38
ТЫҢДАУШЫ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Әдеби шығарманың туу, жазылу кезеңдерінің жүйесін шарт-
ты түрде мына үлгіде пішіндеу бар: шығармашылық
тұлға ↔
болмыс ↔ шығарма. Пішіндеу үлгісінде шығармашылық тұлға
еңбегінің түпкі нәтижесі – шығармашылық туынды. Бұл – жал-
пыға бел гілі, түсінікті жай.
Автор өмірдің шындық құбылыстарының тобынан шығар-
машылық ой
өзегіне, танымы мен талғамына сай таңдап, тал-
ғап алған оқиғалар негізінде өзінің шығармашылық туындысын
жасайды. Еңбек нәтижесінде жасалған өнімнің тұтынушысы да
бар. Тұтынушысы жоқ өнім болмайды. Өнімнің тұтынушысы-
ның болуы, көп болуы оның сапасына, тұтынушының сұраны-
сын қанағаттандыру мүмкіншілігінің деңгейіне байланысты.
Шығармашылық тұлға еңбегі нәтижесінің де өз тұтынушылары
(оқушы, тыңдаушы т.б.) бар.
Шығармашылық тұлғаның шығармашылық еңбегінің нәти-
жесі шығарма, әдеби туынды болғанда, нақты субъектілер мен
объекті жүйесін мына үлгіде пішіндеуге болады:
шығармашылық тұлға ↔ шығарма ↔ қабылдаушы (оқушы,
тыңдаушы).
Субъектілер мен объект жүйесінің құрамдастары өзара са-
тылы жүйеде байланысады: шығармашылық тұлғасыз шығарма
болмайды,
шығармасыз қабылдаушы болмайды, қабылдаушы-
сыз шығарма да жоққа тән.
Әдеби шығарманы қабылдау процесі, жалпы көркемдік қа-
былдау – әдеби шығармашылық процестер психологиясымен са-
бақтас күрделі әрі іргелі мәселе. Шығармашылық тұлға санасы,
шығармашылық еңбек процесі заңдылықтары аясында бұл үш-
кілдің құрамдастары өзара еркін байланыста. Оны Абай үшкілі
[1, 72] үлгісінде көрсеткенді дұрыс көрдік:
Шартты белгілердің мәні:
1 –
Шығармашылық тұлға
2 – Шығарма
3 –
Қабылдаушы
Абай үшкілі
1
3
2
39
Шығарманың белгілі бір қырын анықтау, жетілдіру мақса-
тындағы ізденістерінде шығармашылық тұлға өзінің шығарма-
сының көркемдігін, қабылдаушысының
талабы мен талғамын
бірдей, өзара тығыз байланыста негізге алады. Қабылдаушының
көркемдік қабылдауында да шығармашылық тұлға мен оның
шығармасы өзара бірлікте болады.
Достарыңызбен бөлісу: