түнге қалған жолаушылар 
бағдарын аспан әлеміндегі жұлдыздардың жүйесіне қарап барла-
ған. Жарық жұлдыздардың ортасында Темірқазық жұлдызы ғана 
бір орнынан қозғалмай, бір қалыпта тұрған. Түнгі жолаушы со-
ған қарап, өзінің бағыт-бағдарын тура анықтаған. Темірқазыққа 
қарап анықтаған бағыт-бағдарынан не оңға, не солға ауытқымай, 
тура жүріп отырып, көздеген жеріне адаспай жеткен. Тиісті ша-
маны анықтаудың және одан ауытқымаудың бір үлгісі осындай.
Бұлар – нақты нәрселер мен заттардың тиісті бір белгілерін 
өлшеу мен мөлшерлеудің нақты құралдары. Ал әрбір жақсы нәр-


65
сенің, жақсы қасиеттің, соған сәйкес жасалатын әрбір жақсы іс-
әрекеттің өлшеуі адымдап немесе құлаштап, болмаса таразыға 
тартып салмақтап, я болмаса денелеп, көзбен мөлшерлеп анық-
тауға келмейді. Әрбір жақсы нәрсенің, әрбір жақсы қасиеттің, 
соған сәйкес жасалған әрбір нақты іс-әрекеттің өлшеуі ақыл-ой 
таразысы арқылы ғана табылады. Әрбір жақсы нәрсенің, әрбір 
жақсы қасиеттің, соған сәйкес жасалған әрбір іс-әрекеттің өл-
шеуін білуде де Темірқазық секілді айнымайтын, оңға не солға, 
ары не бері ауытқымайтын, бағыт-бағдарды, тура шаманы дәл 
көрсететін Темірқазық жұлдызындай өлшеу құралы қажет. 
Өмір жолы – тар соқпақ, бір иген жақ,
Иілтіп, екі басын ұстаған қақ.
Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ [1, 224], –
дейді Абай. Мұндағы ойдың айдыны басқа. Бірақ «құлап кет-
пе», «көзіңе бақ» ескертулерінің мәні әрбір жақсы нәрсенің өл-
шеуін білу туралы ойдың мәнімен алыстан шектесіп, тоғысып 
жатқанын аңғару қиын емес. Жалғызаяқ имек жолдың үстінде 
шаманы, өлшемді, мөлшерді білмеген немесе оны сақтай алма-
ған адам құлап кететіні белгілі. Өмір жолының астарлы бейнесі 
ретінде алынған «иген жақ» ерекше қасиеттің белгісін білдіреді. 
Имек болу, иілген қалыпта болу жолдың жақсы сипатын білдір-
мейді. Жалпы алғанда, имек, иілген қалып күнделікті тіршілік-
тегі табиғи заттардың ешқайсысының асыл қасиеті емес. Имек, 
иілген қалып – тұрмыс-тіршілікте қолдан жасалған бір ғана зат-
тың асыл қасиеті. Ол – жақ. Жақтың жақ болуы оның иген, иіл-
ген қалпында. Онда тиянақтың, тегістіктің болмауында да асыл-
дық бар. Абай іліміндегі өмір жолы дегеніміз – осы. Иілтіп екі 
басын қақтың өзі ұстаған иген жақ сияқты тар соқпақ, тиянақ, 
тегістік жоқ имек жолда көзге бағып, құлап кетпей, тура шығу 
әр адым сайын тең ортадан не оңға, не солға ауытқымау, алға да 
асып кетпей, кейін де қалып қоймай, тепе-теңдікті бір қалыпты 
дәл сақтау арқылы ғана мүмкін болмақ. Бұл жерде де тартылыс 
күшінің бойынан ауытқымай, әр адымның, әр қозғалыстың өл-
шеуін білу және орта шаманы бір қалыпты сақтау туралы ойдың 
сарыны бар.


66
Абай «Адамның кейбір кездері» өлеңінде ақынның шығар-
машылық ойлауына тән қасиеттердің бірін былай сипаттайды:
Әділет пен ақылға
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірер алыс-жақынға
Солардың сөйле дегенін [1, 256-257].
Егер адамның көрген-білгенінің ақиқат немесе жалған, әді-
летті немесе әділетсіз, жақсы немесе жаман екенін дәл анықтау-
ға ақылдың күші жетпесе, онда бұл – ақылдың кемістігі. 
Лұқман хәкім баласына арнап айтқан сөздерінің бірінде: 
«Жүрісіңде орташа бол. Даусыңды бәсеңдет» [Құран 31:19], – 
деген. Жүру қарқынының екі шегінің бірі – баяу, екіншісі – 
жылдам. Бұлардың орта шамасы – баяу да емес, жылдам да 
емес. Лұқманның сөйлегендегі дауыс күшіне қатысты ескер-
туінде де осындай мән бар. Оның мәнісі сыбырлап сөйлеу мен 
айқайлап немесе дабырлап сөйлеудің орта шамасын ұстау ту-
ралы кеңесте. Құран аятындағы «Өлшеуде шектен шықпаңдар» 
[Құран 55:8], – деген қағиданың мәні де зор. «Тартуды әділет-
пен орындаңдар, таразыда кемітпеңдер» [Құран 55:9], – деген 
талап та өлшеуде артық кетпей, кем түспей, шамадан ауытқы-
май, таразының екі басын әділетпен тең ұстау, тепе-теңдікті 
сақтау туралы ескерту мағынасында айтылған. 
Низам әл-Мүлк (ХІ ғ.) «Сиасет-наме» кітабында былай дей-
ді: «Кісі әрбір істе өлшемді болуы керек. Пайғамбар (с.а.с): Іс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет