Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет8/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

ТАЛАП → ҚАБЫЛДАУ → БІЛУ→ 
ТҮСІНУ → ЕСТЕ САҚТАУ → ҚОЛДАНУ.
Абайдың таксономиясы құрамдастарының иерархиясын 
ықшамдау қажеттігі туралы ой тууы мүмкін. Мысалы, Блум 


21
таксономиясы бойынша жұмыс жасап дағдыланып қалған ма-
мандарға Абай таксономиясы иерархиясынан үш үдеріс жеткі-
лікті болып көрінуі ғажап емес: білу → түсіну → қолдану. Олай 
болғанда, қалған үдерістер ойда тұрады дегенмен, мұндай ық-
шамдау Абай таксономиясының иерархиялық жүйесінің қалған 
құрамдастарының бірте-бірте ойдан да шығып қалуына, сөйтіп 
Абай таксономиясының толық жүйесінің бірте-бірте ұмыт бо-
луына алып келетін болады. Бұған жол беруге болмайды. Өйт-
кені Абай таксономиясы – білім беру ісіндегі, білім беруді мем-
лекеттік басқарудағы, ұлттық білім беру тарихы мен теориясын-
дағы баға жетпес құндылық. 
Қазіргі ғылыми танымда оқу мақсаттарының иерархиялық 
жүйесін Блумның таксономиясы бойынша мына үлгіде өрнектеу 
бар дедік: білу → түсіну → қолдану → талдау → жинақтау → 
бағалау. Қазақстанның білім беру ісінде осы таксономия ресми 
түрде кеңінен қолданысқа енгізілді. Мұның Абайдың таксоно-
миясынан артықшылығы жоқ, кемістігі бар. 
Абайдың жүйесі өзіне тән ерекшеліктермен, құрамдаста-
рының сатылы деңгейде сабақтасқан иерархиялық сипатымен 
ерекшеленетін болса, Блум таксономиясының құрамдастары құ-
рылымынан ондай қатынас табылмайды. Вертикалдық, сатылы, 
иерархиялық қатынастағы құбылыстарды жүйелеудің теориясы 
мен методологиясы Блум таксономиясының қалыптасқан та-
лаптарға қайшылығын көрсетеді. Олай болатын себебі мынада:
білу → түсіну → қолдану және талдау → жинақтау → баға-
лау өзара сатылы деңгейде сабақтасқан иерархиялық жүйе құ-
рамдастары емес. Талдау → жинақтау → бағалау Абай негіз-
деген иерархиялық жүйенің әр құрамдасында және тұтас жүйеде 
азды-көпті бірдей жүзеге асатын ойлау әрекеттері. Мысалы, тал-
дау Абайдың иерархиялық жүйесіндегі танымдық әрекеттердің 
әрқайсысында және бәрінде жүзеге асады. Талдаусыз, талдау эле-
менттерінсіз талап та, қабылдау да, білу де, түсіну де, есте сақ-
тау, қолдану да болмайды. Жинақтау, бағалау жайы да осындай. 
С.Л. Рубинштейн талдау мен жинақтауды ойлау әрекет-
терінің деңгейлеріне емес, ойлау операцияларының түрлері қа-
тарына жатқызады [12, 377-378]. Талдау мен жинақтау, бағалау 
танымдық ойлау операцияларының түрлері қатарына жататыны 


