ниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмағанда
денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Дүние сырын та-
нып-білу, білімділік – адамдықтың белгісі, білім-ғылымның жоқ-
тығы, білімсіздік – надандық, хайуандық [2, 138].
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сыры – адам санасынан
тыс құрған болмыс, ақпараттар көзі. Ол ақпараттар өз алдына
өзінше тұрып білім бола алмайды. Олардың көрінген һәм кө-
рінбеген сырларын адамның түгелдеп, денелеп танып-білуінің
нәтижесі ғана білім болып табылады. Адамның дүние сырын тү-
гелдеп, денелеп білуі – тоқтамайтын, тоқтауға тиіс емес процесс.
Соған орай адамның білімі ұдайы даму, толысу, жетілу үстінде
болады. Дүние байлығы тозады, білім байлығы тозбайды. Дүние
байлығы пайдаланған сайын азаяды, білім байлығы пайдалан-
ған сайын көбейеді. Абайдың: «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға
көңіл бөлсеңіз» [1, 66], – деуінің мәнісі осында.
Дүниенің «көрінбеген сырын білу» жайына келгенде, Абай-
дың мына сөзіне көңіл бөлген артық емес: «Адамның ғылымы,
білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хик-
метін білмекке ынтықбірлән табылады» [2, 186]. Әрбір нәрсенің
сыртын көріп білгенмен тоқтамай, оның түбін, тегін, болу себе-
бін білудің маңызы үлкен. Пендеге «өз ақылы жетерлік қадәрін
ғана білсем деген әрбір істің себебін іздеу» парыз. Онсыз білім-
ғылымның хақиқаты табылмайды, мәні ашылмайды. Нәрсенің
«болмысын айқындап беретін шалғай себептерді және таяу се-
7
бептерді білу», әл-Фарабидың анықтауынша, даналық болып
есептеледі [8, 221]. Олай болғанда, нәрсенің болмысын айқын-
дайтын шалғай себептер мен таяу себептерді білу – адам білімі-
нің берік негізі.
Халық даналығы: «Талапты ерге нұр жауар», – дейді. Осы
даналық сөзді Абай толық қабылдайды және өз ойының өзегіне
айналдырады. Халықта: «Ізденген жетер мұратқа», – деген де
бар. Абайдың талаптану, талап қылу, іздену туралы ойларының
желісінде халық даналығынан туған осы қағиданың да сарыны
бар. Бұл жерде «нұр», «мұрат» ұғымдары адамның өмірі үшін
маңызды игіліктермен тікелей байланысты түсініктерді білдіре-
ді. Адам баласы өзі мен өзгелер үшін игілікті іс істесе, сол ісінің
басы талаптан, талап қылып ізденуден басталады. Кісінің көңі-
лінде әлдебір игілікті іс істеуге талабы болмаса, ешқандай игі-
лікті іс істелмейді. Сондықтан Абай: «Адам баласының ең жама-
ны – талапсыз» [2, 223], – деген қағида ұсынады. Талап – барлық
игі істің негізі. Барлық игі іске адамды білім, ғылым жеткізеді.
Адам боламын деген жастың адам болу жолына түспекке, білім,
ғылым табуға талабы болу керек. Талап нақты іске бастауы ке-
рек. Ол істің нәтижесі ізгі, игілікті болуы керек. Талаптылық,
әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық бозбала үшін аса керекті қа-
сиеттердің қатарына жатады [1, 59].
Талаптылық, тілемек, қаламақ ұғымдары өзара тектес. Бұ-
лар Жаратқанның қасиетті сипаттарының бірі Ирадамен (қалау,
қаламақ) сәйкес келеді.
Абай:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге, –
дейді. Ақын өлеңінің осы екі тармағында көрініс тапқан үш қа-
ғиданың үшеуінің де өмірлік маңызы үлкен: а) пайда ойлама; ә)
ар ойла; б) талап қыл артық білуге. Алдыңғы екі қағиданы қа-
былдау, түсіну үшінші қағиданы іс жүзіне асыру арқылы мүмкін
болады.
Пайда ойлау, мақтан, әрнәрсеге әуесқой болу – ақын бұлар-
дың нәпсімен сабақтас, игілігі жоқ, баянсыз іс екенін ескертеді,
8
«шайтан ісі» ретінде бағалайды. Артық білуге талап қылмайын-
ша, артық білмейінше мұның мәнісін ұғуға жол жоқ. Одан ары
қарай ақын:
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге, –
деп, артық білімнің көзіне бағыт сілтейді. Артық ғылымды
ақын білімдіден шыққан сөзбен шендестіреді:
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
Білімнің, білімдіден шыққан сөздің талаптыға кез болуы,
талаптының көкірегінде білімдіден шыққан сөздің нұрын, сы-
рын көрерлік көздің болуы – білімнің талаптының көкейіне қо-
нуына қажетті басты шарт. Кісінің «бойында қайрат», «ойында
көз» болмаған жағдайда, оған сөз айту артық.
Абайдың білім, ғылым туралы концептуалдық ойлары білім
алушының ішкі қалпына қатысты қағидалармен ұштасады. Бі-
лім алушының ішкі қалпына қатысты қағидалардың мәні «Сөз-
ді ұғар көкірегі болса көзді», «жүрек көзі», «көңіл көзі», «ой көзі»
сияқты метафоралық қолданыстағы сөздердің тура мағынасы
мен астарлы мағынасы арасындағы қатынастан ашылады. Ха-
лықтың дәстүрлі дүниетанымында да осындай ұғым бар. Ақын-
ның: «жүрегі – айна», «жүректе айна жоқ болса», «сәулең болса
кеудеңде», «ақылға сәуле қонбаса» сияқты сөздерінде де осын-
дай мән бар.
Абайдың «Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелт-
пек» [1, 282], «көкіректе сәуле жоқ» [2, 139], «сәулесі бар жі-
гіттер» [1, 64], «сәулең болса кеудеңде» [1, 124], «көңлінің көзі
ашық» [1, 126], «жүректің көзі ашылса» [1, 165], «көкірегінде
оты бар» [1, 152] және басқа осылар секілді сөздерінің мағынасы
ақылға қатысты ашылады. Ақынның «ақылға сәуле қонбаса»,
«жүректің көзі», «көңіл көзі» деп отырғаны білімнің сәулесі, бі-
лімнің көзі дегенге келіп саяды. Білімнің сәулесі, білімнің көзі
9
туралы ойлардың негізі тереңде. Білім нұры түспеген адамның
көкірегінде сәуле болмайды [Құран 24:40]. Олай болғанда, адам-
ның бойында «ақылға түскен сәуледен», нұрдан ардақты ешнәр-
се жоқ. Егерде ақыл бетін ашып, жүзін көрсететін болса, онда
оның жарығының қасында, Румидің айтуынша, күндіз қараңғы
түндей болып көрінер еді. Ал егерде надандық бетін ашып, кей-
пін көрсетер болса, онда оның қараңғылығының қасында көз-
ге түртсе көргісіз түн-түнектің өзі жап-жарық болып көрінер
еді [9, 2181]. Cәулелі ақылдың, сәулелі көкіректің қасиетін Абай
да осындай мағынада бағалайды. Абай айтып отырған «сәуле»,
«жүрек көзі», «көңіл көзі» – білім. Білім дүниенің шындығын
тануға, дүниедегі ғажайыптардың жүзін көріп, сырын білуге,
«Алланың хикметін сезуге» жеткізеді. Көкіректе сәуле жоқ бол-
са, көңілде сенім де болмайды.
Абай алдындағы «бойы бұлғаң, сөзі жылмаң» адамның на-
дандығына «ем таба алмай», «кеудесі қайғыға толғанда», «бетін
басып, қатты сасады», «жалма-жан тұра қашады» [1:148; 193].
Рухани әлемі бай, адамгершілік болмысы толық, ақылы кемел
адамның «ақылына сәуле түспеген» наданнан осылай безінбес-
ке лажы жоқ. Білім-ғылымның жоқтығы адамды, бір жағынан,
талапсыздыққа, жігерсіздікке, ұятсыздыққа, кедейлікке ұшы-
ратса, екінші жағынан, жыртқыш хайуан қисабына қосылмаққа
ұрындырады. Білім алуға талпынған, талап қылған жасқа ақын
осындай өмірлік маңызы зор ойлар ұсынды.
Абайдың наданнан түңілуі, оның істеген ісін көргенде, «бетті
басуы», «қатты сасуы», «жалма-жан тұра қашуы» айтуға жеңіл
болғанмен, түскен жеріне ауыр. Өйткені ақын қайда қашса да, на-
даннан құтыла алмады: қайда барса да, алдынан надан шықты,
қайда қараса да, көргені надан болды... Адам бойындағы мұндай
қалыптың себебін ақын жан мен тәннің құмары, жан мен тәннің
арақатынасы, ақыл, білім нұры туралы ойларында ашады.
Абай білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға талап-
тың өзінің біраз шарттарын білуді міндет етіп қояды. Адам бол-
мақты қалаған жастар үшін олардың сол қалаған ісіне жетуге
талпынып іс қылуы, білім табуға талаптануы және оның жолда-
ры мен түрлерін білуі басты қажеттілік деп көрсетеді. Ақын өз
заманы шегінде білмекке талаптанушының әрекеттері аясында
10
талаптың бірнеше түрін пайымдайды және соған қарай талапта-
наушылар да әртүрлі болатынына назар аударады. Біреу мал та-
буға талаптанады. Екінші біреу қажы атануды ниет етеді. Үшін-
ші біреу батыр атанбақ. Қу, сұм атануға талап қылатындар да
болады [2, 224]. Талап қылушылардың бір парасы жамандық пен
жақсылықты айыра алмайды, енді біреулерінің «арын сатып, ант
ұрып іздегені бір семіз ат, аяғы бір табақ ас» болады. «Еңбегі
жоқ, еппенен мал табам деп, сендіре алмай, сене алмай, сенде-
летін» [1, 203] талапкерлер де осы топтан шығады. Бұған қара-
ғанда, талап өзі талпынған нәрсенің, істің ізгілігіне байланысты
ғана игі болады. Абай адам болмақ мақсатпен білім алуға талап
қылған жастар талаптың, талаптанудың шарттарын білуге тиіс
деп есептейді және ол шарттарды топтап көрсетіп, әрқайсысына
тісті сипаттама береді.
Білім алуға талап қылу үшін, әуелі көңілдің тыныштығын
[2, 207] cақтау шарт. Көңілге талап салатын – осы тыныштық.
Көңілдің тыныштығы бұзылған жағдайда, кісі бір маңызды,
игі нәрсеге талап қылып, белін бекем буа алмайды. Көңілдің
тыныштығына жету үшін кісі мынадай істерден аулақ болу қа-
жет: а) адамның адамдығын бұзатын жамандықтан; ә) өзін-өзі
өзгешелікпен артық көрсетпектен; б) біреуге қастық қылмақтан;
в) біреуді қор тұтпақтан; г) біреуді кемітпектен. Аталған істердің
адамшылыққа жат болатын себептері, белгілері де анықталады:
өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гү-
лін бұзады; біреуге қастық қылмақ, біреуді қор тұтпақ, біреуді
кемітпек дұшпандық шақырады [2, 207].
Бұлардың әрқайсысының құрамдас бөліктері болады. Мы-
салы, адамның өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпегінің бір
түрін ақын мақтаншылық деп көрсетеді және мақтаншылықтың
бернеше түріне сипаттама береді [2, 156-157]. Ақын адамның
адамдығын бұзатын, күллі адам баласын қор қылатын жаман-
дықтарды жинақтап, үш түрге бөледі: а) надандық; еріншектік;
залымдық [2, 207].
«Надандық – білім-ғылымның жоқтығы... Білімсіздік
хайуандық болады.
Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыз-
дық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.
11
Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына
дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына
қосылады» [2, 207].
Талапты жас осы істерден қашық болса, оның көңілі де ты-
ныштық табады, орнында болады. Көңілі алаң болған, көңілінің
тыныштығы бұзылған, көңілі орнында болмаған адам алдындағы
асын да жайланып отырып іше алмайды. Көңілдің тыныш болуы,
орнында болуы адамды игі, ізгі істер жасауға талпындырады.
Адам білмек мақсатпен талпынып, талап қылып, көзбенен
Достарыңызбен бөлісу: |