22
туралы пікірдің теориялық, методологиялық негізі берік. Білу, 
түсіну, есте сақтау – иерархиялық жүйедегі үдерістер. Бұл үде-
рістер талдау, жинақтау, бағалау сияқты ойлау операциялары
ойлау құралдары арқылы жүзеге асады. Талдау, жинақтау, ба-
ғалау сияқты ойлау операциялары болмаған жағдайда білу, тү-
сіну, есте сақтау сияқты иерархиялық жүйе құрамдастарының 
ешқайсысына қол жетпейді. Осы тұрғыдан мынадай тұжырым 
жасауға болады: талдау, жинақтау, бағалау – танымдық ойлау 
үдерістері иерархиясының құрамдастары бола алмайды. Талдау, 
жинақтау, бағалау – танымдық ойлау әрекеттерінің түрлері. 
Олар – Абайдың иерархиялық жүйесіндегі танымдық ойлау дең-
гейлерінің үдерісін жүзеге асырудың амалдары мен құралдары, 
тетіктері қызметін атқаратын ойлау әрекеттері.
Абай өз жүйесінде сипатталған кейбір қосалқы ұғымдардың 
өзін саралап көрсетеді. Мысалы, кісінің білімі мен ғылымын кө-
бейтуінің екі құралының бірі білгенді ұмытпастық десе, осы құ-
ралдың қуатын зорайтудың мынадай шарттарын қоса көрсетеді: 
а) көкірегі байлаулы берік болмақ; ә) белгілі бір нәрсені естіген-
де немесе көргенде ғибратлану, көңілденіп, тұщынып, ынтамен 
ұғу; б) ұққанын іштей бірнеше қайтара ішінен ойланып, көңілге 
бекіту; в) ой кеселді нәрселерден қашық болу [2, 173-174]. Сипат-
талған осы әрекеттер білім алушының білу үдерісіндегі ішкі кү-
йіне, психологиялық қалпына қойылатын талаптарды білдіреді.
Ынта ұғымы талап ұғымымен тектес. Талап, ынта тірші-
лікте өзара шектес, мәндес айтыла береді. Абайдың білім кон-
цепциясында олай емес. Абайдың білім концепциясында білім 
алуға талап қылу, талаптану өз алдына бөлек ұғымды білдіреді. 
Ал белгілі бір нәрсені естігенде немесе көргенде ғибратлану, кө-
ңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу дегендегі ынта – белгілі бір 
процестің нәтижелі орындалуына қажетті амал. Ұғу білгенді 
ұмытпастықтың, есте сақтаудың алғышарты болғанда, ынта 
соның сипатын білдіреді. Ынтасыз ұғу, ынтасыз білім, ғылым, 
өнер үйрену жоқ [1, 203]. 
«Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап» [1, 91], – дейді ақын. 
Құлақпен естіген, көзбен көрген жайдың мәнісін ынтамен ұғу-
дың маңызы үлкен. Ынтасыз, ықылассыз тыңдаған ақыл сөзі бір 
құлақтын кіріп, екінші құлақтан шыққанмен бірдей. 


23
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз жол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл
Өзгесі хаққа қол емес [1, 268], –
дегенде Абай ынта ұғымына қатысты өз ұстанымын жаңа бір 
қырынан аңғартады. 
Ақылмен ойлап білген сөз, 
Бойыңа жұқпас, сырғанар. 
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар [1, 278], –
дегенде де ынта ұғымының аясы нақтылана түседі. Бұл жерде 
де ынта танымдық үдерістерді қамтамасыз етуші тетік (амал, 
құрал) ретінде қолданылған. 
Абайдың білім концепциясында танымдық ойлау әрекет-
тері – өз алдына бірбүтін күрделі құбылыс. Бұл құбылыстың 
құрамдастарын анықтау, ол құрамдастардың арасындағы қаты-
настар, байланыстар заңдылығын саралау, танымдық ойлау әре-
кеттерінің иерархиялық жүйесін түзу, оның логикалық моделін 
жасау – аса маңызды міндет. Зерттеу барысында бұл міндеттер 
ойдағыдай орындалды.
Абайдың білім концепциясы жүйесіндегі білім алушының 
танымдық ойлау әрекеттерінің иерархиялық жүйесі, оның тари-
хи, ғылыми мәні айрықша маңызды. ХІХ ғасырда негізделген 
осы иерархиялық жүйеге ХХІ ғасырға дейін мән бермей, мәнісі-
не үңілмей өткеніміз өкінішті. 
Абайдың білім концепциясында әр қырынан негізделген
 та-
нымдық әрекеттердің иерархиялық жүйесін бұзбай, өзгертпей 
қабылдап, білім беру, оқу үдерісіне енгізудің үлкен әлеуметтік 
маңызы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет